Жаратылыстану-математика



бет23/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
3 апта

3 кредит сағат

3 дәріс



Тақырыбы : Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

1. Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және картографиялық деректер.

VІІ ғасырдан бастап Қазақстан территориясын зерттеуде арабтар көрнекі роль атқара бастайды. Ал арабтар VІІІ ғасырдың басында аса ірі мемлекет болып қалыптасқан. Араб ғалымдары өз саяхаттарының жазба ескерткіштері және сұрастырып білгендерінің негізінен әкімшілік-санақ сипатындағы мағлұматтарды жинаған. Шығыста қоныстанған халықтар туралы, қалалар мен елді-мекендер және олардың тұрған орындары жөнінде, жолдар, сондай-ақ басқыншыларға білуге қажетті басқа да объектілер жайында деректерге көбіне-көп көңіл бөлінген. Сайып келгенде, осының бәрі арабтар мен географиялық білімдерін кеңейтуге септігін тигізген.

Қазақстан негізінен бұрынғысынша жайылымдарда мал өсіру кәсібімен шұғылданды. Көшіп-қону ісіне өте мұқият қарады. Өйткені шұрайлы жайылымдарды іздеп тауып, оларды игеру көшпенділерден білгірлікті, ата-бабаларының көп жылғы тәжірибесін орынды пайдалана білуді, қоныс жайларына ұқыптылықпен қарауды талап етті.

Қазақ жері туралы соны деректер европалықтардың Қазақстан жайында бұрынғы білгендердің толықтыруға көп себін тигізген. Осы деректер негізінде ХІV ғасырдан бастап Батыс Европада жаңа географиялық карталар жасалған, оларда Қазақстан территориясы Птолмей карталарына қарағанда неғұрлым дұрысырақ бейнеленген. Белгісіз автор 1375 жыл жасаған «Каталон картасы» осындай карталардың бірінен саналады. Бұл картаға Азияның едәуір бөлігі,соның ішінде Арал теңіздері, Маңғыстау түбегі және бүкіл Орта Азия бейнеленген. Айтылмыш атаулардың картаға енгізілуіне олардың Батыс Европадан Орта Азия мен Қытай өтетін сауда жолының үстінде тұруы себеп болған еді.

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет