Бекітуге арналған сұрақтар. 1.Метагалактика дегеніміз не
2.Күн жүйесіне нелер кіреді
3.Күн жүйесі мен жұлдыздар эволюциясы
4.Күн жүйесінің пайда болуы
Әдебиеттер: 7. 222-226 б.б.
№4 дәріс.
Тақырыбы:Астрономияның негізгі объектілері және оларды зерттеу.
Мақсаты:Астрономияның негізгі объектілері және материяның құрылымдық деңгейлерімен таныстыру
Дәріс мазмұны: 1.Астрономиялық масштабтағы материяның құрылымдық деңгейлері.
2. Әлемді «терең» және «кең» мағынада қарастыру Мега, Макро, микроәлем.
1. Астрномияда кез – келген, әрбір, кішкентай болса да объект – астероид, метеорит, микрометеор – жеке деңгейде қарастырылады. Олардың әрқайсысы да өзінің тарихы бар және даму барысындағы жүйе ретінде зерттеледі.
2. Астрономиялық масштабтағы материяның құрылымдық деңгейлерін қарастырғанда Бүкіл Әлемді үш құрылымдық деңгейге; мегамир, макромир, микромирге бөлеміз.
Мегамир – Астрономиялық зерттеу жасауға мүмкіншілік бар жалпы Бүкіл Әлемнің материалдық үлкен бір бөлігі.
Макромир – адам өмір сүріп, әрекет жасайтын және өзінің сезім мүшелері арқылы, тнаымды қабылдайтын жалпы әлемнің бөлімі.
Микромир – адам өзінің тікелей бақылауы арқылы таным жасай алмайтын жалпы әлемнің бөлімі.