Жаратылыстану-математика



бет28/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
8 апта

8 кредит сағат

8 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу

1.П.П.Семенов-Тянь-Шаньский-Қазақстанды зерттеуші.

П.П. Семенов 19 ғасырдың 50-жылдарының басындаақ Тянь-Шаньды зерттеуді алдына мақсат етіп қойғанды. Ол былай деп жазды: «Азияның ішкі аймақтарына еніп, адам баласының ойы жетпесе қолы жетпейтін осынау бір заңғардың қар басқан шоқыларына шығу, қытайлық мардымсыз мағлұматтарға сүйеніп... ұлы Гумбольт вулкандардан жаратылағн деп есептеген алыптың сынықтарынан оған бірнеше түрлерін, ал үйге ғылым үшін ашылған бимәлім лкенің өсімдіктері мен жануарларының ұшан теңіз түрлерін жинап әкелу-міне, менің арман ттқан ең ерен ерлігім осы еді».

Ол кезде европалық ғылымда Орта Азия тауларының жаратылысы жөнінде атақты ғалымның көзқарастары үстемдік етіп тұрғанды. Тянь-Шаньды А. Гумбольт биік шоқыларында Альпі мұздықтар жатқан, Түркістаннан бастап Монғолияға дейінгі өн бойында от шашақан вулкандары бар заңғар қарлы жота деп түсінді.

П.П. Семеновқа ғылымда белең алған жаңағыдай жаңсақ ұғымға тойтарыс беруге тара келді.

П.П. Семенов Тянь-шань мен қазақстан территориясын зерттеуге 1856-1857 жылдары кірісті. 1856 жылғы майда экспедицияға шыққан ол июньде Барнаул қаласында жұмысын бастап, одан Алтайдың батыс аймақтарында болып, Семей арқылы Верный қаласына аттанды.

«семейден бастап Қапал бекінісіне дейін бүкіл кеңбайтақ әрі өзіндік қызығылықты ерекшеліктері ұлан-асыр елді аралап, топырақ өңдеу ғылымының мүдделері талап еткен жерлердің бәріне аялдап, асықпай-сасапай жүріп өттім. Екі жерде биік таулардың мәңгі қар жатқан шоқыларына, атап айтқанда Қапалдың түбіндегі Қаратау тізбегінің және Қапалдан әлде қайда шалғайдағы Көксу өзенінің маңындағы Аламақ сілемінің ұшар басына шығудың сәті түсті », деп жазды, П.П. Семенов Орыс Географиялық қоғамы Советіне жолдаған алғашқы хатында.

П.П. Семенов Верный қаласынан екі жолы-Ыстықкөлге, бір жолы-Құлжа қаласына сапарға шықты. Алғашқы сапары Іле Алатауының тау асулары арқылы Ыстықкөлдің шығыс пұшпағына дейін соылды да, екіншісінде Кастек асуынан өтіп, Боам шатқалына барды. Қайтар жолында П.П. Семенов Күнгей және Іле Алатауының ең биік асуларын басыр өтті.

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет