Жаратылыстану-математика



бет26/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
6 апта

6 кредит сағат

6 дәріс



Тақырыбы : Қазақстан территориясын табиғи-географиялық зерттеулер

1. Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңдегі арнайы шолып-барлау мақсатындағы зерттеулер.

19 ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының екінші кезеңіңе аяқ басты. Кіші және Орта жүз қазақтарының орыс мемлекетінің қоластына кіруі халқының көбі әлі де болса жоңғар феодалдары мен орта Азия хандықтарының езгісінде жапа шеккен Ұлы жүзге зор әсер етті. Өздерін көршілес дүрдараз халықтарының езгісі мен шапкыншылығынан құтқарып, қорғаныш әрі асқар таудай пана болу тек Ресейдің ғана қолынан келетінін Ұлы жүз қазақтары жан-жүрегімен сезінді.

1819 жылдан бастап 1856 жылға дейін Ұлы жүз жерлері бір-бірлеп Ресейге қосылды. Қазақстан территориясын өз игілігіне мықтап бекіту мақсатымен патша үкіметі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарының Ресейге қосылу барысына қарай жаңа бекіністер салу ісін қолға алды. Айталмыш кезеңде Арал теңізіз төңірігінде Райм, Жоңғар Алатауының бөктерінде-Қапал, Жетісуда-Верный бекіністері және басқа әскери ірге тепті. Тірек пункттер салынар алдында жергілікті табиғат жағдайлары зерттелді.

19 ғасырдың 60-жылдарында орыстар Қоқан хандығымен күресте Қазақстанның оңтүстік облыстарының бүкіл территориясын азат етті. 1873 жылы көктемде патша әскерлері соғыссыз Хиуа хандығын басып алды. Амудария өзенінің оң қапталындағы жерлер түгелдей Ресейдің қарамағына көшті. Сонымен, Қазақстанның бүкіл территориясы ресей империясының құрамына кірді.

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет