Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, IV тарау, 44-45 беттер.
СОӨЖ
Тақырыбы: Химия мектеп оқулықтары.
Мақсаты: Мектеп оқулықтары туралы әдістемелік мәліметтерді меңгере отырып, оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесімен танысу.
Өткізу формасы: Студенттердің өздік жұмысы, әңгімелесу пікір – талас.
Тапсырма 1
Төмендегі сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан.
Мектеп сараманында химиядан қандай авторлардың оқулықтары және қандай уақыт аралығында қолданылды?
Тұңғыш қазақ тілінде балама байқау оқулықтарын қашан, кімдер шығарды?
Олардың құрылымын мен мазмұны.
Тапсырма 2
Қазіргі кезде оқушылар қолданып жүрген төл оқулықтардың мазмұны мен құрылымы.
а) авторлары мен баспасына көңіл аудар, ойыңды қорытындыла.
ә) оқулықтардағы алғы сөзді оқып талда.
б) оқулықта қандай шартты белгілер бар?
в) Оқулық қандай тараулардан құралған?
г) Әр параграф, тақырып санында жаттығулар, тапсырмалар сұрақтар, берілген бе?
Олардың маңыздылығы.
Тапсырма 3
Хабарлама даярла. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесі.
Тапсырма 4
Оқулыққа қойылатын талаптар.
а) мәтінге қойылатын талаптар.
ә) дидактикалық талаптар
б) безендіру ісіне қойлатын талаптар, (эстетикалық, полиграфиялық, гигиеналық)
Әдістемелік нұсқау
Достарыңызбен бөлісу: |