Химиялық есептердің оқу тәрбиелік маңызы және жіктелуі.
Сан есептері.
Сапа есептері.
Тірек сөздер: сан есептері, сапа есептері. Химиялық формула, теңдеу бойынша есеп
шығару.
Мектеп курсындағы химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің біріне саналады. Химиялық есептер: а) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; д) политехникалық ұстанымдарын іске асыру; е) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.
Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі.
Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді:
Сан есептері;
Сапалық және сынақтық тәжірибелік есептер;
Бұларды шығару үшін химиялық тәжірибелер пайдаланылады; бұл химиялық тәжірибелердің кейде зерттеу сипаты да болуы мүмкін.
Сан және сапалық есептер өз алдына жеке типтерге жіктеледі.
Сан есептерінің типтері.
І. Формула бойынша есептеу, оның мынадай бірнеше түрі бар;
Формуласы бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу;
Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынасын есептеу;
Күрделі заттағы элементтердің массалық үлесін оның формуласы бойынша есептеу (элементтік құрамын);
Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеу;
Ерітіндінің және еріген заттың белгілі массалық үлесі бойынша еріткішпен еріген заттың белгілі массасын есептеу;
Заттың белгілі мөлшерінің массасын есептеу;
Заттың белгілі бір массасына сәйкес зат мөлшерін (мольмен) есептеу;
Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;
Газ күйіндегі қосылыстың белгілі-бір мөлшерінің көлемін есептеу (қалыпты жағдайда 00С, 105Па);
Құрамында белгілі бір қоспасы бар, бастапқы заттардың белгілі массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу;
Термохимиялық теңдеу бойынша есептеулер.
Газ күйіндегі заттың молекулалық формуласын табу.
Химиялық типтік есептерді шығару мысалдары тек қана формула бойынша шығаруға біріктірілген, шынында бұл есептерді 17 типке бөлуге болар еді.
Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері:
Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:
Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;
Заттарды алу;
Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;
Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;
Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.
Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеті мен құрамын анықтау.
Жаттығулар
Оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір іскерліктер мен дағдыларды дамытуға жаттығулардың маңызы зор. «Химиялық есептің» терминін түсіндіруге әріскерлер мен мұғалімдер де бірізділік жоқ. Кейде жаттығуларды есептерге жатқызып жүр. Екеуінің арасында елеулі айырмашылығы бар.
Орта мектепте химия курсында сан және сынақ-тәжірибелік есептермен қатар, ешбір математикалық есептеулерді қажет етпейтін немесе тәжірибелер жасап, сынақ-тәжірибе жүргізбей-ақ орындауға болатын «есептер» де бар. Ондай «есептер» жаттығулар деп аталады. Жаттығулардың түрі де әр түрлі, мәселен, химиялық формулалар және теңдеулерді құрастыру және оқи білу, қазіргі оқулықтарда жаттығулар әр тақырыптардың соңында берілетін бақылау сұрақтарымен бірге беріліп жүр.
Жаттығулар көпшілік жағдайда заттар арасындағы байланысты немесе бір заттан екінші затты алуға көшу құбылыстарын көрсетуде көбірек пайдаланылады. Химиялық жаттығулардың өзіні орындау мақсаты мен ерекшеліктеріне қарай мына төмендегідей типтерге бөлуге болады:
Белгілі құбылыстарға түсінік беру және оның реакция теңдеулерін жазу;
Заттардың класаралық байланыстарына арналған жаттығулар;
Электролиттік диссоциация ьеориясы бойынша теңдеулерді қысқартуға байланысты жаттығулар;
Тотығу-тотықсыздану реакцияларына арналған жаттығулар;
Атом құрылысы мен изотоптарға арналған түрі;
Органикалық заттардың бір класынан екінші класына өтуге, құрылыс формулаларын құрастыруға, изомерияларын түзуге кеңістік құрылысын салуға т.б. жаттығулар;
Іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін құрастырып, жаттықтыру көп зиян келтіреді. Жаттығулар мақсатқа сай және орынды жүргізілгенде ғана нәтижелі болады. Талапқа сай келмейтін жаттығулар оқу уақытын алады, оқушылардың білім игеруіне пайда келтірмейді.