2-сурет. Галилейдің көру трубасындағы сәулелердің телескоптық жолы.
Астрономиялық көру трубасында (1-сурет) объективтің артқы фокусы окулярдың алдыңғы фокусымен сәйкес келеді. Линзалардың осылай орналасуы шығатын және кіретін сәуле шоқтарының параллель болған кездегі сәулелердің телескоптық жолын қанағаттандырады.
Егер оң окулярдың орнына терісті орналастырсақ, Галилей трубасын аламыз (2-сурет) және окуляр беретін А кескіні жалған болады. Галилей трубасының артықшылығы - ол нәрсенің тура кескінін береді.
Микроскопты модельдеген кезде екі оң линза қолданылады (3-сурет).
3-сурет. Микроскоптағы сәулелердің жолы.
Микроскоптағы сәулелердің жолын қарастыралық. Зерттелетін L нәрсе линзаның (окулярдың) алдыңғы фокусына жақын орналастырылады, ал аралық L′ кескін фокальдық жазықтықтың артында орналасады. Объектив нақты төңкерілген үлкейтілген L′′ кескінді тудырады.
Суреттен көріп отрығанымыздай, кескін көрінетін φ2 бұрышы үшін төмендегі қатынас орындалады:
(2)
мұндағы L′-аралық кескіннің сызықтық өлшемі, L-нәрсе өлшемі. φ1 тусу бұрышының тангенсі:
(3)
(D=25 см)
Олай болса микроскоптың үлкейтуі линзалардың фокустық қашықтықтары белгілі болса төмендегі формуламен анықталады:
(4)
мұндағы - микроскоп тубусының ұзындығы (үлкен микроскоптар үшін )
Окуляр мен объективтің аралығында пайда болған кескіннің аралық күйі бақылаушы көзінің бейімделуіне байланысты. Біз модельденген оптикалық жүйелердегі сәулелердің жолын бейімділікті шексіздік деп бақылаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |