М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Жаратылыстану-математика
факультеті деканы
Медешова А.Б.
«__»__________ 2010 ж.
«Физика», «Информатика», «Тарих», «Химия»
мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Экология және тұрақты даму
(пәннің атауы)
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 1
Семестр – ІІ
Кредит саны - 2
Дәріс – 15 сағат
Практикалық жұмыс – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 2 -ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал - 2009 ж.
ПӘННІҢ ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде (Астана қаласы, ҚР БҒМ 11.06.2005 № 289 бұйрығы) құрастырылған.
Құрастырушы(лар): оқытушы Жамалиева Л.С.
«Биология және экология» кафедрасының отырысында қарастырылды.
“13” қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі Қайсағалиева Г.С. _________
(аты-жөні) (қолы)
Жаратылыстану-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
“15” қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама.
Факультеттің
оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы Темралиева С.Б.
(қолы) (аты-жөні )
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SILLABUS
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
- Кажиахметов Салауат Абайевич
- Биология және экология» кафедрасы, №5 ғимарат, 34-кабинет.
- жұмыс телефоны: 50-35-49
Пән туралы мәлімет
Экология
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 1 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан дәріс және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесі:
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 1
(1 практикалық )
|
50 мин
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 1
Өту орны: сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит
саны
|
Дәріс
|
Практикалық сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
2
|
15
|
15
|
30
|
90
|
емтихан
|
Кіріспе.
«Экология – табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз», - деп Э.Геккель экология ұғымына анықтама берген. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстелік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылым. Экология курсында, оның даму тарихымен, бөлімдерімен, ағзалар, популяциялар, бірлестіктер экологиясымен, экологиялық жүйе, биосфера тақырыптарымен танысады. Ғаламдық экологиялық проблемалар тақырыбында дәріс оқылады. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайымен, ондағы өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алынған орындар(қорықтар, қорықшалар) туралы мәлімет алады.
Бұл курс студенттердің экологиялық ойлауын, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Курстың мақсаты:
Болашақ мамандарды экологияның негізгі бағыттарымен және қазіргі заманғы экологиялық проблемалармен, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың даму жолдарымен, студенттердің экологиялық білімі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз жауапкершілігін арттыру.
Курстың міндеті:
Жер бетіндегі тіршіліктің даму заңдылықтарын, тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын қарастыру.
Табиғатты қорғау мақсатында студент санасына қарапайым ұғымдар мен білім қалыптастыру.
Антропогендік факторлармен байланысты қоршаған ортаның негізгі проблемаларына талдау жасау.
Экологиялық қауіпсіздік негіздерін қарастыру.
1 апта
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып: Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе.
Достарыңызбен бөлісу: |