Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет91/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
112 
ген  қазіргі  заманда  ересектерге  білім  беру  маңызды  мәселе  болып  саналады.  Ересектерге  білім  беру 
мәселесі  әлеуметтік-философиялық;  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  орны  мен  мазмұны;  ересек  адам-
ның мақсатты іс-әрекеті ретіндегі білім алуы мен қосымша білім алуының  объективті үдерістері ара-
сындағы айырмашылық; ересектердің танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері; педагогика-
лық мәселелер; ересектерге қосымша білім берудің функциялары және т.б. бағыттарда қарастырылған.   
Осыған орай ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру мақсатында категориялық 
аппараты  ретінде  «андрагогика»,  «ересектер  немесе  ересек  білімалушылар»,  «қосымша  білім  беру» 
және т.б. ұғымдарға назар аударылды.  
Алдымен «андрагогика» ұғымына берілген анықтамаларға тоқталуды жӛн кӛрдік. 
Андрагогика (гр. аner, andros – ересек адам және agoge – жетелеу, басқару, тәрбиелеу) – оқу әреке-
тінің  субьектісі  ретінде  ересектердің  білім  мен  білікті  меңгеруінің  заңдылықтарын,  сонымен  бірге 
бұл әрекетті кәсіби педагогтың басқару ерекшеліктерін ашып кӛрсететін оқыту теориясының бӛлімі. 
«Андрагогика» ұғымын ғылыми айналымға 1833 неміс ғалымы А.Капп енгізген [4].  
Педагогикалық  энциклопедиялық  сӛздікте:  андрагогика  –  ересектерге  білім  және  тәрбие  беру, 
білім  берудің  теориялық  және  практикалық  мәселелерін  қарастыратын  педагогика  ғылымының  бір 
саласы» – деген анықтама беріледі [6].  
Демек андрагогика теориясы педагогиканың бір саласы ретінде ересектердің білімдік мақсаттары 
мен сұраныстарын ғылыми негізделген түрде тұжырымдап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
Сонымен  қатар  арнайы  әдебиеттерде  «ересектер  педагогикасы»,  «ересектерді  оқыту  теориясы» 
және т.б. ұғымдар да қолданылып келеді. 
Бүгінгі таңда Еуропада «андрагогика» ұғымы үш негізде түсіндіріледі: біріншіден, кӛптеген елдер-
де андрогогика ересектердің оқу үрдісі деп қабылданады. Бұл мағынада андрагогика  – ересектердің 
бүкіл ӛмір сүруі барысында білім алуын түсіну (теория) және қолдау (практика) ғылымы. Екіншіден, 
АҚШ-та М.Ноулздың пікірінше, «андрагогика – автономды білімалушылар мен оқытушы-фасилита-
торлардың  оқу  үрдісінің  ізгілік  тұжырымдамасына  негізделген  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  теориялық 
және практикалық тәсіл». Ғалым ӛзінің психологиялық ғылыми жұмысында тұлғалардың ӛзіне есеп 
беру қатынасына танымдық қызметтегі ересектердің жас ерекшелік ӛзгерістеріне әсері туралы тұжы-
рым жасаған. Үшіншіден, адрагогиканы түсіндіруде ретсіздік те байқалады: «ересектердің білім алу 
практикасы»,  «ниет  етілген  құндылық»,  «оқытудың  ӛзіндік  әдістері»,  «академиялық  пән»,  «балалар 
педагогикасына қарама-қарсылық» [5].    
Жалпы алғанда, андрагогиканы ғылыми білім, әлеуметтік тәжірибе, оқу пәні тұрғысында қарасты-
руға болады.  
Біздің зерттеу жұмысымызда андрагогиканы әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан қарастыруға ерекше 
назар аударылды, себебі, бұл сала ересектердің оқуы бойынша оның іс-әрекетінің маңыздылығы мен 
мәнділігіне сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыны және құндылық қатынастарды қоғамның сұранысына 
сай меңгеруін талап етеді.  
Кез келген тұлғаның үздіксіз білім алуы бүкіл ӛмір сүруі барысында оның талпынысымен, қажет-
тілігімен, қызығушылығымен жүзеге асырылады. Ересектер немесе ересек білімалушыларға сипатта-
ма беру үшін теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, ересек адамның қосымша 
білім алуына ықпалын тигізетін тұлғалық қасиеттерін айқындауға талаптандық.  
Ғалым М.Т. Громкованың еңбегінде ересектерді оқытудың әдіснамалық, теориялық, тарихи, жүйе-
лілік, жаңа модельдік үлгісі ұсынылған. Ересектер және ересектік туралы адамдардың биологиялық, 
әлеуметтік,  рухани,  құрылымын,  ересектер  педагогикасының  практикалық,  қолданбалық  аспектісін 
ашып кӛрсеткен [6].  
Кӛптеген ғалымдар С.И. Змеев және т.б. «ересек білімалушы – психологиялық, әлеуметтік, рухани 
жетілген, ӛзін-ӛзі танитын, ӛзін-ӛзі басқара алатын, білім алу қажеттілігі саналы түрде қалыптасқан, 
ӛзінің кез келген іс-әрекетіне, соның ішінде білім алуына жауапты болу үшін жеткілікті ӛмірлік тәжі-
рибесі бар, сана-сезімі дамыған 18-20 жастан асқан кез келген адам»  деген анықтама береді [7]. 
Ересектерді  оқыту  мен  тәрбиелеуде  ғалым-педагог  Т.А.  Василькованың  оқулығын  ерекше  атап 
ӛтуге болады. «Основы андрагогики» деген оқулығында ғалым адрагогиканың негіздерін баяндаумен 
қатар,  ересектің  кәсіби  қызметі  мен  шеберлігі  жайында  талдау  жасалады.  Осы  оқулықта  ересектер 
тәрбиесінің  теориясы  туралы  сӛз  қозғалады.  Андрагогика  туралы  оқулықтарда  ересектерді  оқыту 
жайында баяндалса, ал, бұл еңбекте ересектер тәрбиесінің мәні, тұжырымдамалары мен әдістері, қай-
та тәрбиелеу мәселесі ашып кӛрсеткен [8]. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
113 
Қазақстан  Республикасында  сауатсыздықты  жоюға  бағытталған  ересектерге  білім  беру  үрдісінің, 
жоғарғы  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуы  мен  дамуы  мәселелері  кӛптеген  ғалымдардың  еңбектерінде 
қарастырылады. Сонымен қатар ересектердің ӛмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оқыту үдерісін ұйым-
дастыру,  ересек  оқушылардың  субъектілігін  дамыту  (А.Н.  Ильясова,  Қ.Р.  Сейталиев,  Б.А.  Тұрғынбаева 
және т.б.) тұрғыда қарастырылады [9, 10, 11].  
Қорыта  келгенде,  ересектердің  оқу  үрдісіндегі  ӛзіндік  бағалауының  педагогикалық-психология-
лық ерекшеліктеріне мыналар жатады деп тұжырымдауға болады:  
 
ересек білім алушының бір немесе бірнеше саладағы белгілі кӛлем мен деңгейдегі жалпы және 
кәсіби білімі, ӛмірлік тәжірибесінің болуы;  
 
кез келген жаңа ақпаратты сыннан ӛткізіп, бағалау тәжірибесінің деңгейі;  
 
ұсынылған материалды талдау, меңгеру тәжірибесі; 
 
ӛзінің барлық тұрғыдан қорғай алатын кәсіби пікірінің бар екендігі; 
 
уақыттың құнын білуі; 
 
алған білімдерін тез жүзеге асыруға ұмтылысының жоғарылығы;  
 
мұрат-мүддесінің, қажеттілігі мен қызығушылығының айқындылығы; 
 
рухани, құқықтық және әлеуметтік жауапкершіліктері бар;  
 
ӛзінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға сәйкес жетілдіру қажеттігін ұғынуы және осы тұрғыдан 
мәселені шешуге тырысуы.  
 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 2007 ж. 
2.  Лебедева Н.А., Иванова Е.А. Путешествие в Гештальт: теория и практика – СПб.: Речь, 2005. – 560 с. 
3. Орысша-қазақша түсіндірме  сӛздік: Педагогика /  О74. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор 
Арын Е. – Павлодар: "ЭКО" ҒӚФ. 2006. – 482 б.  
4. Основы андрагогики. / Под ред. Колесниковой И.А. – М.: «Академия», 2003. – С. 5. – 240 с. – ISBN 5-7695-0978-3. 
5. Кукуев А.И. Андрагогический подход в педагогике. – Ростов-на-Дону: ИПО ПИ ЮФУ, 2009. – С. 11.-328 с. – 
ISBN 978-5-8480-0690-2. 
6. Громкова М.Т. Педагогические основы образования взрослых: дис. д-ра пед. наук: 13.00.01. – СПб., 1994. –59 с. 
7. Змеев С.И. Андрагогика: основы теории, истории и технологии обучения взрослых. – М.: ПЕР СЭ, 2007. – 
С. 91. – 272 с. – ISBN 5-98549-022. 
8. Василькова Т.А. Основы андрагогики. 
9. Ильясова А.Н. Проблемы развития педагогической теории Казахстана (1900-1960 гг). 13.00.01. Автореф. 
дисс... д.п.н. – Алматы,1997. – 43 с. 
10. Сейталиев Қ.Р. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың дамуы. Дисс.п.ғ.д. – 
Алматы, 1996. – 300 б. 
11.  Тұрғынбаева  Б.А.  Біліктілікті  арттыру  жүйесінде  мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  дамыту. 
Дисс.п.ғ.д. – Астана, 2006. – 320 б. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  психолого-педагогические  особенности  взрослых  в  учебном  процессе. 
Даются определение научно-категориального аппарата проблемы исследования. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет