Жаратылыстану-математика факультеті деканы



бет9/16
Дата05.12.2016
өлшемі1,14 Mb.
#3217
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Дәрістің мазмұны


1.Туристік жорықтарды өткізу ережелері.

2.Жорыққа шығарушы ұйымдардың құқықтарымен міндеттері.



Мақсаты: Жорықты өткізу ережелерімен танысу

Тірек сөздер:құжат, ереже

Негізгі сұрақтар:Туристік құжаттарды толтырудың маңыздылығы неде?

1. Туристік экскурсиялық жұмыстың басты негізі құжат. Ол осы шараны өткізуші ұйымдармен жасақталып, директор немесе жетекшімен беркітіледі. Құжатта туристік экскурсиялық шараның мақсаты мен міндеті, өтілетін уақыты мен орны, шараға жауапты басшы орган, шараға қатысушылар, олардың саны, іс-шара бағдарламасы мен мазмұны, ақшамен қамтамасыз ету, талап беру, құжаттардың уақыты, ерекше жағдай енгізіледі. Туристік экскурсиялық шара құжаты 3-4 ай бұрын жетекші мамандармен талқыланып жасалады.

2.Туристік экускурсиялық жорыққа шығарушы жетекшінің міндеттері:

1.Әрбір туристік, экскурсиялық, экспедициялық топтарда топ жетекшісі болуы керек.

2.Топ жетекшісінің жасы 18 жастан кем болмауы шарт.

3.Топ жетекшісінің көмекшісі ретінде оқушыларды қосуға болады.

4.Топ жетекшісі инструктор міндетін білу керек.

5.Топ жетекшісі және ұйым басшысы балалардың денсаулығына, өміріне, қауіпсіздік ережесіне жауапты.

6.Топ жетекшісі жан-жақты дайындықты ұйымдастырып, олармен оқушыларды таныстыруытиіс.

7.Топ жетекшісі оқушыларды медициналық тексерістен өтілуін қадалағалау керек.

8.Топ жетекшісі маршруттық құжаттарға толық жауапты.

9.Топ жетекшісі финанстық, материалдық, т.б. есеп беру керек.

10. Жорықтарда жалпыға бірдей тәртіп ережелерін қадағалау керек.

11. Жорықтарда санитарлы-эпидемиологиялық ережелердің сақталауын қатаң бақылап отыруы тиіс.


8 дәріс

Тақырып:Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері.

Дәрістің мазмұны


1.Қазақстан Республикасының географиялық ерекшеліктері.

2.Қазақстанның туризмді дамытуға ең қолайлы аудандарына физикалық – географиялық сипаттама.



Мақсаты: Қазақстанның туристік аймақатарына шолу

Тірек сөздер:өте қолайлы, қолайлы, шектеулі қолайлы, қолайсыз.

Негізгі сұрақтар:Қазақстандағы туризмнің ең жақсы дамығын аймағы қандай?

1.Қазақстанның географиялық орналасуы оның климаттық ерекшеліктерімен белгіленеді. Қазақстан рельефі жергілікті тұрғындардың шаруашылығына көп әсерін тигізеді. Оңтүстік және Шығыс қазақстанның таулы аудандары – халықтың дем алу орны үшін тамаша жерлер. Бұл жерлерде шаңғы туризмі көптеп дамуда. Көрші республикалармен шекараларының ортақтығы солтүстікте Ресеймен (Сібір, Орал, Еділ жағалауы), оңтүстік-батыста – Түркімениямен, оңтүстікте - Өзбекстанмен және Қырғызстанмен болуы – біріккен туристік маршруттар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Республиканың климаттық жағдайы қысқы демалыс, туризм, және спортты дамытуға жол береді. Орташа таулы аймақ жағдайы бұл үшін өте пайдалы. Ауа райының инверсиясы жазықтарға қарағанда тау баурайларында жылымық болғанда байқалады, бұл демалыс пен спорттың қысқы түрлерін дамытуға және климотерапия жүргізуге мүмкіндік береді.

Туризмнің табысты дамуына ормандардың маңызы зор. Орман демалыс үшін ерекше, тыныштандыруға қажетті жағдай тудырады. Ол үзіліс орындарында шу деңгейін төмендетеді, желді әлсіретеді, ауаның тазалығын қамтамасыз етеді, сондықтан курорттар мен демалыс зоналары көбіне жиі ормандар тұрған жерде, немесе оның отырғызылған жерлерінде, парктер мен бақшалар, жасыл желекті жерлерде орналасады. Республикадағы негізгі орман массивтері Солтүстік Қазақстанның орманды-далалы және Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның аудандарында орналасқан. Бірінші жағдайда олар қайыңды-көктеректі тоғайлар және қарағайлы ормандар болып, екіншіден - қылқанды, аралас және жалпақжапырақты тау баурайындағы ормандар болып көрсетіледі. Өкінішке орай, бұл байлықтар туристік базалар құруға өте нашар пайдаланылады.

Сырдария мен Іленің сағаларында сексеуіл ландшафттары өзіне тән. Іле алқаптарындағы әндетуші құмдар, Шарын өзенінің әдемі баурайлары мен ескіден қалған шетенді ормандары бар жарқабақты ірі каньоны қызғылықты.

Қазақстандағы өлі табиғаттың маңызды ландшафттық ескерткіштері – экзотикалық жартас Көкшетаудағы Оқжетпес, Жұмбақтас, Түйе, Баянауыл тауларындағы Тасты бас, Мыстан кемпір, Іле өзені алқабында атақты Әндетуші бархан, Ертіс өзеніндегі Қаз ұшуы үшінші фаунасының жерленулері, Торғай өзені алқабындағы қазылып алынған флора мен фауна, Каспийлік ойпат жерлердегі ағымсыз шұңқырлар, Маңғыстау түбегіндегі бөлек карстық үңгірлер, Үстірт жамалуларының бөліктері және т.б.

Табиғат аймақтарының, Қазақстан аумағында үзілістік қызметтің мүмкін болар түрлерін, географиялық мінездемелерін зерттеу нәтижесінде туризмнің дамуының түрлі деңгейдегі қолайлы бөлек аудандарын бөліп алуға болады: өте қолайлы, қолайлы, шектеулі қолайлы, аз қолайлы және қолайсыз.

Өте қолайлыға жалғасулы жылы жазды, суы мол беттер (теңіздер, көлдер немесе ірі өзендер), таулы көркемсуретті рельефтердің орманды массивтермен санаса орналасқан жерлері, көлікпен қамтылған, жақсы инженерлік орналастырылулармен қамтылған экскурсиялық көрініс объектілер саны жатады.

Осының бәрі мұнда түрлі туристік қызмет көрсетуін ұйымдастыруға жол ашады.



Қолайлы аймақтарға жоғары бағаланатын негізгі табиғи факторлары, бірақ кей-кейде ондай факторлармен жеткілікті қамтылмаған (мысалы: орман немесе су кеңістігі)аудандар да жатады. Мұндай аудандарда туризмнің бір ғана түрі, сондағы бар ресурстарға сәйкес, мүмкін болуы ықтимал.

Шектеулі қолайлы аудандар – бұлар, негізгі екі фактор төмен бағаланатын немесе мүлде жоқ (орман, көл, таулар, өзен, теңіз немесе кез-келген үйлесімді көрсету объектілері). Мұндай аудандарда туризмнің бір ғана түрі, негізінен спорттық-сауықтыру мінезіндегі ұйымдастырылуы мүмкін.

Аз қолайлы аймақтарда иә жоқ, болмаса факторлардың көпшілігінің дамуы шектеулі болады. Мұнда спорттық туризмнің спецификалыық түрі ұйымдастырылуы мүмкін.

Қолайсыз аймақтарға туризмнің дамуына қолайлы негізгі факторлары жоқ аудандар кіреді. Бірақ сонымен қатар мұндай аймақтардың бөлек жерлерінде ғылыми зерттеулер, мысалы, жергілікті жағдайдың адамның физиологиялық мүмкіндіктеріне әсер етуін зерттеу мақсатында жүргізілуі мүмкін.

2.Туризмнің дамуы үшін негізгі қолайлы аудандар Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан. Мұнда республиканің өте ірі су қоймалары (Каспий теңізін есептемегенде) – Арал теңізі, Балқаш көлі, Алакөл, Қапшағай және Шардара су қоймалары орналасқан. Судың температурасы оларда 3 -5 ай бойы шомылу үшін және су туризмін ұйымдастыруға жарамды. Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында табиған әртүрлі де ғажап, мұнда үзілмес дерлік шынжырдай болып Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жалғасып жатыр. Қазақстанның таулы аудандары үлкен сұлулығымен және жануар, өсімдік әлемімен ерекшеленеді.



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН. Бұған Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында орналасқан Ақтөбе, Атырау және Орал облыстары қосылады.

Туристердің назарын аударатын Жалпы Сырт үстірті, Ешкі тауы(259 м), мұнда көктерек сирек ормандары, Орал облысының аттас өзені сағасында орналасқан Шежін және Дюрин құймалары шегіндегі суарма шабындықтары жалпақ тегістіктер бар. Каспий ойпатының солтүстік бөлігіндегі Қамыс-Самар көлінің дөңесті құмдары мен ойпаттары алмасып отырған құймалары тамаша.

Туристердің ерекше қызығушылығын, әрине Жайық өзені шақырады. Ұзындығы (2428 км) – бұл Европадағы Еділ мен Дунайдан кейінгі үшінші өзен. Мықты су артериясы солтүстіктен оңтүстікке Каспий ойпатын кесіп өтеді және Европа мен Азияның географиялық шекарасы болып табылады. Ал, енді өзеннің батыстан оңтүстікке бұрылар тұсында Қазақстанның ең көне қалаларының бірі даңқты азаттық және революциялық дәстүрлердің қаласы– Орал орналасқан. Ол 1773 жылдың күзін есінде сақтайды, ол кезде оның өңірінде Емельян Пугачев бастаған казак кедейлерінің көтерілісі басталған болатын. Пугачевшілер қатарында орыстармен қатар татарлар, башқұрттар, қазақтар, қалмақтар ұрысқа қатысты. Пугачев көтерілісі жаншылғаннеан соң 1775 жылы Екатерина ІІ нің жарлығымен «болған оқиғаны ұмыттыру үшін» Жайық өзені Орал деп аталып, ал Жайық қалашығы – Орал деп аталды. Қалада Е.Пугачевтің келуіне байланысты көптеген естеліктер сақталған.

Кейін, ХҮІІІ ғасырдың 80-90 жылдарында, қала қазақтардың феодалдық езгіге қарсы күресіне құлақ түрді. Орал қаласының көшелерінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары байлар мен патша шенеуніктеріне қарсы қажымайтын күрес жүрді. Тағы бір аңызға айналған есім бұл жерлермен тығыз байланысты. 1919 жылы Орал В.И.Чапаев бастаған Қызыл Армияның әскерлерімен ақгвардияшылдардан азат етілді. В.И.Чапаевтың өмірі мен қызметімен байланысты нәрселердің барлығы облысқа келуші туристердің қызығушылығын тудырады.

Фрунзенің басшылығымен болған 1919 жылы Орал қаласын қаһарманмандықпен қорғау және оған қатысқан 25-ші Чапаев дивизиясы, азамат соғысының тарихына ең бір аңызға айналған оқиға болып кірді. Оралмен көптеген сөз шеберлерінің тағдыры байланысты. Мұнда Е.Пугачев бастаған Шаруалар соғысы тарихы туралы материалдар жинауға А.С. Пушкин (1833ж.) және В.Г. Короленко (1900 ж.)келді. Олардың жинаған материалдары А.С.Пушкиннің «Пугачев тарихы», «Капитан қызы» В.Г.Короленконың «Қашқын патша», «Казактарда», «Пугачевтің аңыздар өлкесінде» кітаптарының негізіне кірді. Қалада жолшыбай Т.Г.Шевченко, В.А.Жуковский, М.Л.Михайлов, Л.Н.Толстой болды. « Ақылды сөздіктің» авторы В.И. Даль Оралда қызмет бабымен болғанда, бір уақытта зерттеулер жүргізе отырып өз шығармасына материалдар жинады. Бұл қалада ақын-демократ болып Ғабдолла Тоқай құрылды, осында өзінің алғашқы өлеңдерін жазды. А.Н.Толстой мен Л.Сейфуллина Жайықтан қайықпен саяхаттап жүріп отырып Орал қаласында болды.

Қазіргі Оралдың бас магистралі – Достық даңғылы, бұрынғы Михайлов көшесі өз кезінде талайды көрген көше. Түрлі замандарда мұнда тұрып өмір сүрген немесе осында тоқтағандар И.А.Крылов, В.А.Жуковский, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, А.Н.Плещеев, В.И.Даль, В.Г.Короленко, В.И.Чапаев, Д.А.Фурманов, М.В.Фрунзе, А.Н.Толстой. Осы даңғылда, Орал казак армиясының құрылғанына 300 жылдығының құрметіне тұрғызылған 1891 жылы тұрғызылған бұрынғы Христос-құтқарушы сарайында, қазірде облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан, экспонаттар қаланың жарқын өткен шақтары мен қазіргісіне куә болады.

Бір кездегі кішкентай қалашық үш жарым ғасыр ішінде ірі шаруашылық және мәдениет орталығына айналды. Қазір Орал облысында 190 мың адам тұрады. Мұнда республиканың басқа да облыстарына шығарылатын көптеген жеңіл, тамақтық, химикалық өнеркәсіп орындары бар.

Революцияға дейін Атырау облысы патшалық Ресейдің артта қалған шеткері елі болды, оның халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Өнеркәсіп тұз өндірумен белгілі. Жем мұнай кәсібінде шетелдік капиталистер қожайындық құрды. Қазір Атырау облысында мұнай табушы, мұнай өндіруші, химиялық, тамақтық, балық, машина құрушы өнеркәсіп бар. Облыстың өнімі әлемнің көптеген елдеріне шығарылады.

Атырау облысының орталығы –Атырау қаласы – Жайықтың Каспий теңізіне құяр тұсынан алыс емес жерде орналасқан. Қаланың негізін 1615 жылы, тапқыр адам – Михаил Гурьев құрды, ол патша Михаил Федоровичтен Жайық сағасынаан бекіре балығын аулау монополиялық құқығын сұрап алды, ол үшін шабуылдардан қорғану үшін қамал-қала тұрғызуға, және патша үстеліне қызыл балық пен уылдырық беріп тұруға міндеттенді. 1688 жылы аз уақыт Атырауды (Гурьевті) Степан Разин билеп тұрды.

Атырау - Каспий теңізіндегі порт, Жайықтың өзендік пристаны және Атырау – Қандыағаш – Ор – және Атырау – Астрахань темір жолының басты пункті. Қаланың теңізбен қатынасы теңіз каналы бойынша өтеді. Атыраудан теңізге қала орталығынан катермен немесе теплоходпен шығуға болады. Атырауда қазақ халық күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтің бейіті бар (1806 - 1879), қаладан солтүстікке 50 км жерде көне Сарайшық орналасқан (ХҮІ-ХҮІІ ғғ.), оған жақын Европа мен Азияның жолдары қосылады.



Маңғыстау – қазіргі кезге дейін ежелгінің қайталанбас ескерткіштерін сақтап қалған ең көне жер: некропольдер, керуен-сарайлар, құдықтар, мавзолейлер бар. Мұнда ақшаңқан қала Ақтау (Шевченко) пайда болды да бүкіл әлемге ат шықты: ол қолайсыз табиғат жағдайларын үздік қолдануы үшін Патрик Аберромби атындағы ЮНЕСКО-ның Алтын медалін алды.

Қала бір кезде осы жерлерде әскерде болған украин кобзарінің атымен аталды.

Кварталдары Каспий теңізінің жағалауына орналаспас бұрын, олар ленинградтық сәулетшілердің шеберханаларында сызбалар мен макеттерден туындады. Қалада бәрі жергілікті тастардан тұрғызылған – саңылаулы, мықты және әдемі ұлутастар. Ақтау (Шевченко) қаласының батыл жобасын құрып әрііске асырғаны үшін сәулетшілер мен құрылысшылар КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығын алды.

Форт-Шевченко қаласында (бұрынғы Новопетровская қамалы) Шевченко жүрген жерлер көп. Олар біріншіден атап айтсақ, ұлы украин ақыны отырғызған бақ, талдан өсірген қызыл тал ағашы, өзі отырып жазуларын жазған ұлутастан жасалған үстел, әскерлік бағыныштылығын өткізген ескі форттың қирандысы. Мұнда Т.Г. Шевченконың мемориалдық мұражайы құрылып, Ресейдегі тұңғыш ақынға арналған ескертикіш бар(1871 жылы құйылған).

Жағалаудағы жартастарға шықсақ, онда тамаша ескерткіштерді тамашалауға болады. Бір жерде 1873 жылы Хиуа экспедициясы кезінде қаза болған орыс жауынгерлеріне арналған ескерткіштің қалдықтарын, енді бірінде - қамал дуалына апаратын баспалдақтың іздерін, және ежелгі қамалдың қирандысын көруге болады.

Маңғыстау түбегінде туристердің назарын аударатын тек жаңа қалалар емес.

Түбектің түкпіріне ғалымдар мен өлкетанушылардың әрбір саяхаты міндетті түрде жаңалық алып келеді. Бұл жерде, Хорезм мен Ираннан Маңғыстау жері арқылы өтетін ежелгі сауда жолдарында, дуалдары тасасында бір кезде керуендер пана тапқан ортағасырлық қамалдың қирандылары, және белгісіз ескі дәуірдегі дәстүрдің мазарлары табылды. Сақталып қалған құрылыс шеберлердің жоғарғы шеберлігіне куә болады. Маңғыстау мен Үстірттің тасты шөлінен 11 мыңға жуық археологиялық ескерткіштер табылды. Олардың көпшілігі мемлекеттің қамқорлығына алынып, қайта жөнделуде.

Қазір ешқандай тұщы су табылмаған түбектің түкпірінде, ірі кесек тастардан ең ежелгі дәуір көшпенділерінің (б. э. д. Х –ІІ ғ.)жартас суреттері галереясы табылды. Түбектің шексіз кеңістігінде күрделі ою-өрнекі құлпытастары бар үлкен некропольдер табылды.

Онғазы тауының жанынан монолит тастан ойылған мың жыл бұрынғы екі ескі жерасты мешіті табылды. Әсіресе, Шақпақ ата мешіті өте қызғылықты. Ислам адамдардың немесе оның дене мүшелерінің суреттерін салуға тыйым салса, ал мұнда лотос гүлінің суретімен қатар бірнеше рет жайылған адам алақанының суреті салынған. Сурет құпиясы осы күнге дейін ашылған жоқ.

Ақтөбе 1869 жылы қамал ретінде пайда болды. Оның бірінші тұрғындары Ресейдің орталық губернияларынан келген қоныс аударушылар. 1891 жылы Ақтөбе Торғай облысының уездік қаласы болды. Керуен жолдарында тұрғандықтан ол сауда маңызына ие болды. 1901 жылы темір жолы салынысымен сауда кеңейе бастады, бірақ көптеген уақыт бойына жайсыз болып, үлкен ауылдардан айырмашылығы болмады. Үйлерінің көптеген бөліктері балшықтан салынды, ал өнеркәсіп – жартылай қолөнер болды. Қурай өсіп кеткен иен дала ортасында, екі ақ төбе көрініп тұратын. Осының арқасында қала – Ақтөбе атанды.

Қалада үш парк бар. Біреуі қала орталығында. Онда гүл ортасында Кеңес үкіметі үшін күресте 1919 жылы қаза тапқан азамат соғысы батырларының құрметіне арналған обелиск бой көтерген. Жақын жерде – Пушкиннің бюсті мен белгілі күрішші Шығанақ Берсиевтің ескерткіші.

Қала Кеңес Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері В.И.Пацаевтің(1933-1971)., күріш алудан әлемдік рекорд жасаған – 201 ц/га, белгілі күрішші Ш.Берсиевтің отаны. Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайы бар.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН өзіне бес облыс – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Целиноград және Павлодарды қосады.

Солтүстік Қазақстан – республиканың бас астық сарайы және КСРО-ның негізгі астық шаруашылығы және етті-сүтті мал шаруашылығының бірі.

Өте үлкен қызығушылықты шабындықты алқаптар ландшафтылары мен Есіл өзенінің даласындағы қайыңды-көктеректі ормандары туғызады. Орманды далаларда табиғат ескерткіштері – Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағында Жаңажол ауылының жанында жеке ғасырлық қарағайлар тобы бар.

Көрнекті ландшафтлардың қатарына Ерейментау тауы, Көкшетаудың қайыңды-көктеректі сирек ормандары жатады.Солтүстік Қазақстанның далаларында көптеген көрнекті ландшафтлар, көлдер мен өзен алқаптары бар. Суда жүзуші жыл құстарының демалатын орындарына Ақсуат және Сарымойын көлдері жатады. Ірі ұя салғыш құстар Селеті теңіз көлінде кездеседі, мұнда сирек кездесетін құстар – қоқиқаз ұя салады.

Таспалы қарағай ормандарының өзіндік бейнесі бар, олар Ертіш жағалауында ұзын жіңішке жолақ болып жатыр. Қылқанды ормандардан басқа, бұл жерде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері алқаптарында жапырақты ормандар аздап кездеседі. Селеті өзенінің алқабының үздік-создық баурайлары өте тамаша, олар Көкшетау мен Баянауыл тауларының қоршаған ортасында ерекшеленіп көрінеді.

Қостанай облысы бидайдың қатты сортын негізгі беруші ретінде белгілі. Өз тарихын облыс орталығы – Қостанай қаласы 1879 жылдан бастайды, Тобыл өзенінің сол жағында ең бірінші рет Ресейдің орталық аудандарынан помещиктік қыспақтан қашқан шаруалардың алғашқы құрылыстары пайда болды. 1893 жылдан Қостанай – Торғай облысының уездік орталығы болды, онда жыл сайын жәрмеңкелер болып тұрды.

Сауда жолдарының қиылысқан қолайлы географиялық жағдайда орналасқан, Қостанай ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігіндегі ірі халық орналасқан мекенге айналды. Қазіргі кезде ол Ақмола, Ақтөбе, Павлодар сияқты қалаларды басып түседі. Қостанаймен қазақтың көрнекті ақын-ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен қызметі байланысты (1841-1889), ол қазақ халқы тек орыс халқымен біріге отырып азаттыққа жетеді деп қайталап отырған.

Қостанай – революциялық, әскери және еңбектік дәстүрлерге бай қала. Неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерліктері үшін 26 қостанайлық Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұшқыш –қостанайлықтар Л.И.Беда мен И.Ф.Павловқа бұл жоғарғы атақ екі рет берілді. 1943 жылы Ленинград үшін ұрыста Сұлтан Баймағамбетов Синявский биіктігін қоршау кезіндегі ұрыста фашист дзотын өз денесімен тұншықтырып, өзінің өшпес ерлігін жасады. Қостанайлық Н.Ф.Надеждин Н.Гастеллоның ерлігін қайталады.

Қостанайда тарихи-өлкетану мұражайы, сонымен қатар қолөнер шеберлігі мұражайы қызмет істейді. Қостанайдың жері де әдемі. Оның нағыз сұлулығы – ірі массивті бірнеше километрге созылған ормандары. Олар өте жиі кішкене ормандарға, кішкене тоғайшықтарға және қайыңды – көктеректі құлақшаларға ауысып отырады. Туризм үшін де тамаша орындар бар.

Республиканың жас қалаларының бірі – Арқалық қаласы – 1956 жылы ауыл ретінде құрылды, мұнда боксит кенін игеруге байланысты, 60 мың тұрғын тұрады.

Туристер үшін қызғылықты жерлердің бірі Аманкелді және Торғай ауылдары. Аманкелді ауылы - бұл Аманкелді Иманов бастаған көтерілісшілер отрядтарының 1916-1917 жылдары патша армиясының жазалаушы отрядтарымен қырғын соғыстарына куә.Мұнда Аманкелді Имановтың моласы мен мемориалдық мұражайы бар. Торғай ауылы – Қазақстанда Кеңес үкіметін құрушы күрескер, партия және мемлекет қайраткері Әліби Жанкелдиннің отаны. Бұл ауыл – 1916 жылы А. Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің орталығы.

Облыстың қорықтық және өте қызықты орындарына 1931 жылы негізі қаланған, қарағайлы орманды Наурызым қорығы жатады. Қорық Қостанайдан оңтүстікке 250 км жақта, Қостанай –Арқалық автомагистралына жақын жерде орналасқан. Наурызым ауданының орталығы – Докучаевка ауылы, 1946 жылы орыс табиғаттанушысы В.В.Докучаевтің құрметімен аталды. Тап осында белгілі Торғай жыл құстары ұшуы өтеді.

Қорықта табиғаттың өзімен өсімдік және жануарлар әлемінің түрлі өкілдері жиналған. Әр-әр жерде жануарларға пана болатын қайыңдар орманшалары аралы пайда болады. Мұнда дуадақты және ақ бөденені, ақ қоянды және қарсақты, қызыл үйректі кездестіруге болады. Әсіресе, қорық көктемде қызықты, өйткені қанаттылар мұнда көптеп ұшып келеді. 150 ге жуық түрлі құстарды мұннан кездестіруге болады, олардың кейбіреулері Африкада, Жерорта теңізінде, Үндістанда, Иранда, Түркияда қыстап шығып, көктемде кері қайтады.

Республикадағы көлемі кіші облыс – Солтүстік Қазақстан, бірақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жағынан кіші емес.

Республиканың солтүстік қақпасы – Петропавл қаласы Есілдің оң жақ биік жағалауында Петр мен Павелдың бас қамалы ретінде Новоишимский орыс әскери бекінісінің линиясы 1752 жылы негізі қаланды.

Туристер үшін сонымен қатар қалалар, қорғандар және Мамлютка және Сергеевка қалалары маңындағы қола ғасырындағы ауылдар, Явленкаға жақын жердегі алғашқы адамдардың тұрақтары қызықты.

Көкшетау облысы, көлемі жағынан онша үлкен емес, бірақ республикаға салмақты үлес қосады. Облыс орталығы – Көкшетау қаласы – ХІХ ғасырдың басында пайда болып, Қопа көлінің жағасындағы әскери қоныс болды, 1824 жылдан бастап қала атанды.

Революцияға дейін Көкшетау шеттегі қалашық болды, тек көктемде жәрмеңкеде ғана тірілуші еді. Мұнда өзінің балалық шағын және революциялық қызметін В.В.Куйбышев (1885 жылдан 1898 жылға дейін)өткізді, қалада оның мемориалдық мұражайы құрылды. Қазір Көкшетауда екі ірі – салмақөлшеуші және оттегімен демалдырғыш аппаратура жасайтын зауыт бар. Көкшетау халқы 120 мың тұрғынға асады.

Көкшетау облысында жусанды даладан күрт таулы жерге ауысу қайран қалдырады. Көкшетау атауы таудың орманға байлылығынан пайда болған. Оған жету қиын емес – облыс орталығынан Бурабайға рейстік автобустар жүреді, ал поездан Бурабай курортынан түсу қажет. Қасында – Щучинск қаласы.

«Тағамен жарқылдаған жер»- деп жергілікті ақындар Көкшетаудың таулы тізбектерін атайды. Ол биік емес. Бөлек төбелердің биіктіктері 200-300 м ден аспайды. Бұл таға сықылды таудың ең биік шыңы – Синюха (теңіз беті деңгейінен 1047 метр). Оның үстінен жасыл қарағайлы ормандарымен жиектелген сұлу Бурабай көлі мен тамаша жартастары панорамасы көрінеді. Оқжетпес шыңының ірі гранитты плиталарынан құрылған биіктігі көрінеді. Бірақ бәрінен формасы жағынан таң қаларлық Жұмбақтас. Бурабайдың көлінің зүбәржат түстес суынан шығып тұрған ол әр уақыт қызықты формасымен көз тартады.

Егер аралшықты қайықпен айналып өтсек, әрбір жағынан қарағанда жартастан көптеген бейнелер көруге болады: көңілсіз жымиыспен кәрі әйел, желге шашы желбіреген айбынды бас изеуімен жас ару қарағандай болады. Таулар иен жартастардың профилдері Ұйқыдағы батыр, Түйе, Күзетші төбет, Қабан, Аю, Піл екендіктерін айтпай-ақ түсіндіреді.

Желмен, жаңбырмен ұшталған жартастар фантастикалық формасымен таң қалдырады. Тіпті әрқайсысынан табиғаттың өнерін көруге болады. Атақты Бурабай міне осындай. Бұл шынында да тыныштықтың, кристалды таза ауаның көгілдір, зүбәржат көлдер, таңқаларлық иілген тас кесектері мен төбелердің баталы өлкесі.

Бурабай – тамаша курорттық аймақ. Оны саяхатшылар қалай деп атамады: «Көгілдір көлдер өлкесі», «Көк таулар өлкесі», «Қазақстанның інжу-маржаны», «Қазақстан Швейцариясы», «Денсаулық аралы». Бұл атаулардың бәрі бұл жердің қайталанбас сұлулығына бірдей куә.

Бұл өлкеде маржанды моншақтарымен ондаған тұщысулы көлдер: Бурабай, Аққулы, Табанды, Шортанды, Жарық, Үлкен және Кіші шабақты, Қотыркөл бар. Мөлдір таза суда шортандар, табандар, алабұғалар, язь, қарабалықтар, сазандар, тұқылар жүреді.

Тік жартастар басынан көлге қарағайлар көз салады. Ылғал іздеумен олар тау баурайларын әдемі жағалап кетіп, тік жартастың қуыстарына, жабайы тастар үйілген жерлерге жабысып қалған. Мұнда қайың, сары қараған, шие ағашы, қарағаш тамаша өседі. Орман алаңқайларында жабайы қарақаттар, таңқурайлар, ит бүлдірген, мүк жидегі мол өскен. Бұл жердің орманы емдік шөптермен және саңырауқұлақтармен де бай.

