Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



бет15/15
Дата17.06.2018
өлшемі1,4 Mb.
#42451
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпқа байланысты оқулықтар мен кестелерге қарап зертханалық жұмысты орындау.
15 АПТА.

15 зертханалық жұмыс



Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Өсімдіктерді анықтау әдісі.

Зертханалық сабақтың өту барысы: Қарайтын тұқымдасына байланысты В.В. Ивановтың анықтау кітаптарын пайдаланып, әр студент өзіне берілген өсімдікті анықтайды және кестелер мен оқулықтарды қолдана отырып, сол өсімдікке сипаттама беру.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: Студенттерге өсімдіктердің тұқымдастарын анықтау әдісін түсіндіру.
№10 зертханалық жұмысты, СӨЖ және СМЖӨЖ орындаған кезде В.В. Ивановтың «Определители флоры СССР и флоры Казахстана» анықтағыш оқулығын, соның ішіндегі қияқөлеңдер, тарылар, шытыршалар тұқымдастарын анықтайтын бөлімдерін пайдалана отырып, өсімдіктерді анықтау. Бұл тұқымдастардың және осы тұқымдастар өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттап жазу. Әрбір студент осы тұқымдастардан арнайы өсімдіктерін тобын алып анықтайды.

Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 452-510 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 77-113 беттер.

  3. Определители В.В.Иванова, Флора СССР и Флора Казахстана.


Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпқа байланысты оқулықтар мен кестелерге қарап зертханалық жұмысты орындау.
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕР, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР, КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

(Бағдарламада қарастырылмаған)



9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1 жұма:

Микроағзалардың даму тарихы, вирустардың ашылу тарихы. Микробиология мақсаты.


Адамға жұғатын кейбір вирустар, олардың алдын алу жолдары.
Пайдалы және зиянды микроағзалардың көбеюі мен дамуын зерттейтін ғылым ретінде микробиология баға беру. Пайдалы микроағзаларды пайдағы асыру жолдары және зиянды микроағзалармен күресу жолдары.
2 жұма:

Пинулярия мен мелозираның көбеюімен және таралуымен танысу.


Балдырлардың филогенетикалық байланысын зерттеу.
3 жұма:

Зигомицеттер клас/астындағы зең саңырауқұлағымен танысу.


Диксомицеттер туысы – склероций. Трюфельдер туысы – трюфель.
4 жұма:

Жалған саңырауқұлақтар қатары. Олардың шаруашылықтағы маңызы.


Қыналардың жалпы экологиялық және шаруашылық маңызы.
5 жұма:

Бауырмүгі класы, қатарларының ұқсастығы мен ерекшеліктері: маршанциялар және юнгерманиялар.


Мүктәрізділердің филогенетикалық байланысы. Олардың шаруашылықтағы маңызы.
6 жұма:

Қырықбуын мен оның споратүзуші масағының құрылысының морфологиялық ерекшелімен танысу. Оның даму циклі және өскініннің пайда болуы мен дамуы. өскіндерінің қоректену тәсілі, ерекшеліктері.


Тұқымды папоротниктер. Олардың филогенетикалық байланысы жөнінде әртүрлі көзқарастар. Олардың папоротниктәрізділермен ұқсастығы.
7 жұма:

Қылқан жапырақтылар қатары. Қарағайдың морфологиясы. Аналық және аталық тұқымбүрдіңкескінін қарау. Қарағайдың тұқымбүрінің құрылысы. Олардың даму циклінің ерекшеліктерімен танысу.


Нарцистің тұқым бүрі.

Жалаңаш тұқымдылардың жабық тұқымдыларға өтуі. Нарцистің тұқым бүрінің айырмашылығы. Жабық тұқымды өсімдіктердің қосарланған ұрықтану. Жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Тұқым бүрлері: саговник, қарағай және нарцисті салыстыру. Олардың эволюциясы. Саговник, беннетит, эфедра және гнета, магнолияның ұқсастығы және айырмашылығы, эволюциясы.


8 жұма:

Хамелия гүлділер қатарынан тарағандар.


Қалақайлар (крапива), казауриндар, шамшаттар (буковые), қайыңдар және жаңғақ гүлділердің хамел гүлділерден тараған филогенетикалық байланысы және ерекше белгілері. Осы тұқымдастардың кейбір өкілдері.
Қалампыр және таран тұқымдастарымен танысу.
9 жұма:

Рутогүлдер, Сапиндалар және герангүлдермен танысу.


10 жұма:

Брамелие, касатик, орхид қатарларының құрылысының ерекшеліктерімен танысу. Олардың филогенетикалық байланысы. Орхид өкілдерінің жабайы және мәдени түрлері.


Ситник қатарымен танысу және біздің флорада кездесетін негізгі өкілдері. Олардың маңызы.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, коллоквиум, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

Микроағзалардың табиғатта зат айналымдағы ролін сипаттау. Бактериялардың жіктелуі, бактериялардың құрылысына сипаттама беру. Алтынтәрізді және эвгленді балдырларға сипаттама беру. Жасыл балдырларға қысқаша сипаттама беру. Қоңыр балдырлардың ұрпақ алмасуы. Саңырауқұлақтар және олардың табиғаттағы маңызы. Жоғарғы сатылы өсімдіктердің даму циклі. Тас көмірдің пайда болуындағы папоротниктердің ролі. Қылқан жапырақтылардың жер шарында таралу себептері. Жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдыларға өтуі. Раушангүлділердің маңызы. Даражарнақты және қосжарнақтылардың филогенетикалық байланысы.астық тұқымдастарының маңызы.



Коллоквиум 1
Билет 1
1. Бактериялар бөлімі (Bacteriophyta). Жалпы сипаттама.

2. Жасыл балдырлар (Chlorophyta) бөлімі.

3. Саңырауқұлақтар клеткаларының ерекшеліктері.

4. Жетілмеген саңырауқұлақтар.


Билет 2
1. Бактериялардың морфологиялық типтері.

2. Диатомды балдырлар (Bacillariophyta) бөлімі.

3. Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota) бөлімі. Сапрофиттік, паразиттік және симбиотрофты тіршілік етуге бейімделуі.

4. Қыналар (Lichenophyta) бөлімі. Қыналар туралы түсінік.


Билет 3
1. Бактерияның табиғатта таралуы және қоректенуі.

2. Қоңыр балдырлар (Phaeophyta) бөлімі.

3. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және оларды классификациялау принципі.

4. Зигомицеттер (Zygomycetes) класы. Жалпы сипаттама.


Билет 4
1. Вирустар (Virophyta) бөлімі. Жалпы сипаттама.

2. Бактериялардың әрекетін ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте пайдалану (сарциналар, миксобактериялар, бацилалар).

3. Қызыл балдырлар (Rhodophyta) бөлімі. Жалпы сипаттама.

4. Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класы. Жалпы сипаттама.


Коллоквиум 2
Билет 1
1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Құрлықты ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері.

2. Мүк тәрізділердің бөлімі (Bryophyta). Жалпы сипаттама.

3. Плаун тәрізділер (Lycopodiophyta) бөлімі. Жалпы сипаттама.

4. Гүл, оның шығу тегі.



Билет 2
1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс органдарының шығу жолдарының мүмкіндіктері. Даму циклдерінің ерекшеліктері.

2. Псилофиттер (Psilotophyta) бөлімі. Жалпы сипаттама.

3. Қырық буындылар немесе бунақтылар (Eguisetophyta) бөлімі. Жалпы сипаттама.

4. Магнолия гүлділер қатары. Жалпы сипаттама.


Билет 3
1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Даму циклдерінің ерекшеліктері.

2. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Pinophyta немесе Gymnospermae).

3. Гүлді өсімдіктердің әр түрлілігі, олардың қазіргі кездегі жердің өсімдіктер жамылғысының ролі.

4. Раушан гүлділер қатары.



Билет 4
1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері.

2. Қосарынан ұрықтану, эндоспермнің ерекшеліктері.

3. Сарғалдақ гүлділер қатары.

4. Пальма гүлділер.


10. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫ САРАМАН ӨТКІЗІЛУІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ЕСЕПТІК ҚҰЖАТ ФОРМАЛАРЫ

(Бағдарламада қарастырылмаған)


11. БІЛІМДІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Бактериялар бөлімі (Bacteriophyta). Жалпы сипаттама. Клетка құрлысы. Бактериялардың морфологиялық типтері. Көбеюі, тұқым қуалаушылық информацияның берілу тәсілдері. Қолайсыз жағдайларда тіршілігін сақтап қалуға бейімделуі. Бактерияның табиғатта таралуы және қоректенуі. Олардың органикалық заттар ыдырауына қатысу және табиғатта зат айналымындағы маңызы. Бактериялардың әрекетін ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте пайдалану (сарциналар, миксобактериялар, бацилалар).

Вирустар (Virophyta) бөлімі.

Балдырлар (Algae).

Пирофитті балдырлар (Pyrrophyta) бөлімі.

Жасыл балдырлар (Chlorophyta) бөлімі.

Диатомды балдырлар (Bacillariophyta) бөлімі.

Қоңыр балдырлар (Phaeophyta) бөлімі.

Қызыл балдырлар (Rhodophyta) бөлімі.


Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota) бөлімі. Саңырауқұлақтар клеткаларының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі. Бунақталған және бунақталмаған мицелий. Мицелийдің түр өзгерістері. Субстартқа мицелидің орналасуы. Сапрофиттік, паразиттік және симбиотрофты тіршілік етуге бейімделуі. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әр түрлілігі. Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және оларды классификациялау принципі. Саңырауқұлақтардың кластары. Жетілмеген саңырауқұлақтар.

Класқа тән белгілері. Вегетативтік денесінің құрылысы. Жыныссыз көбеюі. Жыныс процестері. Даму циклі.

Хитридиевтер (ольпидиум, синхитриум). Олардың құрылысы мен көбею ерекшеліктері және даму циклі.

Сапролегниялар (Saprolegniales) қатары (сапролегния).

Зигомицеттер (Zygomycetes) класы.

Пиреномициттер.

Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класы.

Қыналар (Lichenophyta) бөлімі. Қыналар туралы түсінік. Қыналардың талломдарының формалары: қыртысты, жапырақты және бұталы, анатомиялық ерекшеліктері және компоненттері. Қыналардың көбеюі.



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Құрлықты ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесінің морфологиялық және анатомиялық жіктелуі. Негізгі органдары мен тканьдері. Құрлықта тіршілік етуімен байланысты көбею органдарының өзіндік ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс органдарының шығу жолдарының мүмкіндіктері. Даму циклдерінің ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері.

Мүк тәрізділердің бөлімі (Bryophyta).

Псилофиттер (Psilotophyta) бөлімі.

Плаун тәрізділер (Lycopodiophyta) бөлімі.

Қырық буындылар немесе бунақтылар (Eguisetophyta) бөлімі.

Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Pinophyta немесе Gymnospermae).

Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктер құрлық өсімдіктерінің эволюциясының ең жоғарғы кезеңі екендігі. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану, эндоспермнің ерекшеліктері. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Гүлді өсімдіктердің әр түрлілігі, олардың қазіргі кездегі жердің өсімдіктер жамылғысының ролі. Классификациялау принциптері.

Қос жарнақтылар класы.

Магнолия гүлділер қатары.

Сарғалдақ гүлділер қатары.

Көкнаргүлділер қатары.

Раушан гүлділер қатары.

Бұршақ гүлділер.

Шатырша гүлділер.

Орталық тұқымдылар қатары.

Түтікгүлділер қатары.

Алқа тұқымдасы.

Ерін гүлділер.

Сабынкөк тұқымдасы.

Астра гүлділер.

Шамшат гүлділер.

Дара жарнақтылар класы.

Лала гүлділер.

Қияқ тұқымдастары.

Астық гүлділер.

Пальма гүлділер.




  1. ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ



  1. Дарбаева Т.Е. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2006 жыл. Бактериялар типі.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.




  1. АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНА ТІЗІМІ

№5 Корпус 27 және 29 аудиториялар


ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:

материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;

материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;



дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;

пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет