Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет85/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
99 
назар  аударылады:  оқытушы-ұйымдастырушының  саптық  тәсілдерді  толығымен,  элементтер  бойы-
нша кӛрсетуі және оқушылардың үйретілген саптық тәсілдсрді орындаудағы жаттығулары. 
Саптық  тәсілдерді  орындау  бастапқы әскери  дайындық  бойынша  басқа да  сабақтарда,  сондай-ақ 
дене даярлығы бойынша оқу сабақтарында және бастапқы әскери дайындық бойынша сыныптан тыс 
жұмыс шараларында да тоқтатылмауы керек. 
Әскери  топография  бойынша  оқу-сабақтарының  негізгі  мақсаты  ӛздерінің  орналасқан  жерлерін 
анықгау,  оқушылардың  таныс  емес  жерлерде  дұрыс  бағыт  таба  білулерін,  азимут  бойынша  дұрыс 
бағытқа қозғалу сапарын тандай білуі болып табылады. 
Азамматтық қорғаныс бӛлімі оқушылардың Қазақстан Peспубликасының тұрғындары мен эконо-
микасын бейбіт және соғыс уақыттарында табиғи зілзалалар зардабынан, үлкен опаттар мен апаттар-
дан  қорғау  жӛніндегі  шаралармен  танысуына,  сондай-ақ  тӛтенше  жағдайлар  болған  жерлер  мен 
зақымданған орталарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, және де жарақатттанған 
немесе зақымданған кездерде кӛмек кӛрсетуге арналған. 
Бастапқы әскери дайындық бағдарламасын толығымен оқып болғаннан кейін оқушылар: 
-  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  Заңдарының  талаптарына  сәйкес  Қазақстан 
Республикасын қорғау жӛніндегі азаматтардың жауапкершілігі мен міндеттерін; 
-  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуы мен сипатын; 
-  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери антының талаптарын; 
-  әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери тәртіптің мәні мен маңызын, тәуліктік кезек-
ші мен сақшының міндеттерін орындау дағдыларын; 
-  ұрыс кезіндегі сарбаз міндеттерін, дұшпанды жою тәсілдері мен әдістерін; 
-  атыс және қол гранаталарын лақтыру әдістері мен тәртібін; 
-  Қазақстан  Республикасының  тұрғындары  мен  экономикасын  қорғау  жӛніндегі  Азаматтық  қор-
ғаныстың негізгі шараларын білулері керек; 
-  кӛкжиек шеттерін, азимутты және оның бағытын анықтауы; 
-  сапта тұрып берілген әмірді, орнында және қозғалыста тұрып саптық әдістерді дұрыс орындаулары; 
-  жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалана білулері; 
-  ұрыс  алаңдарында  және  тӛтенше  жағдайларда  құтқару  жұмыстарын  жүргізген  кезде  жарақат-
танғаңдарға алғашқы медициналық кӛмек кӛрсетулері керек. 
Бақылау сабақтарында оқушылар (жасӛспірімдер) тӛмендегідей нормативтерді (жаттығулар, тәсіл-
дер, іс-қимылдар) орындайды: 
-  тактикалық дайындық бойынша – мақсаттарды айқындау, бағыттар мен жергілікті жердегі жағ-
дайларға қатысты олардың орналасқан жерлерін анықтау және бақылау нәтижелері жӛнінде баяндау; 
атыс позициясын (атуға арналған жер) таңдау; ұрыс алаңында еңбектей білу; танкке қарсы қол гра-
натасын лақтыруға үйрену; 
-  атыс дайындығы бойынша – жатып дәл атуға дайындалу және қаруды оқтау, бұдан басқа, оқу-
шылардың автомат және танкке қарсы гранатаның құрылымын білуі тексеріледі. 
Гарнизон бастықтарының, әскери бӛлім (әскери-оқу орындары) командирлерінің (бастықтарының) 
келісімі бойынша оқу-дала жиындары – кезінде автоматтан ату ұйымдастырылады. (автоматтан ату-
дың бастапқы жаттығуы); 
-  саптық  дайындық  бойынша  –  саптық  тұрыс,  орнында  тұрып  және  қозғалыста  болып  айналу, 
саптық  адым,  орнында  тұрып  және  қозғалыста  болып  әскери  сәлем  беру,  бастыққа  келу  жӛне  одан 
кету, сапка туру; 
-  Азаматтық  қорғаныс  бойынша  –  демалу  органдары  мен  теріні  жеке  қорғау  құралдарын  кию 
бойынша, істен шыққан газ тұтқышты пайдалану және денені таңу жӛніндегі нормативтер. 
Кӛрсетілген бӛлімдер бойынша бақылау сабақтарындағы оқушылардың бағасы олардың әрбір нор-
мативті  орындағаны  үшің  (тәсілдер,  жаттығулар)  алған  бағаларынан  құралады  және  тӛмендегідей 
болып анықталады: 
-  егер  тексерілген  нормативтердің  (тәсілдер,  жаттығулар)  кем  дегеңце  50%  "үздік"  деген  бағаға 
орындалса, ал қалғандары – "жақсы" болса, "үздік"; 
-  егер  тексерілген  нормативтердің  (тәсілдер,  жаттығулар)  кем  дегенде  50%  "үздік"  және  "жақсы" 
деген бағаларға орындалса, ал қалғандары – "қанағаттанарлық" деген бағадан тӛмен болмаса, "жақсы"; 
-  егер  тексерілгеи  нормативтердің  (тәсілдер,  жаттығулар)  біреуі  "қанағаттанарлық"  деген  бағаға 
орындалса, "қанағаттанарлық"; 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
100 
- егер, екі не одан да кӛп канағаттанарлықсыз баға алған болса, "қанағаттанарлықсыз" деген баға-
лар қойылады. 
Оқу орындарында бастапқы ескери дайындықты жоспарлау осы Жастарды бастапқы әскери даяр-
лау  мен  ӛмір  қауіпсіздігі  негіздерінің  Бағдарламасының  талаптарына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Ол 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке жасӛспірімдерді сапалы түрде даярлауға 
бағытталуы,  бағдарламаның  толық  орындауын  қамтамасыз  етуі,  оның  барлык  бӛлімдері  басқа  оқу 
пәндерімен тығыз байланыстырыла отырып, кешенді түрде зерделенуі керек. 
Әрбір оқу орнында бастапқы әскери дарлықтың бүкіл оқу жылында апталық жоспары жасалады, 
ал  бастапқы  әскери  даярлық  бойынша  оқу-сабақтары,  осы  пәнге  бӛлінген  оқу  сағаттарын  кӛрсетіп, 
оқу  орнын  ұйымдасқан  түрде  ӛткізу  және  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері  Жарғысының 
талаптарын  орындауға  оқушыларды  практикалық  дағдыландыру  мақсатында  оқу  орындарывда  оқу 
орны директорының бұйрығымен оқу взводтары, бӛлімшелері деп аталатын оқу топтары кұрылады, 
ал оқушылар қатарынан взвод және бӛлімше командирлері тағайындалады. 
Бастапқы әскери дайындық бойынша оқу сабағы оқу взводын екі қатарлы сапқа тұрғызып, оқуға 
дайындығын баяндағаннан кейін басталады. 
Бастапқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу  сабағында  окушылар  мен  оқытушы-ұйымдастырушы 
арасындағы  ӛзара  байланыс  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері  Жарғысының  талаптарына 
сәйкес болады. 
Оқушылар оқу-сабағына дайыңдалып, және таза да ұқыпты киініп келулері керек. 
Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және жүргізу үшін құрамына: бас-
тапқы  әскери  дайындыққа  арналған  оқу  кабинеті  (сыныбы),  бастапқы  әскери  дайындық  және  ӛмір 
қауіпсіздігінің  негіздері  бойынша  жаттығу  карулары  мен  әскери-техникалық  мүліктер  сақталатын 
бӛлме,  саптық  дайындыққа  арналған  алаң,  тәуліктік  кезекші  мен  сақшы  міндеттерін  практикалық 
зерделеуге  арналған  орын,  дене  даярлығы  бойынша  оқу-сабақтарына  арналған  орын,  тактикалык 
дайындық және атыс тәсілдері мен тәртібін (атыс тирі) зерделеу бойынша оқу сабақтарына арналған 
оқу қалашығы, оқу-кӛрнекі құралдары мен техникалық оқу қүралдары енетін оқу-материалдық база-
сы құрылады, жабдықталады жӛне үнемі жетілдіріліп отырылады. 
Оқу орындарын қарумен, әскери-техникалық мүлікпен және құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-
трі, мәдениет және ақпарат министрі, денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақстан Респбликасы-
ның Тӛтенше жағдайлар жӛніндегі комитетімен әзірленген және бектілген табельдер бойынша жүзеге 
асырылады. 
 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан».  ҚР  Президенті  Қазақстан  халқына  жолдауы.  28 
ақпан. – Астана, 2007. 
2. Джанабаева Р.А. Қазақ педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері. (П.ғ.д. ғыл 
дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.автореф.). – Алматы, 2006. – 42 б. 
3. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие». – Алматы: Білім, 1995. – 232 б. 
4. Тӛлеубекова Р.К. «Адамгершілік тәрбиесінің негіздері». – Алматы, 1991. – 30 б. 
5. Сейталиев К.Б. «Тәрбие теориясы». – Алматы: Мектеп, 1986. – 150 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет