Кесінді әдісімен жинағыш және шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығын есептеу
Қысқаша теория
Бұл зертханалық жұмыспен таныспас бұрын 1-зертханалық жұмыста келтірілген геометриялық оптика негізгі анықтамаларын және линзалық жүйенің қасиеттерін білу қажет. Осы жұмыста жұқа линза үшін кесінді әдісі қолданылады. Ол жинағыш (1-сурет) және шашыратқыш (2-сурет) линзалардың фокустық қашықтықтарын төмендегі формула арқылы анықтауға мүмкіндік береді:
(1)
1-сурет. Жинағыш линзадағы сәулелердің жолы.
Оң линза болған жағдайда оны оптикалық орындық бойымен нәрсенің анық кескінін (үлкейтілген немесе кішірейтілген) алғанға дейін жылжыта отырып, содан соң (1) формула бойынша f-ті анықтау үшін s және s′ қашықтықтары өлшенеді.
Ал теріс линзаның фокустық қашықтығын анықтау қиынға соғады, себебі ол әрқашанда нәрсенің жалған кескінін береді (2-сурет).
2-сурет. Шашыратқыш линзадағы сәулелердің жолы.
Нақты кескін алу үшін қосымша жинағыш линза қолданылады. Әуелі жинағыш линзамен экранда жарық көзінің анық кескінін алып, линзадан экранға дейінгі s1 қашықтықты өлшеп, содан соң оң линза мен экранның арасына шашыратқыш линзаны орналастырады. Шашыратқыш линзаны экранда нәрсенің нақты кескіні шыққанша қозғай отырып, экраннан жинағыш линзаға дейінгі s2 қашықтық өлшенеді.
3-сурет. Шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығын анықтау.
Шашыратқыш линзаны орналастырмастан бұрынғы және кейінгі пайда болған нәрсенің нақты кескінінің координаттары және линзалардың арасындағы қашықтық арқылы s және s′ ұзындықтарын анықтауға мүмкіндік туады. Бірінші формула бойынша шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығы есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |