Жаратылыстану математикалық факультет



бет13/59
Дата28.06.2017
өлшемі7,59 Mb.
#20391
түріПротокол
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59

ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

І. Өлшеулер

1. Астрономиялық көру трубасының (1-сурет) моделін жинаңдар және объектив пен окулярды қолданылатын линзалардың фокустық қашықтықтарының қосындысына тең аралықта орналастырыңыздар (фокустық қашықтықтар белгілі деп қарастырылады).

2. Линзалар жүйесіне түсетін сәулелер шоғы параллель болу керек. Ол үшін жарық көзі мен линзалар жүйесінің арасына жарық көзінен өзінің фокустық қашықтығына тең қашықтыққа қосымша линза орналастырылады.

3. Нәрсенің d1 сызықтық өлшемін және кескіннің d2 сызықтық өлшемін өлшеңдер (4-сурет).

4. Өлшеулерді басқа линзалар үшін қайталаңдар.

5. Галилей көру трубасының моделін жинаңдар (2-сурет).

6. Экрандағы жарық нүктелерінің d2 ара қашықтығын (кескіннің сызықтық өлшемін) өлшеңдер (5-сурет).

7. Өлшеулерді басқа линзалар үшін қайталаңдар.


ІІ. Есептеу және қорытынды

1. Төмендегі формула бойынша астрономиялық және Галилейдің көру трубаларының үлкейтуін есептеңдер:



(5)

мұндағы f1 және f2 –объективтің және окулярдың фокустық қашықтықтары.

2. Екі әдіспен есептелген оптикалық аспаптың сызықтық үлкейтуінің мәндерін салыстырыңдар.

3. (4) формула бойынша микроскоптың сызықтық үлкейтуін есептеңдер.


Бақылау сұрақтары:

  1. Линзаның түрлері.

  2. Линзаның негізгі сипаттамалары (оптикалық центрі, оптикалық осі, бас фокусы, оптикалық күші, үлкейтуі).

  3. Линзадағы кескіндердің кемшіліктері.

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын оқып үйрену.
Жұмыстың мақсаты;

А. Геометриялық оптиканың негізгі заңдарының дұрыстығына көз жеткізу.

Б. Айналардың параметрлерін және мөлдір призмалардың сыну көрсеткіштерін анықтауды үйрену.
Қысқаша теория

Осы жұмыста геометриялық оптиканың (сәулелік) негізгі заңдары оқылады. Геометриялық оптика толқындық оптиканың тек қана шектік жағдайы.

Геометриялық оптикада негізгі ұғым – жекеленген жарық сәулелері. Олар шағылу және сыну заңдарына бағынады және бір бірінен тәуелді. 1660 жылы Француз математигі және физигі Пьер Ферма геометриялық оптиканың негізгі принципін тағайындады. Оның принципіне сәйкес жарықтық екі нүктесінің арасын ең аз уақытты қажет ететін жолмен өтеді.

Біртекті орта үшін Ферма принципі жарықтың түзу сызықты таралу заңына келтіреді, өйткені екі нүктені қосатын сызықтың ең қысқасы – түзу. Ал әртүрлі орталардың шекарасынан өту жағдайы үшін жарықтың шағылу және сыну заңдарын беріледі.



Жарықтың сыну және шағылу құбылыстарында жарық сәулелерінің өзаралылық немесе қайтымдылық заңы орындалады, яғни сәулелердің бағытын кері өзгерту кезінде олардың өзара орналасулары өзгермейді. Бұл принцип, сындырушы жүйелер үшін қорытылған кез келген формуланы шағылдыратын жүйелер үшінде қолдануға мүмкіндік береді. Бір ортадан екіншісіне өту кездегі сыну заңын қарастырайық (1 сурет).

1 – сурет. Жарықтың сынуы 2 – сурет. Жарықтың шағылуы



кезіндегі сәулелердің жолы кезіндегі сәулелердің жолы

(1) немесе

(2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет