Астана қаласы
№54 мектеп-лицей
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мұздықтар және олардың маңызы
Пән мұғалімі: Аяған Медет Ерланұлы
2016 жыл
Пәні: География
Сыныбы: 6 «б»
Сабақтың тақырыбы: §47 Мұздықтар және олардың маңызы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Гидросфера жайлы алған білімдерін тереңдету және кеңейту, «мұздықтар», «қар жиегі», «тау мұздықтары», «жабынды мұздықтар» ұғымдарын қалыптастыру, олардың пайда болуы және маңызын аңықтау.
Тәрбиелік мақсаты: Экологиялық сананы қалыптастыра отырып, өз жеріміздің суларына жауапкершілікпен қатынас жасау мақсатында, адамгершілік сезімдері мен қасиеттерін ояту жолдарын қарастыру арқылы тәрбиелеуге ықпал ету.
Дамытушылық мақсаты: Құзіреттілікке бағытталған және қызығушылығын арттыруға арналған өздік жұмыстарын орындау барысында танымдылық қажеттілігін туғызу және логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың формасы: топпен, жекелей жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, тест үлестірмелері, дүние жүзі физикалық картасы.
Пәнаралық байланыс: экология
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Сыныптың санитарлық-гигиеналық сай екендігіне назар аудару.Сабақ өтеуге қолайлы жағдай жарату.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Екі топқа сұрақ-жауап шынды бағындыру: (жарыс)
Мұзтау тобы: (сұрақтары)
1.Гидросфера деген не?Гидросфераны құрайтын компоненттерді атаңдар.
2.Ғаламшарда су қандай күйде кездеседі?
3. Көл дегеніміз?Пайда болуына байланысты нешеге бөлінеді?
4. Ағынды және ағынсыз көлдер жөнінде айтып беріндер.
5.Қанша дүниежүзілік мұхит бар? Оларға жекелей тоқтал.
6.Гидросфераның қатты күйіне қай бөлігі жатады?
Артезиан тобы: (сұрақтары)
Кіші және үлкен су айналымдары дегеніміз?
Мұхит бөліктерін ата.
Өзен бастауы,сағасы, атырауы, аңғары дегеніміз?
Жер асты суы дегеніміз? Су өткізбейтін және су өткізгіш қабаттар қандай жыныстардан құралған?
Артезиан суы дегеніміз?Артезиан суы атауы неге байланысты қойылған?
Бір жерге нығыздалып жинақталған мұзды қалай атаймыз?
Бүгінгі тақырып: Мұздықтар және олардың маңызы.
Проблемалық сұрақтар:
Мұздықтар қайда болады,неліктен,қандай заңдылыққа байланысты?
Оларды қандай мұздықтар дейміз?
Гренландия қандай арал,неге оның бетін мұз басып жатыр?
Таулардағы және құрлықтағы мұздықтарда айырмашылық бар ма?
Сонымен алдымызға қандай мақсат қоямыз?
Оқушылардың мақсатқа шығуы.
III. Жаңа білімді қалыптастыру кезеңі
Сабақ жоспары:
1.Мұздықтар. Қар жиегі.
2. Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар.
3.Мұздықтар маңыздылығы
4.Қар жиегінің орналасу ерекшелітері.
Картада тау мұздықтарының бейнеленуі.
Егер қар жылдағы еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата-жата нығыздалып, өзгеріп, мұзға айналады. Бір жерге жинақталған мұз мұздық құрайды.
Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық қар жиегі немесе қар шекарасы деп аталады.
Құрлық аумағының 11%-ын мұздықтар алып жатыр.Мұздықтардың екі түрі бар, олар жабынды немесе материктік мұздықтар және тау мұздықтары. Жабынды мұздықтар жер бетіндегі мұздықтар көлемінің 98%-ын құрайды.Антарктида, Гренландия және Арктиканың біраз аралдарын жабынды мұздықтар алып жатыр.
Антарктиданың жағалау бөлектерінен өздерінің орасан зор салмағының әсерінен алып мұз кесектері бөлініп, теңізде жүзіп жүретін мұзтауларға, яғни айсбергтерге айналды.
Біздің елімізде тау мұздықтары Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында және Алтайда таралған. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы – Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы.
Оның ұзындығы 12 км. Жер бетіндегі тұщы судың 97%-ға жуығы мұздықтар мен мәңгі қарларда шоғырланған.
Тау мұздығы
Жаңа сабақты бекіту.
1.Жабық тест
1. Табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен үрдістерді зертейтін ғылым:
2. Гидросфера-
3. Айсберг-
4.Антарктидадағы мұз бетінен көтеріліп шығып тұрған ең биік шыңдар:
5. Корженевский-
6. Қар жиегі-
Сабақты қорытындылау.
Гипотезалық сұрақтар.
Неге жер бетіндегі су жоғалып кетпейді?
Дүниежүзілік су айналымы жайлы ұғым.
Дүниежүзілік су айналымы әсерінен гидросфера бөліктері бірігеді.
Үйге тапсырма: §47-48 (мазмұндау) 136 бет. Дүние жүзі бойынша мұздықтарды тауып, жазып келу.
Бағалау.
Оқушының өзін-өзі бағалауы
Ұжымның бағалауы
Мұғалімнің бағалауы
Достарыңызбен бөлісу: |