Ал әрі қарай Бурабай көлі жағалауында «биші» қайыңдар орналасқан. Олар көлге ойнақы, өздерінің биін тамашалай қарайды.

Адамдар Бурабайдың емдік ерекшеліктерін бағалайды, бірақ оның климаттық, бальнеологиялық және қымызбен емдеушілік курорт ретінде қарқынды өсуі тек тың жерлерді игеру кезеңі кезінде басталды. Қазір Бурабайда 100 мыңнан астам демалатын көптеген санаторийлер, демалыс үйлері, пансионат-профилакторийлер ірі қазақстандық «Алтын қарағай орманы» турбазасы, пионерлік лагерлер бар. Және бұнымен шектелмейді!

Бурабай туралы аңыздар мен ертегілер, поэмалар жазылды. Кеңестік жазушылар Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Қасым Аманжолов, Сергей Марков және тағы да басқалары өздерінің үздік шығармаларын осы өлкеге арнады. Қазақ ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлиханов осы жерде туып өсті.

Көкшетау – бұл алтынды далалар мен жасыл ормандар, хрусталь көгілдір көлдер өлкесі, шетсіз қазақ даласының нағыз оазисі. Зерендінің көркем жерлері, қылқанды ормандары, таза көлдері, озон ауасына бай Шалқаркөл, Арықбалық, Володарское; Есілдің, Чаглинканың, Ақанбұрлақтың көгілдір түбі, олардың иірімдері, тік қабақтары мен қалың тоғайлары: Шалқардың, Қотыркөлдің, Жөкейдің, Белоенің айнадай жалтыр беті – осының бәрі өзінің қайталанбастығымен өзіне шақырады.

Павлодар қаласы – Ертістің жағалауына орналасқан. 1720 жылы Ертіс әскери бекінісі линиясында Коряковский форпосты ретінде негізі қаланды. Кейін – Коряковская станицасы болды, 1861 жылы қала статусына ие болды. 1938 жылы Павлодар облыс орталығы болды.

Қаламен кеңес үкіметін Павлодарда орнатушылар С.К.Тепловтың, П.М.Ширяевтің, оқымыстылар Г.Н.Потаниннің, Қ.И.Сәтпаевтің, қазақ ақындары И.Байзақовтың, С.Торайғыровтың Д.Әбілевтің С.Дөнентаевтың, орыс кеңес жазушылары В.В.Ивановтың және орыс кеңес ақыны П.Н.Васильевтің тағдыры байланысты.

500 км -ге Баянауыл оазисінде таза ауа, көптеген бұлақтар мен көлдер, таңқурай мен қара қарақат өскен әдемі алқаптар мен шатқалдар бар. Саңырауқұлақтар, жемістер, балықтарға сан жетпейді. Климаты керемет. Қазақ халқы ежелден Баянауылды адамға күн, ауа мен қымыз денсаулық әкелетін халықтың сауығу орны ретінде мақтайды.

Баянауылдың інжу-маржаны - әдемі Жасыбай көлі, ол атақты батырдың есімімен аталады. Қарағайлы ормандар мен түрлі формадағы жартастар мөлдір де жұмсақ сулы көлдің жағасын әсемдейді. Мұнда «Баянауыл» туристіәк базасы орналасқан үлкен демалыс орны бар. Бұл жерлерде әдетте тиіндер, қояндар, түлкілер, қарсақтар, суырлар, күзендер мекендейді, қасқырлар да кездеседі. Сиректеу емес арқарды көруге болады, еліктер, бұландар мекендейді, киіктер кездеседі.

Ақмола облысы жерінде Қорғалжын қорығы бар. Бұл жерді үрікпеген құстар мекені деп атайды. Қорықтың негізгі көлемін тұзды Теңіз көлі алып жатыр. Көл және жүздеген сорлы даладағы уақ көлшіктер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстіктен солтүстікке ұшып келуші жүздеген жыл құстарына мекен болады.Көктеммен күзде мұнда олар үш миллионға жуық жиналады. Осы уақыттарда қорық шекарасында көшуші киіктер табындары өтеді.

Бірақ, шындығында қорыққа даңқ әкелген ең сирек кездесетін құс – қоқиқаз. Олардың ең солтүстіктегі ұя басар жері – Қазақстанда. Қоқиқаз - өте сақ құс, оны жақыннан көру әркімнің маңдайына жазылмаған.

Қорғалжын көлі ауданында археологиялық – Жұмат мазары, Ботогай қаласының қирандысы, ежелгі жер суландыру құрылыстарының іздері бар.



ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН. Қазіргі Қарағанды – шахтерлер, машина құрылысшыларының, құрылысшылар мен студенттердің қаласы. Кеңес үкіметі кезеңінде Қарағандының маңайына өндірістік қалалардың үлкен шоқжұлдызы өсті. Олардың арасында бірінші орынды Теміртау, өндірістік өнімінің 30 пайызын шығарады. Шойын, болат, ақ қаңылтыр, каучук, электр тогы, құрылыс материалдары.Алыста далада ірі домна пештері, мартендер мен Қазақстан магниткасының металлургиялық комбинатының кокстық батареялары көрінеді. Бұл республиканың ірі қалаларының бірі.

Жезқазған облысы – республиканың ең жас облысы. Оның құрылуы мұнда қарқынды түсті металлургияның дамуы, біріншіден мыс өндірісінің болуы. Облыста Балқаш тау-металлургиялық комбинат – Европадағы ірі мыс балқыту кәсіпорны бар. Орталық Қазақстанның басқа қалаларының ішінде тамашасы Қарқаралы қаласы, 1894 жылы негнізі қаланды, көптеген оқиғалардың куәсі. Ескерткіш тақталар Қарқаралыда көптеген көрнекті адамдардың болғанын көрсетеді. Бұл өлкені қазақтың ағартушы ақыны Абай Құнанбаев, тұңғыш қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов, жазушы М.М.Пришвин, Кеңес мемлекетінің белгілі қайраткерлері С.М.Киров, А.Асылбеков, Н.Нұрмақов және басқалары аралаған.

Туристердің назарын Қарқаралыда таулар аударады. Таудың атауы қазақ қыздарының бас киімі – моншақпен, барқытпен, жібекпен әшекейленіп үкі тағылған қарқарадан шыққан. Жалт-жұлт еткен қарқарадай бүткіл түсімен жарқырайды Қарқаралы тауы. Өзіндік жартастарының және өсімдіктерінің үйлесімімен Қарқаралы мекені өте әдемі. Қарқаралы тауы – тау жыныстарының, каледондық және герциндік тауқұрылымының граниттерінің жалаңаштануы – рельефінің ерекшелілігімен байқалады. Көптеген туристер Шайтанкөлге келеді. Бұл көлдің жартасты тау басында орналасуы себепті халық оған осылай ат қойған. Ол Қарқаралыдан 6 км батысқа таман орналасқан. Көл онша үлкен емес, ұзындығы 50м, жалпақтығы 20 м. Оған тым жақын гранитті жартастар, қарағай мен қайың өскен.Көлді орыс табиғатының әншісі М.М.Пришвин көріп таң қалған. Шайтанкөлмен поэтикалық аңыз байланысты, ол осы көлдің жағасында өзінің сүйіктісі Алтаймен екеуі қаза болған сұлу Сұлушаш туралы. Бұл таза да адал махаббат туралы аңыз қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының негізі болды.



ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

Табиғат бұл бұрышты сирек тастармен ғана емес, таудың таза бұлағымен, түрлі өсімдіктермен, сай басындағы кішкене қарағай орманымен жомарт сыйлаған. Тау баурайлары төселіп жатқан аршамен және балды спиреймен, сирек қарағанмен жамылып жатыр; кей жерде қарағай кездеседі. Бұлақ басында тал, қайың, мойыл, шәңгіш, долана, ырғай және түрлі шөптер өсіп жатыр.

Табиғи тастардың әлемі тамаша! Оның тасты үңгірлеріндегі алмаздар санын есептеп болмайды... Мұнда мейірбан, мөлдір таза мұз сияқты, тау хрусталының кристаллдары және өте сирек аквамарин, турмалиннің сиқырлы көк, жасыл және алқызыл түрлері тұнық көк және ақшыл көк манган-фосфатты және өте сирек кездесетін апатиттің бозарыңқы- ақшыл көк кристалдарын шие түсті қызыл гранатты, күміс және ақшыл күрең слюдалардың жиналған жерін, нәзік көгілдір пластинкалы және аппақ қардай қант сияқты альбитті кездестіруге болады... Өлкенің асыл тастары өте ғажап. Формасы бойынша таңырқарлықтай дәл, әсем және түрлі кристаллдар!

Жалындаған адырлар - оңтүстік Зайсан табиғатының Маңырақ қырқаларының стратиграфтық –палеонтологтық ескерткіштері - төбелер ашық-қызыл түсі үшін осылай аталған. Ол Тайжүзген өзенінің сол жақ бетінде, Сорқамыс бұлағының оған құяр тұсынан 2 км жоғарыда Тарбағатай ауданы аумағында. Оның ауданы – 50 га көлемі шамасында. Өзінің атауымен геологиялық тілік қызылтүсті балшық жынысына қарызды. Түсінің ашық қызыл таңбалылығы және алқызыл-қоңырдан қоңыр-жасыл түсіне дейінгі түрлі-түрлілігімен «жалындаған» бояу тілімдері әсер қалдырады. Балшық жынысының ұқсас түсі өзі туралы көп айтып тұр. Олар мезозойдың тропикалық ыстық және дымқыл климаты жағдайында, магнезиальды-темір вулканогендік жыныстардың химиялық желдетілуі нәтижесінде және олардың өзгеруімен құрылған.

Шөлдегі елес тәрізді түрлі-түсті құм қабаттары мен палеогеннің балшық жыныстарынан қамалдар, күмбездер пайда болады. Жасыл-сұр және жасыл-қоңыр түстер ашық-сұр, күйік-сары және ақ түстер қайталанып келеді, төменгі жағына таман тағы да жасыл-сұр және қызыл-қоңырдан алабажақ-қызыл мен кірпіш түстес қызылға ауысады. Бұл суреттеулер Қиын –Кіріш тауына жатады. Ол судың орнына тұзға толы сирек қарлы-ақ соркөлдердің, сары шөлді кеңістіктің үстінде бой көтереді. Ландшафт бояулы да экзоткалы, бірақ бұл жерде, сірә, өлкенің өткені оның бағалысы жапырақтар мен флораның тамырларын сақтап қалған тауболуы керек. Мұнда ежелгі омыртқалылардың сүйектерінің қалдықтары бар.

Қиын-Кіріш геологиялық тілімі – бұл Күршім ауданындағы ауданы 300га болатын Солтүстік –Шығыс Зайсан өңірінің бірегей, бағалы табиғат ескерткіші.

Облыста қола дәуірінің ескерткіштері де бар. Басқа да көп бейіт орындары мен орналасу іздері сияқты, олар да адамзат мәдениетінің ескерткіштері болып табылады. Олардың халықтар тарихын зерттеудегі табиғат байлығы мен мәдениет дамуын зерттеудегі мәні зор. Олар мыс пен қалайының, және полиметаллдардың жатқан жерін ашуға көмектеседі.

Шығыс Қазақстан облысында табиғаттың тамаша объектісі – Марқакөл көлі және Марқакөл қорығы, сонымен қатар атақты Рахман бұлағы – «Алтай Мацестасы» бар.

Асыл көгілдір аквамарин тау тізбегімен алтын-жасыл жиекті болып ашық жаздыкүні Марқакөл осылай болып көрінеді.

Субальпілік шабындықтар Қазақстан Қызыл кітабына енген гүлдермен, емдік шөптермен, арасында алтын және марал тамыры, шыбықтектес тиынша, және қалыңжапырақты баданға бай. Көлдің жануар әлемі түрліше. Мұнда 200 ге жуық жануар түрі бар. Олардың арасында елік, бурыл аю, сілеусін, құну,тиін-телеут, марал, жирен түлкі, бұлғын, суыр, ақ тышқан, күзен және т.б. бар.

Көлдің басты байлығы ленок-балығы немесе лосось тұқымдас ускуч. Оның салмағы 3, сирек 8 кг жетеді. Леноктың тамағы омыртқасыз, және өте уақ балықтар – хариус, теңгебалық, голец құрайды.

Рахманов қайнар көздері – Оңтүстік Алтайдың ең көркем бұрыштарының бірі – ежелден өзінің Цхалтубо сулары құрамына жақын радиоактивті бұлақтарымен әйгілі. Бұл емді бұлақтарды іздеп табуға кездейсоқ жағдай көмектесті. 200 жыл бұрын Рахманов атты аңшы тауда маралды атып жаралаған. Жаралы маралды екі күн қуған ол жануардың бу бұлтының арасында тұрған жерінен тауып алады. Маралды атып құлатқан аңшы кенет, оның бірінші атқан оғының орны аңның аяғынан жоғалуға жақындағанын көрген. Сонда Рахманов ыстық бұлақтың суын өзіне қолданып көрмек болды. Күніне үш қайтара шомылған ол бір жұма ішінде көп жылдар бойы азап шеккен сарп ауруынан жазылып кетеді.

Қазір бұл жерде үлкен әйгіліктегі «Рахманов бұлақтары» курорты ауруларды қабылдайды. Жылы азот-радондық ванна мен дауалы тау ауасы адамдардың денсаулығын жылдам қалпына келтіреді, перифериялық жүйке ауруларының және басқа да ауруларды емдеуге көмек етеді.

Шығыс Қазақстан туристер үшін қызғылықты да тартымды. Бұл жерде бәрі де бар: жәй ғана көрінетін соқпақтар, қала арасындағы кең паркттар, көлеңкелі шатқалдар, ашық алаңдар, бұлақтар шуылы астық алқаптарының тыныштығы.

Семей қамалы 1718 жылы Петр І тұсында қазіргі қаладан 18 км. Жерде тұрғызылды. Қазір оның орнында Старо-Семипалатинск ауылы тұр. 1778 жылы Семи палат қирандылары орнына орыс жауынгерлері жаңа қамал салды, және ол шапшаң қалаға айнала бастады.

Семейде Абай Құнанбаев оқыды әрбір кезеңде онда тұрды. Қаламен оның өмірі мен шығармашылығының ең жақсы жақтары байланысты. Көшелердің бірінде кішкене ағаш үй – ұлы ақынның мемориалдық мұражай үйі тұр. Абайдың ескерткіші мен оның атындағы көше бар.

Қалада Мұхтар Әуезов жазып үйренді. Қазіргі Семей – біріншіден жеңіл және тамақ өнеркәсібі қаласы. Туристерді сөз жоқ «Еңлік-Кебек» мавзолейі қызықтырады. Алыстан пирамида пішіндес обелиск көрініп тұр. Оның ішінде екі бейіт бар, оның үстінде құлпытаста: «Еңлік-Кебек». ХҮІІІ ғасырдың ортасы. Ру феодалдары феодализмге қарсы және қазақ әйелдерінің теңсіздігіне наразылық білдіргені үшін жазалады» деп жазылған. Құрғақ мұражай жазу жолдары астында Абай өз кезінде жазып кеткен қазақ қызы Еңлік пен Кебек атты жігіттің үлкен трагедиялық махаббаты туралы оқиға жатыр.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН өзіне республиканың бес әкімшілік облысын қосады: Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған.

Қызылорданың тарихы 1817 жылдан басталады, ол кезде Ақмешіт қамалы болды, негізін қалаған қоқандтықтар Батыс Сібірден Бұхара, Хиуа, және Ташкент сауда жолдарын кесу мақсатында салынған.1853 жылы Перовский басшылық еткен орыс әскерлерімен басып алынды. Бұл оқиға Н.Ановтың «Ақмешіт»романында суреттеледі.Қамал алынысымен ол форт Перовский атанды, ал 1867 жылы ол Сырдария облысының уездік қаласы болды.

Облыс аумағында тарихи-археологиялық ескерткіштер көп. Ішіндегі маңыздысын атап өтсек: Жосалы ауданындағы Жеті-Асар қалашығы (б.д.д.І ғ.) Сырдарияның сол жағалауында Қазалыдан оңтүстікке 20 км жерде Жанкент қаласының қирандылары (Х-ХІҮ ғғ.), Жаңақорған ауданындағы архит. ескерткіштер (ХҮІ-ХІХ ғғ.)

Шымкент облысы – бұл біріншіден қазақстандық мақта, қорғасын және фосфор, қаракөл, көкөністер мен жемістер, жүзім. Облыс орталығы – Шымкент – Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі, ол ХІІ ғасырда Орта Азия мен Қытай арасындағы сауда жолы бойында пайда болды.

Шымкент – Қазақстанның ең оңтүстіктегі облыстық қаласы. Кішкене ауыл ретінде ол ХІҮ ғасырда, бәлкім одан да бұрын өмір сүрді. Сол заманның көптеген қалалары сияқты қала көп қиындықты бастан кешті. Оны Шыңғысханның ауыр қолы да басып алды, жоңғарлар қиратты, қазақ, Қоқанд, Хиуа және Бұхара хандары тонады. Қиратып тонағандары сондай ескі заман ескерткіштері сақталынып қалмады.

1864 жылы Шымкент Ресей империясына қосылып Сырдарияның уездік қаласы болды. Қала сыртындағы биік төбе басында шөп басқан біліктер бар, оны жағалай кең қазылған орлардың іздері жатыр. Бұл орыс әскерлері басып алған қоқандтықтардың қамалының орны. Қаланың өзінде Қамалды аларда қаза болған орыс әскерлеріне арналған ескерткіш тұр.

Қаланың архитектуралық ансамблінен діни культтің ғимараттары – мешіттер мен шіркеулер ерекшеленіп тұрды. Қалада темір жолы болған жоқ сауда көлігі түйе болды. Өмір ұзын балшықтан жасалған дуалдар артында жалғасып жатты. Қоғамдық орталық тек базар болды.

Қазан төңкерісінен соң қала бұрынғы атауын қайтып алды.

Шымкентке жақын жерде ертеректе Исфиджаб аталған ежелгі Сайрам қаласының қирандылары жатыр. Х ғасырдың теңгелерінде Сайрам монет ауласының таңбалары кездеседі, бұл Сайрам ірі экономикалық, діни және саяси орталық болғандығын куәландырады. Сақталған тұстарында мазарлар менмешіттер жетерлік.

Идрис-Қазы-Байзаби мешіті және Абдул-Әзіз-баба мазары сақталынып қалған, оны 1900 – 1910 жылдары қайта жөндеген және Базлак ата мешітінің мұнарасының қирандылары. Мирза Боб-ибн-Падша және Қарашаш Ана мазарлары назар аударуға тұрады.

Түркістанның ерекше сәулет және тарихи ескерткіші Ахмед Яссауи мавзолейі. Қаладан ондаған километр жерде мешіттің көгілдір күмбездері көрінеді. Көптеген ғасырлар бойы, 1868 жылға дейін бұл қала Яссы деп аталды, ал мешіт осы өңірдегі әулие атанған, ХІІ ғасырда өмір сүрген кісінің басына тұрғызылды. Оның толық есімі Қожа Ахмед Яссауи, яғни Яссыдан деген мағына береді. Мешіт Ақсақ Темірдің бұйрығымен, көшпенділерге алланың ұлылығын көрсету үшін салдырылған. Ол орта ғасыр ескерткіші, әлемдік деңгейде белгілі ескерткіш.

Шәуілдер аудан орталығынан 10км жерде бір кездегі атақты қала Отырардың қирандысы бар. Отырар туралы алғашқы жазбалар біздің дәуіріміздің ХІ ғасыры жазбаларында айтылады, бірақ адамдар ол жерді бұрын да мекендеген. Мұнда Х ғасырдың атақты философы Әбу Наср Мұхаммед бин Мұхаммед Тархан әл-Фараби өмір сүрген.Әбу Наср өз мүдделерінің жанжақтылығымен нағыз энциклопедист: философ, ақын, композитор, лингвист, математик, дәрігер, агроном, ботаник, осы айтылған ғылымдардан трактаттардың авторы. Аристотельді бірінші мұғалім деп есептеген замандастары оны Екінші мұғалім деп атаған.

Отрардың тағы бір ғажайыптарының бірі кітапхана, онда 33 мың «сақтау бірлігі», вавилондық балшық табличкаларға жазылған және Мысырдың папирусқа жазылған орамалары және Фарабидің трактаттары болған. Көптеген куәландырушы замандастарының айтуынша Отырар кітапханасы қоложазбаларының байлығымен сол кездегі ең атақты кітапханалар – Александрия және Карфаген кітапханаларынан кем түспеген.

Жамбылдан 18 км жерде Головочаевка ауылында, төмпе басындағы кішкене тоғайшада екі ірі сәулет ескерткіштері – екі әйелдің бейіті: Айша-бибі мен Бабаша қатын мазары бар.

Бабаша қатын мазары өте ежелгі (ХІ ғ.). Екінші мазар – Айша бибінікі (ХІ-ХІІ ғғ). Қазіргі уақытта әйнек футляр ішіне салынған және ЮНЕСКО БҰҰ-ның есебінде тұр. Мазар түрлі терракот плиткалармен қапталған және тек ежелгі сәулет өнерінің әлемдік шедеврлері Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен теңдесе алады.

Бабаша қатын мазары күйдірілген кірпіштен қаланып өте жақсы сақталған. Бұл ертеараханидтер кезеңінің ескерткіші , өзінің сирек құрылысы шатыр тәрізді күмбезді және ол он алты қабырғалы барабан үстіне орнатылған. Мазардың бас қасбеті бар оның ортасында дөңгеленген шошақ арка қабірге кірер есікті әшекейлеп тұр. Арканың екі жағынан жіңішке биік декоративті қуыстар орналасқан, мазар қабырғасы кірпішпен фигуралы түрде қаланған. Парапеттің жоғарғы бөлігінде араб тілінде рельефті орындалған жазу көрінеді.

Алматы және оның төңірегі. Жетісудың орта бөлігінде тауға дейін Алматы қаласы созылып жатыр.

Алматының ең көркем жері - Іле Алатауы. Ол әсіресе таңертең, күннің алғашқы шапағы, әлі түннің тұнық көк көлеңкесімен қымтанған көкшіл шыршалар үстімен сырғанағанда әдемі. Таудың баурайларына ақ қарлар, жасыл ормандар мен бұталар, қоңыр және сұр жартастар мен шөгінділер өз бояуын жомарт шашады. Бұл түстердің шұбарлығынан Таудың атауы шыққан.

Тау табиғаты таң қаларлықтай. Бір күнгі саяхатта, көп уақыт пен күш кетірмей тау баурайы мен таудың белдеуінің тік құбылысы арқасында іс жүзінде елдің бүткіл ландшафтсын: шөлдер мен жартылай шөлдерді және даланы (500 ден 1000м абсолюттік белгіге дейін), орманды даланы және жапырақты орманды (1000-1400м), тянь-шань шыршалары орманын (1400-2700м), альпілік және субальпілік шабындықтарды (2700-3500м), мәңгі қарлар мен мұздықтарды (3500ден жоғары)кесіп өтуге болады.

Алматы қорығының аумағы 90 мың гектар алаңды алып жатыр және Талғар мен Есік өзендерінің бассейнінде, ал одан әріректе - Іле өзенінің алқаптары қызғылықты табиғи объектісі бар - Әнші құмдардың құмды бархандары жатыр.

Сұлулығына таң қаларлықтай болып Кіші алматы шатқалында сауықтыратын орындар қатарлары, демалыс және туризм мекемелері орналасқан. Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте Малая Алматинка өзенінің сол жақ жағалауында әлемге белгілі биік таулы каток Медеу құрылған, оның трибуналарына 10 мың көрермен сияды. Трибуналар астында мейманхана, кинозал, судьялар бөлмесі, пресс-орталығы, поликлиника, финн моншалары орналасқан. Мұзайдын стадионына жақын жерде туристік «Медеу» мейманханасы, жүзу бассейні бар. Жоғарыдан тау шыңы басынан трибуналармен жиектелген оның дөңгелектенген шұқыры, одан сәл жоғары - катокқа сқұятын мұзды сулы су қақпалы бассейн өте жақсы көрінеді.

Медеудің бірегей катогында коньки жарысынан ең үлкен әлемдік рекордтар жасалды: 1951 жылдан бұл жерде жүзге жуық рекорд тіркелді. Осы шатқалда, жоғарырақ, Горельник өзенінің арғы жағында бүкілодақтық тау шаңғышылары базасы Шымбұлақ орналасқан.

Мыңдаған алматылықтар мен Қазақстанға келуші қонақтар жыл бойы осында дем алады: коньки мен шаңғы тебеді, таза тау ауасымен дем алады, көркем пейзажды тамашалайды, ал нағыз батылдары мен ержүректері Іле Алатауының шыңдарын бағындырады.

Егер Кіші алматы шатқалымен соңына дейін жүрсе, онда Мыңжылқы мекеніне тап боласың, мұнда ең биіктаулы республика метеорологтарының станциясы орналасқан(3040). Мекеннің атауын бір кезде малшы қазақтар тау басындағы жайылым қорлары үшін атаған. Шатқал аласа гүлді шөптермен басылған. Тастардың арасында атақты тау гүлдері – эдельвейстер өседі. Өте сирек кездесетін рихтерияны да осы арадан көруге болады. Бұл үстін түгел күміс қылшықты мамық басқан аласа түймедағы гүлі. Ботаниктер рихтерияны «нағыз эдельвейс» деп атайды. Рихтерия тек қана Тянь-Шаньде өседі.

Бұл мекеннің оңтүстік жағы ірі білікті Тұйықсу мореналарымен қоршалған. Моренаның тарақшаларына көтеріліп парадтағыдай қатарласып мұздақты айнала тұрған 18 шыңның панорамасына таң қаласың. Бұл Тұйықсу мұздақтарының тобы 13 глетчерден тұрады, ең үлкені - типтес далалық мұз айдыны ұзындығы 5,5 км. Мұнда нағыз Арктика: шөп те, қылтанақ та жоқ, тек мұз бен қар! Күн жарқырағанда маңайдағы ландшафттың әдемілігі сөзбен айтып жеткісіз.

Алматының төңірегінде саяхаттаушылар жылдың төрт мезгілінде бірден қонақта болып дем алуына болады: Қапшағай су қоймасында – жүдеу күзде, далада – ыстық жазда, альпілік шабындықта – гүлдеген көктемде және мұздақтарда – қыста.

Бірақ саяхатшыларды кей жерлерде қауіп те күтіп тұруы ықтимал. Жартасты мұздақтар поясында күшті қиратушы сел ағыстары болады, тауларда опырылып құлау мен қар көшкіндері болады.

Алматыдан 60 км жерде, Іле Алатауында 8 мың жылдар шамасы бұрын тауда опырылып құлау нәтижесінде Есік көлі пайда болған. Көл теңіз деңгейінен 1760 м биікте, ұзындығы 1850 м, жалпақтығы – 1600 м және тереңдігі – 55 м. 1963 жылы 7 шілдеде Мұздақтар ймағынан Есік өзенінің жоғарғы жағынан күшті сел ағысы болып, 1млн м 3 лас тасты материалды ағызып әкелді, алып толқындар (биіктігі 12 м) табиғи бөгеттерді бұзып, нәтижесінде бірнеше сағат ішінде көлден Есік өзені алқабына 18 млн м 3 су құйылды. Апаттан соң көлдің орнында, түбінде диаметрі 100м болатын көлшік қана қалды. Қазір бұл жерде жоғалып кеткен көлді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Нағыз көркем мекендердің қатарына Алматы облысының шығысында , Алматыдан 193 км жердегі Іленің сол жақ арнасы Чарын өзенінің каньоны жатады. Каньон АҚШ тың Колорадосының атақты Үлкен каньонын еске түсіреді, тек кішірек. Ол тым көркем, қызықты және геолого-геоморфологиялық қатынаста түрліше: қою тәртіпсіз жүйесіз бірегей қалдықтар, тік жарқабақтар, көптеген арқалықтар мен жыралар. Каньонның тік жарларының биіктігі 150-300 м, бұл баурайлардан төменгі карбонның қазып алынатын фаунасының сансыз қалдықтарын табуға болады. Каньонның түбімен Чарын өзені ағып жатыр, өзеннің арнасы табалдырықты, ағысы шапшаң, жайылманың және жайылма үсті террасаларының учаскелері тал, жиде, терек, бөріқарақат, жыңғыл, тамариск өскіндерінің тоғайымен басылған. Бірақ нағыз үлкен қызығушылық тірі табиғат ескерткіштері – реликті шетенді және туранг тоғайлары.

Алматы облысының оңтүстігінде, Іле Алатауының Бозгүл мекенінде, Шынтүрген шырша ормандары бар. Бұл осы күнге дейін сақталып қалған солтүстік тайганың мұздану дәуірінен қалған қараңғы- қылқанды учаскесі, және үлкен ғылыми құнды болып есептеледі.Жалпы орман өскен шырша алаңы 500 га құрайды, 1968 жылдан бастап Шынтүрген шыршалары Қазақстанның табиғат ескерткіші болып жарияланды.

Өте сирек феноменальды ландшафтылы ескерткіш Іле өзенінің оң жақ жағалауында Алматыдан 182 км жерде орналасқан. Бұл әндетуші құмдар. Құмның дыбысы, орган музыкасын есіңе салады, барханның бетінде қозғалыс пайда болады. Уақ қоңыр-сұрғылт құм бөліктерінің тізбектің баурайына сырғанауы ерекше әсер беретін дыбыс эффектісін шақырады. Құм тізбегінің ұзындығы 1км ден асады, жалпақтығы -500м дей, биіктігі – 100м ден астам. Құмның дыбысы әдетте құрғақ ауа райы кезінде батыстын жел соққанда пайда болады. Дыбыс эффектісін жасанды түрмен, бірнеше адамның бархан баурайымен бір уақытта жүгіргенде алуға болады. Құмның «дыбыс беру» табиғаты құм субстратының және құм бөліктерінің электризациялық физико-механикалық қасиетімен түсіндіруге болады.
9 дәріс

Тақырып:Турист гигиенасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет