Жаратылыстану-математика


Әдебиет: 1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002



бет9/24
Дата29.01.2018
өлшемі1,93 Mb.
#36048
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Әдебиет:

1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

2. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001; 37-46 б.



3 кредит сағат

3 дәріс



Тақырып: Ағзамен қоршаған ортаның қарым-қатынасы. Шектеуші факторлар.

Дәрістің мазмұны:


1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер.

2. Шектеуші факторлар. Ю. Либихтің минимум заңы.



3. В. Шелфордтың толеранттылық заңы.

Дәрістің мақсаты: Тірі ағзаларға тән қасиеттер мен олардың экологиялық факторларға реакциясын анықтау.


Негізгі сөздер: шектеуші фактор, «Минимум заңы», толеранттылық;
1. Ағзалардың өлі табиғатта кездеспейтін көптеген ерекше қасиеттері бар, бірақ ол қасиеттер тек тіршілікке ғана тән емес. Сондықтан тіршілікке анықтама берудің бір жолы – олардың негізгі қасиеттерін жүйелеп баяндау.

  1. Тірішіліктің құрылымы. Тіршіліктің құрылымы нуклеин қышқылдары, ақуыз сияқты макромолекулалардан басталып, органоидтар, жасушалара, ұлпа, мүше және ағзаға дейін күрделенеді. Тіршіліктің жоғары дәрежедегі құрылымы ағзалардың бірлестігі – популяция мен биоценоздан тұрады.

  2. Қоректену. Ағзалар өмір сүруіне қажетті энергия мен заттарды қоректену арқылы алады. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын қоректік заттар жасауға пайдаланады. Бұл – фотосинтез құбылысы. Фотосинтез құбылысы автотрофты жолмен қоректенетін жасушаларда жүреді. Жануарлар мен саңырауқұлақтар басқа ағзалардағы органикалық заттарды ферменттердің көмегімен ыдыратып қорытады, оны қоректену дейді.

  3. Тынысалу. Ағзалар тыныс алғанда кейбір көп энергиялы қосылыстар ыдырап, соның нәтижесінде энергия бөлінеді. Бұл энергия аденозинтрифосфот (АТФ) молекуласы түрінде сақталады.

  4. Өсу. Өлі табиғат (мысалы, кристалдар) сыртқы қабатына жаңа заттар қосу арқылы өссе, тірі ағзалар қоректік заттардың есебінен өседі.

  5. Даму. Уақыт өткен сайын ағзалар күрделеніп өзгереді. Ондай өзгерісті даму дейді. Кристалдар өзара бір-бірімен қосылу арқылы өссе, өсімдіктер мен жануарлар қоректік заттардың есебінен өседі және пайда болған жаңа мүшелердің химиялық құрамы мен құрылымы алғашқы ағзаға қарағанда өзгеше болады.

  6. Бейімделу. ағзалар өздері өмір сүрген ортаға бейімделеді. Мысалы, балық, бақа және маймылдардың сыртқы құрылысына қарап, олардың өмір сүру ортасын анықтауға болады. Ағза мүшелерінің және жануарлардың мінез-қылығының белгілі ортаға сай келуін бейімделу дейді.

  7. Тұқымқуалаушылық. Тіршіліктегі тұқым қуалайтын молекулалардың құрамы бірдей және ол молекулалар ағзалардың өзінен бөлініп, ұрпақтарына беріледі және ата-енелерінің негізгі белгілерінің ұрпаққа берілуін, түрлердің сақталып қалуын қамтамассыз етеді.


2. Экологиялық факторлардың организмге әсер ертуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа фактрлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948 ж) ашқан. Оны «Минимум заңы» дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
3. Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік немесе толеранттылық заңы В.Шельфордтың есімімен аталады.Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамының шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мысалы, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы аңдар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер.

2. Шектеуші факторлар.Ю.Либихтің минимум заңы.

3. В.Шельфордтың толеранттылық заңы.


Әдебиет:

1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым, 1997.23-36 б.

2. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.


3. Ж.Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау». 2003. 49-54 б.
4 кредит сағат

4 дәріс



Тақырып: Популяция туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:


  1. Популяция түсінігі. Популяцияның кеңістіктік таралуы.

  2. Популяцияның саны және тығыздығы. Көбею және өсу.

  3. Популяцияның жастық құрылымы.

  4. Популяциядағы генетикалық процестер. Популяцияның өсуі, қисық сызық.

Дәрістің мақсаты: Популяцияның құрылымы, саны, тығыздығы, өсуі және кеңістікте таралуы туралы жалпы сипаттама беру


Негізгі сөздер: популяция, космополиттер, убиквистер, эндемиктер, ареал, перманентті (тұрақты), темпоральды (уақытша), панмиксия;

1. Түрлер, әдетте тиесілі даралар біркелкі таралмай, популяциялар ретінде үлкен ареалды алып жатады. Түрдің тұрақтылығы популяциялар арасындағы байланыстармен қамтамасыз етіледі.

Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.

«Популяция» ұғымы латынның populus – халық, тұрғындар деген сөзінен шыққан, сондықтан экологиялық популяцияны белгілі бір территориядағы бір түрдің тұрғындары ретінде анықтауға болады. «Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді. Популяция ішіндегі панмиксияның (еркін шағылысудың) да, даралардың арасындағы байланыстың да деңгейі әр түрлі популяциялардағы даралардың арасындағыдан жоғары. Популяция эволюцияның, сонымен қатар түрдің құрылымдық бірлігі болып табылады. Популяцияда түраралық қатынастарға тән барлық байланыс формалары байқалады.

Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері таралу аймағы – ареал деп аталады.

Ареалдың әр түрлі орталықтарын бөледі: геометриялық орталық; ареал шегіндегі түрдің пайда болу орталығы; даралардың ең жоғары мөлшері қоныстанған молшылық орталығы.

Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты:



Космополиттер – өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік бөлігінде кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны);

Убиквистер – әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге қабілетті, үлкен ареалы, кең экологиялық валенттілігі бар ағзалардың түрлері (мысалы, кәдімгі қамыс, қасқыр);

Эндемиктер – кішкентай шектелген ареалдары бар ағзалардың түрлері (көбінесе аралдарда, таулы жерлерде және тұйық суқоймаларда кездеседі).

Жануарлар үшін арасында құстарға тән ұшу жолдары немесе кейбір сүтқоректілер мен балықтарға тән миграция жолдары түрінде байланысы бар трофикалық және репродуктивті ареалдарды жіктейді.


2. Популяциялар мөлшері және генетикалық тұрақтылығының деңгейі, тіршілік ұзақтығы, даралардың көбею жолдары, т.б. белгілері бойынша жіктеледі.

Алып тұрған территориялары және даралар арасындағы байланыс деңгейіне байланысты популяциялар:



  1. Қарапайым (локальді) популяция – толық дерлік панмиксия тән даралардың қарапайым жиынтығы;

  2. Экологиялық популяция дегеніміз – экология жөнінен біркелкі жағдайлы аймақтармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы;

  3. Географиялық популяция белгілі бір географиялық шектерде кездесетін жергілікті ықшам популяциялардың жиынтығын көрсету үшін кең мағынада қолданылады.

Ұрпақ қалдыруына және жеке эволюциясына байланысты популяциялар:

  1. Перманентті (тұрақты) - уақыт және кеңістікте салыстырмалы тұрақты, шексіз ұзақ уақыт ұрпақ қалдыруға бейім популяциялар;

  2. Темпоральды (уақытша) – уақыт және кеңістікте тұрақты емес, шексіз ұзақ уақыт ұрпақ қалдыруға бейімделмеген, уақыт өтісімен перманентті популяцияға айналатын немесе жойылып кететін популяциялар.

Көбею жолдарына қарай популяциялар:

Панмиктикалық популяциялар – жынысты жолмен айқас көбейетін даралар жиынтығынан тұрады.

Клониальды популяциялар – тек қана жыныссыз көбею түрі тән даралар жиынтығы.

Клониальды-панмиктикалық популяциялар – жынысты және жыныссыз көбейетін даралар жиынтығы.

3. Жеке дараға тән емес, популяцияның өзіндік арнайы қасиетері бар: саны, тығыздығы, өмір, өлім, өсу жылдамдығы т.б.

Популяцияның сандық көрсеткіштерін статикалық және динамикалық деп бөлуге болады.



Статистикалық көрсеткіштер популяцияның дәл қазіргі уақыттағы санын, тығыздығын, құрылымын көрсетеді.

Популяция саны дегенімізпопуляциядағы даралар саны. Әр түрлі уақытта популяция саны өзгеріп отырады. Бұл өзгеріс түрдің биотикалық потенциалына және ішкі жағдайларға байланысты.

Популяция тығыздығы дегеніміз – көлем немесе кеңістік бірлігіне шаққандағы популяцияның даралар саны немесе биомассасы.

4. Популяция жасы, жынысы, көлемі, генотипі және даралардың территорияларда таралуына байланысты құрылымды ұйым болып табалыды. Осыған байланысты популяцияның түрлі құрылымдарын ажыратады: жыныстық, жастық, генеттикалық, кеңістіктік-этологиялық және т.б.

Жыныстық құрылымы – популяциядағы аталық және аналық жыныстар қатынасы. Жыныстық құрылым тек қана дара жынысты ағзалар поауляциясына тән. Теория бойынша жыныстық қатынастар бірдей болуы тиіс, п. жалпы санының 50% аталық даралар, ал 50% - аналық даралар. Жыныстар қатынасы ортаның әртүрлі факторларына, түрдің генетикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Жастық құрылымы – популяция дараларының әр түрлі жас топтарының қатынасы.

Кеңістіктік – этологиялық – ареал шеңберінде орналасқан даралардың мінездемесі. Ол қоршаған ортаның ерекшелігіне және түрдің этологиясына (мінез-құлық ерекшелігіне) байланысты.

Генетикалық құрылымы – популяциядағы әртүрлі генотиптер мен аллельдердің қатынасы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Популяция дегеніз не? Ол қалай жіктеледі?

2.Популяция саны және тығыздығы.

3.Популяцияның жастық құрылымы.

4.Тірішілік және түраралық қарым-қатынастар.

5.Популяция санының ауытқуы.Гомеостаз.

6.Популяциядағы генетикалық процестер. Популяцияның өсуі, қи-сық сызық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет