Жаратылыстану-математика факультеті деканы


ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет13/16
Дата05.12.2016
өлшемі1,14 Mb.
#3217
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1 практикалық сабақ



Тақырып: Өлкетану бойынша әдебиет библиографиясын құру.

Мақсаты:Әдебиеттер библиографиясын құру және жасай білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1-тапсырма: Өлкетану бойынша әдебиет библиографиясын картотека негізінде құр.


Әдістемелік нұсқау:

Библиографияны құру үшін карточка қажет. Оның алғашқы бетіне автор, кітап атауы, баспа, басылған жылы, беттер саны жазылады. Карточканың артқы жағына кітаптың қысқаша аннотациясы жазылады.

Библиография және аннотация сөздерімен терминдік жұмыс жасау.

Әдебиет:


1.К.Ф.Строев Краеведение Москва 1974. 126 бет

2.М.А.Никонова Практикум по географическому краеведению. М.,1985


2 практикалық сабақ

Тақырып:Өлкетану үйірмелерін ұйымдастыру.

Мақсаты:Мектепте өлкетану үйірмелерін ұйымдастыру және жұмыс жасай білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны:


1.Геологиялық үйірме жұмысымен танысып, далалық геологиялық зерттеу әдістерімен танысу.

2.Жергілікті жердің пайдалы қазба байлықтарын анықтау.



Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша: оқулықты пайдаланып жер қыртысының даму тарихы архей, протерозой, палеозой, мезазой, кайназой эраларына кесте түрінде және далалық геологиялық зерттеу түрлеріне сипаттама беріледі.

2-тапсырма бойынша: жергілікті жердің пайдалы қазбаларының (мұнай-газ, жанғыш тақта тас, агроминералды ресурстар, құрлыс шикізаттары: кірпіш, керамзит, гравий, құм, әктас, цемент) таралу территориясына және қорына қысқаша сипаттама беріледі.

Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 15-14 б.
3 практикалық сабақ

Тақырып:Геоморфологиялық үйірме жұмысы.

Мақсаты:Геоморфологиялық үйірме жұмысында жергілікті жер рельеф формаларын анықтауға үйрету.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Рельеф формаларымен танысып. Олардың қалыптасуын түсіну.


2.Жергілікті жерде рельеф формаларына далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырмабойынша: Рельеф формаларымен танысып, қысқаша сипаттама беріп және терминдік жұмыс (абразия, эрозия, мұздық әрекеті, аккумуляция, тоң, карст, эол, деллювий) жасалады.

2- тапсырма бойынша: жергілікті жерде геоморфологиялық рельеф формаларына далалық зерттеу жұмыстарына сипаттама беріледі.

Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 15-14 б.
4 практикалық сабақ

Тақырып:Климатология үйірмесі.

Мақсаты:Мектепте ауа-райын бақылау жүргізу үшін метеорологиялық станцияны жабдықтау және жұмыс істей білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1.Метеорологиялық бақылау жүргізу жұмысымен танысу.


2.Метеорологиялық зерттеу жүргізу құралдарымен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша: метеорологиялық алаң құрлысының суретін дәптерге салу, метеорологиялық бақылау жұмысымен танысып сипаттама беріледі, метеорологиялық бақылау журналының үлгісі сызылады.

2-тапсырма бойынша: дәптерге метеорологиялық зерттеу жүргізетін құралдардың суреті салынады.

Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 29-58 б.
5 практикалық сабақ

Тақырып:Гидрологиялық үйірме жұмысымен танысу.

Мақсаты:жергілікті жердің беткі және жерасты суларына гидрологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны


1.Жергілікті жер беткі суларын далалық зерттеу әдістерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша:жергілікті жердің беткі суларының таралуына және оларды зерттеу әдістерінің түрлерімен жұмыс істеу білуге қысқаша сипаттама беріледі.


Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 59-81 б.
6 практикалық сабақ

Тақырып:Топырақтану үйірмесі жұмысымен танысу.

Мақсаты:жергілікті жердің топырақ типін анықтауға және топырақ картасын пайдалана білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1.Карта арқылы жергілікті жер топырағын анықтау және далалық зерттеу әдістерімен танысу.


Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша:жергілікті жерде топырақ монолитін алу және монолит жәшігін дайындай білу, топырақ горизонтын анықтау, топырақ құрлымының классификациялық кестесін сызу, химиялық анализ жасай білуге сипаттама жазылады.


Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 82-96 б.

7 практикалық сабақ



Тақырып:Геоботаника үйірме жұмысымен танысу.

Мақсаты:жергілікті жерде табиғи және мәдени дақылдарды зерттей білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1.Жергілікті жер өсімдік типімен танысып, гербарий дайындау әдісімен танысу.


2.Өсімдіктердің түрін анықтап, оларды картада бейнелеу әдісімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша: өсімдік түрлерімен танысып,гербарий жасау әдісіне және өсімдіктер кептіруге арналған папканы жасау әдісіне сипаттама гербарий этикеткасын жасау үлгісі беріледі.

2-тапсырма бойынша: өсімдіктерді белгілеудің шартты белгілерімен танысып, оларды картада бейнелеу әдісіне сипаттама беріледі.

Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 97-104 б.
8 практикалық сабақ

Тақырып:Зоогеографиялық үйірме жұмысымен танысу.

Мақсаты:Жергілікті жерде таралған жануарлар дүниесімен танысу

Практикалық сабақ мазмұны

1.Жергілікті жер жануарлар дүниесімен танысып, оларды далалық жағдайда ұстау тәсілдерімен танысу.


Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша: жергілікті жерді мекендеуші жануарлар түрлерімен әдебиеттер бойынша танысып, оларды зерттеуде далада ұстау тәсілдерімен қажетті құрал жабдықтарға сипаттама беріледі.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет