Жаратылыстану



бет1/3
Дата29.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#8177
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
Оқу бағдарламасы

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)


Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)

Астана 2015

Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттік бағдарлама). – Астана, 2015. – 33 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған


Мазмұны

І Жалпы мәлімет


2 Оқу мақсаттарының жүйесі 14

3 Ұзақ мерзімді жоспар .......................... 24


  1. Жалпы мәлімет




  1. «Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы

Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:


  • қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;

  • өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;

  • жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын.

Атаулы пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:



  • гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;

  • мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмсысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;

  • БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Ғаламтор ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;

  • өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

  • өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

  • жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.


2 «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Жаратылыстану» пәні бойынша негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.

Пән бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;

- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;

- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;

- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақ тілінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

«Жаратылыстану» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:

«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.

«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8- тармақ), мұғалімдердің пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.

«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9- тармақ), бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.


4 «Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:


Сынып

Апталық жүктеме


Жылдық сағат саны

1

1

33

2

1

34

3

2

68

4

2

68

Бастауыш сыныптары кабинеттеріндегі жиһаздардың орналасуы еркін қозғалуға, ойын, эксперименттер өткізуге, оқушылар жұмыстарының көрмесі мен ресурстарға жеткілікті кеңістік, орын болуын қамтамасыз етуге тиісті. Пәнді оқыту үшін мамандандырылған зертхананың болуы міндетті емес, мүмкіндік болған жағдайда биология, физика және химия кабинеттері ресурстарын қолдану ұсынылады.



Төменде бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімі берілген:

  • компьютер;

  • интерактивті тақта;

  • проектор;

  • деректермен жұмысқа арналған компьютерлік бағдарламалар;

  • үзіліссіз қуат беру көзі;

  • принтер-сканер;

  • бор тақтасы;

  • жылжымалы тақта;

  • магнитті тақта;

  • проектор;

  • компьютер;

  • MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап);

  • таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш;

  • жалғағыш сымдар;

  • қосып-ажыратқыш;

  • 2-4 V лампалар;

  • сандық фотоаппарат;

  • глобус;

  • күн жүйесінің моделі;

  • тақырыпқа сай түрлі модельдер мен нақпішіндер (муляждар);

  • бөлме өсімдіктері;

  • тақырып бойынша кестелер мен плакаттар;

  • тақырыптық бейнематериал коллекциясы;

  • табиғи кендер мен минералдар коллекциясы;

  • айна;

  • жарық көзі;

  • жылу көзі;

  • еріткіш заттар;

  • ыстыққа төзімді ыдыс;

  • колбалар;

  • шыны түтік;

  • сүзгіш қағаз;

  • қорғаныш көзілдірік;

  • үлкейткіш әйнек (лупа);

  • микроскоп;

  • әртүрлі өлшемді магниттер жинағы;

  • термометрлер;

  • жүктер;

  • таразы (теңдеушелермен және электрондық);

  • жарық датчигі;

  • таймер;

  • динамометр;

  • өлшеуіш рулетка;

  • секундомер;

  • дыбыс көзі (музыка аспаптары, қоңыраулар және т.б.);

  • дыбыс өлшегіш;

  • мөлдір және мөлдір емес денелер;

  • калориметрлер (термос);

  • түрлі электрөткізгіш заттардың жиыны (әйнек, мыс, болат, алюминий, резеңке, пластмасса);

  • магниттік компастар;

  • телескоп;

  • анықтамалықтар мен энциклопедиялар;

  • флипчарт;

  • қағаз қыстырғышы бар планшет;

  • ватман;

  • өсімдіктер гербарийі;

  • топырақ түрі коллекциясы;

  • Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;

  • жануарлар тұлыбы;

  • адам қаңқасы.


5 «Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда:



  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  • проблемаларды анықтау және шешу тәсілдерінің үлгісін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

  • жеке және топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың алдыңғы меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамытудың маңыздылығын мойындау;

  • зерттеу жұмыстарына негізделген оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытатын белсенді оқуын мадақтау;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану;

  • оқушыларды мұғалім мен оқушылар арасында және оқушылардың өз арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;

  • оқушының оқуын «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау.

«Жаратылыстану» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер:

  • сенімді қатынас пен әріптестік үшін жағдай жасау;

  • ғылыми проблемалардың шешімін табу үшін басқалармен бірге және өздігінен іздеу әдістерін қолдану және жоспарлау;

  • оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, дифференциалық тапсырмалар құру;

  • ғылыми сұрақтарды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру;

  • топ жетістікке жетуі үшін әр оқушы түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін топтық жұмысқа жағдай туғызу;

  • өз ойын жеткізе білу және дәйек келтіру, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және зерттеулерді әрі қарай жоспарлау қабілетін дамыту үшін ынталандыратын проблемалық жағдаяттар құру;

  • белгілі бір тақырыпта мәселені шешу үшін миға шабуыл жасау. Әр оқушы өз идеясын ұсынады, дұрыс шешім қабылдау үшін сынып болып талдау;

  • оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы, түрлі дереккөздерді пайдалану мен іс-әрекет түрлерін қолдануын талап ететін проблемалық жағдаяттар құру;

  • оқушылардың зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауы, жоспарлауы, зерттеу нәтижелерін ұсынуы арқылы қызығушылығын ояту;

  • сыныпта түрлі бағалауды қолдану және ұпай қою критерилерін қарастыру.


Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы

Пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына көмектесе отырып, үш тілді оқыту саясатын енгізуді қолдаулары тиіс. Пәндік мазмұнды меңгеруге қолдау жасау үшін, мұғалімдер атаулы пәнге тән ғылыми тілді дамытады. Осыған орай, әрбір сабақтың тілдік мақсаты анықталады, мысалы, «оқушылар жануарлардың аттары мен суреттерін ауызша және жазбаша түрде сәйкестендірулері қажет». Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың тілдік жетістіктерінің бағалануына қолдау көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың бай ғылыми тілін қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден тұратын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.


6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі мәдениет пен көзқарастарға деген құрмет – жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады. Мінез-құлықтың сәйкес нормаларына баулу оқушыларға қазіргі кезде барынша көпмәдениетті қоғамға айналып келе жатқан қоғамның әлеуметтік және еңбек өміріне тиімді әрі конструктивті қатысуына мүмкіндік береді.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасында:



  • тұлғааралық құзыреттілікті бағалауға және дамытуға мүмкіндік беретін түрлі ұлт өкілдерінен жұптық, топтық жұмыстарды қолдану;

  • түрлi елдердер мен аймақтардағы (мысалы, өсімдіктер, жануарлар, табиғат құбылыстарымен байланысты мерекелер және т.б.) белгілі мәдени-шаруашылық маңызы бар табиғи нысандар мен құбылыстарды оқып үйрену және қолдану;

  • «Әлем ғалымдары және олардың ғылыми жаңалықтары» тақырыбын оқу;

  • оқушыларды әрбір адамның жеке пікірін және оның ойының құндылығын ескеруге жетелеу қамтылған.


7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігіне оқушылардың өз жұмыстарында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста ептілікпен және шығармашылықпен қолдануы кіреді. Олар АКТ-ның негізгі дағдыларын игеруге құрылады.
«Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасында:

  • ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеуді үйрену (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мәліметтер оқиды, керекті мәліметті таңдайды, көшіреді және оны сақтайды);

  • мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым офистік бағдарламаларды (Word, PowerPoint) қолдану;

  • ақпараттарды өңдеу, оны қағаз бетінде және электронды тасымалдаушыларда сақтау үшін техника түрлерін) қолдану қамтылған.


8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі көпшілікте тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, яғни азаматты тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қарым-қатынас түрлі формада бағаланып, ынталандыратын және оқушылар өз пікірін сенімді түрде білдіре алатын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуы қажет.

Оқыту үдерісінде оқушылардың түрлі ақпарат құралдарын, «Жаратылыстану» пәнінің ғылыми лексикасын сауатты қолдана отырып, өз сыныптастарымен, мұғалімдермен және одан да кең көпшілікпен танытқан қарым-қатынасын көтермелеп ынталандыру қажет.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:


  • белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолданып мамандармен сұхбат жүргізу, мысалы, тіс гигиенасы туралы стоматолог дәрігермен әңгіме және оның жауабын ауызша әңгімелеу;

  • экскурсия бойынша әңгімелесу (мысалы, саябаққа барып келгеннен кейін оқушылардың бақылаулары туралы пiкiр алмасу);

  • тапсырмаларды бөлу және өзара оқу (мысалы, өсiмдiкке маусымдық өзгерiстердiң ықпалы туралы тақырыпты зерттеу барысында, топтар арасында өсiмдiкке әрбiр жыл мезгілінің ықпалдарын сипаттау тапсырмасын бөлiп беру);

  • белгілі тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылау, бір-бірінің пікірін тыңдау және ойын айту.

«Жаратылыстану» пәніндегі оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • жазбаша ақпарат көздерімен жұмыс: анықтамалар, энциклопедиялар, көрнекі және терминологиялық сөздіктер, ғылыми-танымдық журналдар, мерзімді әдебиеттер. Ғаламтор ресурстарымен жұмыс, мысалы, зерттелініп отырған тақырыпты қайта қарастыруда – ғылыми көзқарасты кеңейту, белгілі тақырып бойынша презентация әзірлеу және таныстыру.


«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • зерттеу (бақылау, көрсету және тәжірибелер) барысында жазба жүргізу;

  • ақпаратты сурет, схема, кесте, түрінде ұсыну;

  • зерттеу жұмысы бойынша есеп әзірлеу.


9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Жаратылыстану» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау – бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін, күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын, оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.

Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасы бөлімдерін меңгерудегі дағдыларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.



3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:

  • тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.

  • жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.

ІІ «Жаратылыстану» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Жаратылыстану» пәні мазмұны
Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.




Бөлімдер

Бөлімшелер

1

Мен - зерттеушімін

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

1.2 Табиғатты тану әдістері

2

Тірі табиғат

2.1 Өсімдіктер

2.2 Жануарлар

2.3 Адам

3

Заттар және олардың қасиеттері

3.1 Заттардың типтері

3.2 Ауа

3.3 Су

3.4 Табиғат ресурстары

4

Жер және Ғарыш

4.1 Жер

4.2 Ғарыш

4.3 Кеңістік және уақыт

5

Табиғат физикасы

5.1 Күштер және қозғалыс

5.2 Жарық

5.3 Дыбыс

5.4 Жылу

5.5 Электрлік

5.6 Магниттілік

Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.



  1. Оқу мақсаттарының жүйесі




«Жаратылыстану» пәні

1-бөлім. Мен - зерттеушімін



Оқушылар міндетті:

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

1.1.1.1 Қоршаған ортаның құбылыстарын, үрдістері мен нысандарын оқып меңгерудің қажеттілігін түсіндіру

2.1.1.1 Қоршаған ортаның құбылыстарын, үрдістері мен нысандарын оқып-тануға қажетті жағдай мен тұлғалық сапаларды анықтау.

3.1.1.1 Ғылыми жаңалықтардың аса маңыздылығы туралы және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

4.1.1.1 Зерттеулердің өзекті бағыттарын өзінің ықыласы мен толғаныстарының негізінде анықтау

1.1. Табиғатты тану әдістері




2.1.1.2 «Ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеу жүргізудегі маңызын

түсіндіру



3.1.1.2 Ақпарат көздерінің түрлерін білу (графиктік, мәтіндік, аудио-бейне және электрондық)

3.1.1.3 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау







1.1.1.2 «Бақылау» түсінігін білу

1.1.1.3 Қоршаған әлем құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру




2.1.1.3 Бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзімдер, нәтиже)

2.1.1.4 Бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу



3.1.1.4 Жүргізілетін эксперимент жоспарын құру

4.1.1.3 Меңгерілген зерттеу әдістері: бақылау мен эксперименттің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

4.1.1.4 Зерттеу жоспарын құру, зерттеу әдісін неліктен таңдағанын түсіндіре отырып, алынған нәтижелерді лайықтыформада ұсыну





2.1.1.5 Жүргізілетін бақылау жоспарын құру

2.1.1.6 Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды шығару



3.1.1.5 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде белгілеу, қорытынды жасау







1.1.1.4 «Тәжірибе» ұғымын білу

1.1.1.5 қарапайым тәжірибелер жасау



2.1.1.7 Эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзімдер, нәтиже)

2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілеу










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет