Жаратылыстану-математика



бет18/24
Дата29.01.2018
өлшемі1,93 Mb.
#36048
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

Дәріс мазмұны:


1. Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі және биосферадағы маңызы.

2. Халықаралық Қызыл Кітап. ҚР-ның Қызыл Кітабының даму тарихы.

3. ҚР-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері.

4. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген өсімдіктері.

5. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары

Дәрістің мақсаты: Қызыл Кітаптың даму тарихы мен маңызы туралы түсінік беру.

Негізгі сөздер: Халықаралық Қызыл Кітап, ҚР-ның Қызыл Кітабы.


  1. Халықаралық Қызыл Кітап. ҚР-ның Қызыл Кітабының даму тарихы.

Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалашылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсмідіктердің тізімдері кірді.

1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа» енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.

«Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын (категориясын) анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:

І санат – жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр т.б.

ІІ санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер. Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

IV санат – белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б.

V санат- қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер. Бұл санат 1972 жылдан бастап жасыл бетте басылып шыға бастады. Мысалы, кіші аққу, көкқұс, т.б.

«Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, өсімдіктерді жоюға тиым салынған.


  1. ҚР-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері.

Қазақ ССР-нің Қызыл кітабының бірінші томына сүтқоректілердің 24 түрі түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қосмекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп, толық сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың тағы 13 түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқыш жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барысы, гепард, түркістан сілеусіні, қарақал, бархан мысығы және т.б.)

Құстардың қызғылт және бұйра бірқазан, ақ және қара дегелек, фламинго, шиқылдақ аққу, дуадақ , қырандарды атауға болады. Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жорғалаушылардың кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және сирек кездесетіні - сұр варан. Оның ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.

Қазақстанда мекендейтін қосмекенділердің 11 түрінің біреуі – жетісу тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.

Сырдария Қаратауын іс жүзінде реликттер мұражайы десе де болады. Мұнда Қызыл кітапқа енген 40 түр өседі. Батыс Тянь-Шанның сирек эндемиктерінің 50 түрі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Талас қайыңы, жабайы жүзім, зеравшан аршасы және т.б. Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің басым көпшілігі ареалының шағын болуымен сипатталады.

Сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, корықшаларда қорғауға алынады. Егер жануар немесе өсімдіктің саны популяцияның минимальды мөлшерінен төмен болса (мысалы, гепард, берқара терегі) онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.


  1. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген өсімдіктері мен жануарлары.

Облыста 3 республикалық және 5 облыстық қорықшалар, 1 қорықты аймақ, 2 табиғат ескеркіші бар. Қазір облыстың барлық қорғалатын аумағы 450 мың гектар жерді алып жатыр, шамамен облыс жерінің 3% -ын қамтиды.

Облыс аумағында орналасқан республикалық маңызы бар қорықшалар: 1. Кирсанов. 2. Бударин. 3. Жалтыркөл. Бұлардың үшеуі де зоологиялық. Сонымен қатар бұл қорықшалар облыстағы алғашқы қорықшалар болып табылады. 1967 жылы ұйымдастырылған. Жергілікті маңызы бар 5 қорықша: 1. Ақ құм жерінің қорықшасы. 2. Орда геоботаникалық қорықшасы. 3. Шалқар биогидрологиялық қорықшасы. 4. Емендер алаңы ботаникалық қорықшасы. 5.Селекциондық ботаникалық қорықшасы. Қорықшалар Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар кездесетін жерлерде құрылған.

Жайық өзені республика көлеміндегі маңызы бар қорықты аймақ болып табылады.

Сонымен бірге облыста табиғат мұрасы болып табылатын Үлкен Ешкі (Ичка) тауы мен Садовое көлі бар.

Бүгінгі күні облыс аумағында бірнеше он мыңдаған омыртқасыздармен қатар 460-тан астам омыртқалы жануарлар түрі белгілі. Табиғи факторлардың және адам іс-әрекетінің әсерінен облыс аумағында сары тоқалтіс, құндыз, және бұлан құрып кетсе, қоқиқаз ұялауын тоқтатып, ал оншақты түрдің сан мөлшері қысқарып, кейбіреулерінің жойылып кету қаупі тұр. Соңғы жылдары олар тіршілік ортасының ластануымен ареалдарының қысқаруынан зардап шегуде.

Облыс фаунасының Республика Қызыл кітабына енген түрлер саны көбейді: омыртқалылар 53 (оның ішінде сүтқоректілердің 5 түрі, құстардың 41 түрі, жорғалаушылардың 2 түрі, балықтардың 4 түрі, дөңгелек ауыздылардың 1 түрі ) мысалы: алып соқыр тышқан, сұңқылдақ аққу, сарыбауыр қара шұбар жылан, ақ балық, каспий миногасы және т.б., бунақты денелілер -27 мысалы: әдемі инелік, бұғы қоңыз, екінүктелі қанқызы, махаон көбелегі және т.б. Осы ҚР-ның Қызыл кітабына енген бунақ денелілерге қосымша Батыс Қазақстан аймағына тән сирек кездесетін 8 түр анықталды.

БҚО В.В.Иванов және О.Т.Кольченконың деректеріне сай, өсімдіктің 1256 түрі кездеседі. Олар 117 тұқысмдас. Пен 487 туысқа біріктірілген. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан 14 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, мысалы: көктемгі жанаргүл, ақтұңғиық, мамыр інжуі, Шренка қызғалдағыжәне т.б., 10 түр – СССР-дың Қызыл кітабына енген: ақ селеу, Еділ майқарағаны, Карпух-Троцкий өгіз көзі және т.б.

Тек мемлекеттің қолдауымен, ғалымдар мен көпшілік халықтың бірлескен қызметі нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.ҚР-ның Қызыл Кітабының даму тарихы.

2. ҚР-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері.

3. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері.

4. Халықаралық Қызыл Кітап

Әдебиет:

1. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001; 192 б.


Апта 15

Кредит сағат 15

Дәріс № 15

Тақырыбы: Экологиялық құқық. Экологиялық мониторинг


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет