Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет11/18
Дата22.08.2017
өлшемі1,16 Mb.
#24506
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Пайдаланатын әдебиеттер:


1 Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2 И.Нұғманұлы «Химияны оқыту әдістемесі 50-59 бет



Дәріс № 11

Тақырыбы: Химиялық эксперименттің әдістемесі. Ойша эксперимент. Проблемалық оқытудағы химиялық эксперимент.

Дәріс мақсаты: Проблемалық және ойша эксперимент туралы мағлұмат беру және оларды өткізу туралы әдістемесімен түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Ойша эксперимент жүргізу әдістемесі.

Проблемалық эксперимент әдістемесі.

Проблемалық экспериментке қойылатын талаптар.



Дәрістің мазмұны:

Орта білім беретін мекемелерде химияны оқыту процесінде мұғалімдер ойша экспериментін сирек қолданылады.

Ойша экспериментін ережеге сай абстрактілі ойлауы дамыған жасы үлкен оқушылармен жүргізген жақсы. Олар анализ, синтез салыстыру, абстракция және т.б. ойлау операцияларын меңгерген және шын эксперимент жүргізуге қабілетті.

Оқушылардың ойлау экспериментін шешу білігі қалыптасқан соң оны ұжымдық түрде топ бойынша немесе бөлек оқушылардың орындауын тапсырады. Кейде оны үй тапсырмасы ретінде қолдануға болады.

Мысалдан көрініп тұрғандай ой эксперименті жеке ой эксперименті мен нақты эксперименттен тұрады. Біріншісі өте аз уақытты керек етеді, әсіресе, егер оны сабақтарда жиі қолданса, және сыныптағы барлық оқушылардың абстрактілі ойлау қабілеттері дамыған. Екіншісі нақты эксперименттің орындалу уақыты оқушылардың игерген біліктері мен дағдыларының игерілген деңгейіне байланысты. Мұнымен қатар оқушылардың даму дәрежесі мен дайындық деңгейлеріне байланысты, сонымен қатар сабақтың дидактикалық мақсатына тәуелді түрде ой экспериментін сабақтың барлық сатысында фронтальді түрде немесе жұмыстың индивидуалды түрде өткізуге болады.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Ойша эксперименті қашан және қай класта жүргізуге болады?

  2. Ойша экспериментінің маңызы қандай?

  3. Ойша экспериментке мысал келтір.

  4. Проблемалық ситуация дегенге қалай түсінесің, ол қандай жағдайда туады?

  5. Проблемалық экспериментке мысал келтір.

Пайдаланатын әдебиеттер :


1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)
Дәріс № 12

Тақырыбы: Эксперименттік білікті және дағдыны қалыптастыру әдістемесі. Эксперименттік білік пен дағдының классификациясы.

Дәріс мақсаты: Студенттерге эксперименттік білік дағдылардың жіктелуін айтып, дағдылардың мазмұнын түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

Эксперименттік білік, дағдының жіктелуі: ұйымдастырушылық, техникалық, өлшегіштік, интеллектуалды, конструкторлық.

Эксперименттік білік, дағды деңгейлері, оларға сипаттама.

.Дәрістің мазмұны:

Эксперименттік білік дағды лабораториялық жұмыстар және практикалық сабақтар кезінде қалыптасады. Химияны оқу кезінде қалыптасатын білік дағдыларды 5 топқа бөлуге болады:


  • Ұйымдастырушылық

  • Техникалық

  • Өлшегіштік

  • Интеллектуалды

  • Конструкторлық

Осылардың әрқайсысы мазмұнына сай тағы да топталады. Эксперименттік білік дағдыны меңгеру мүмкіндігіне қарай үш деңгейге бөлінеді.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Эксперименттік білік дағды неше топқа жіктеледі?

  2. Ұйымдастырушылық білік дағдыға мысал келтір.

  3. Техникалық білік дағдыға мысал келтір.

  4. Өлшегіштік білік дағдыға мысал келтір.

  5. Интеллектуалды білік дағдыға мысал келтір.

  6. рукторлық білік дағдыға мысал келтір.

  7. Білік дағдының дейгейлерін ата.

Пайдаланатын әдебиеттер :

1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)


2. И.Нұғманұлы «ХОӘ»

Дәріс № 13-14

Тақырыбы: Эксперименттік білік дағдыларды қалыптастыру әдістемесі.

Дәріс мақсаты: Эксперименттік білік дағдыларды қалыптастыру әдістемесімен, тәсілдерімен таныстыру. Эксперименттік білік дағдыны бағалау критерийлерін анықтау

Қарастырылатын сұрақтар:

Эксперименттік білік дағдыларды қалыптастыру жолдары.

Эксперименттік білік дағдыларды қалыптастыру тәсілдері.

Эксперименттік білік дағдыны бақылау және есепке алу



Дәрістің мазмұны: .Химияны оқыту кезінде қалыптасатын эксперименттік білік дағдыларды 5 топқа бөлуге болады.

  • Ұйымдастырушылық

  • Техникалық

  • Өлшегішштік

  • Интеллектуалды

  • Конструкторлық

Осы жоғарыдағы бес түрлі эксперименттік білік дағдыны оқушылар әр түрлі меңгереді.Бірі- ұйымдастырушылық,екіншісі- техникалық,үшіншісі- интеллектуалды білік дағдыны меңгереді.

Оқушылардың эксперименттік білік дағдысы мұғалімнің тәжірибе көрсету кезінен басталады. Сондықтан мұғалім тәжірибе жасағанда ешқандай қате жібермеуі керек. Химиялық экспериментке қажет білік дағдыларды 8-сыныптан бастап қалыптасады. Химия курсын терең әрі берік меңгеруге қажет эксперимент білік дағдылардың тәсілдері:



  • Ерітінділерді даярлау және олармен жұмыс жасау

  • Заттарды тану

  • Таратылып берілетін материалдармен жұмыс

  • Приборды құрастыру және онымен жұмыс

  • Қыздыру, ұнтақтау, сүзу, буландыру т.б. тәсілдерді үйрену

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

    1. Эксперимент білік дағдыны қалыптастыру дамыту не үшін қажет?

    2. 8-сыныпта қандай эксперимент білік дағды қалыптасады?

    3. Эксперимент білік дағды тәсілдерін ата.

Пайдаланатын әдебиеттер :


1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж..
Дәріс № 15

Тақырыбы: Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеу әдістемесі.

Дәріс мақсаты» Аз мөлшерлі реактивтермен жұмыс істеу әдістемесімен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеудің артықшылығы және ерекшелігі.

Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеу үшін қажет құрал-жабдықтар.

Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеудің әдістемесі



Дәрістің мазмұны:

Химиялық эксперимент жасағанда алынған заттың массасына байланысты: макросалмақ (0,05-0,5 г) жартылай макросалмақ (0,01-0,5 г) және микросалмақ (0,1-10 мг) деп бөледі. Химиялық реакция жүргізгенде концентрация бәрінде бірдей, бірақ ерітінді көлемі мен аппаратура көлемі әртүрлі болады. Соған сәйкес шағыен пробирка, пипетка, бюретка, фарфор, шыны таяқша, ұяшығы бар фарфор не шыны пластинка болады. Бұл микрометод деп аталады. Тәжірибені 1-2 тамшымен істеуге болады. Бұл әдіспен жұмыс істеу уақытты, реактивті үнемдеуге мүмкіндік береді.



Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Аз мөлшерді реактивтермен жұмыс істеудің артықшылығы неде?

  2. Аз мөлшерді реактивтермен жұмыс істеудегі құрал-жабдықтарды сипатта.

  3. Аз мөлшерді реактивтермен жұмыс істеу әдістемесін айт.

  4. Жартылай микро әдіс дегенді қалай түсінесің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет