Жарықтың жылулық сәулелену Дәрістің мақсаты



бет3/6
Дата14.12.2023
өлшемі1,8 Mb.
#197062
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәріс 14 жылулық сәулелену

Бір квант энергия:
х

Фотоэффект құбылысын 1887 жылы Г.Герц ашты, ал оны теренірек зерттеген 1888ж. орыс физигі А.Г.Столетов болды.

Фотоэффект деп түскен жарық әсерінен заттан электрондар бөлініп шығу құбылысы айтылады.

  • Фотоэффект деп түскен жарық әсерінен заттан электрондар бөлініп шығу құбылысы айтылады.

Вольтамперлік сипаттамасы
х
Мұнда анод (A) және катод (K) электродтары ішінен ауасы шығарылған шыны түтіктің ішіне орнатылған. Бұл түтіктің бүйіріндегі F терезеден түсетін монохромат жарық әсерінен катодтан электрондар бөлініп шығады, осындай электрондар фотоэлектрондар, ал олардың ағыны фототок деп аталады. Фотоэлектрондар катод пен анод арасында Б батарея қоздырған электр өрісінде қозғалып анодқа барады, тізбекте фототок пайда болады. Анод пен катод арасындағы кернеу потенциометр R арқылы реттеліп, V вольтметрмен өлшенеді. Фототокті гальванометр арқылы анықтайды.

Фотоэффект құбылысының вольт – амперлік сипаттамасы (фототок күшінің кернеуге тәуелділігі).

Фотоэффект құбылысының вольт – амперлік сипаттамасы (фототок күшінің кернеуге тәуелділігі).

Кернеу нөлге тең болғанда, электрондардың белгілі

бір бөлігі анодқа жетіп, шамалы ғана фототок

тудырады, демек электрондардың белгілі

кинетикалық энергиясы болады. Егер кернеуді одан

әрі үлкейте берсе, онда фототок артады, себебі

анодқа жететін, электрондардың саны көбейеді.

Кернеудің белгілі бір шамасында, фототоктың өсуі

тоқтап, сол қалпында қалады.


х
Кернеудің белгілі бір шамасында U, катодтан ұшып шыққан электрондар түгелімен дерлік анодқа жетеді, фототоктың өсуі тоқтап, сол қалпында қалады. Оны қанығу тогі дейді Iқ.
n – бір секунд ішінде ұшып шыққан электрондар
саны.
Сыртқы фотоэффектің негізгі зандары
1.Столетовтың заңы: Уақыт бірлігі ішінде катодтан бөлініп шыққан фотоэлектрондардың саны түскен жарықтың интенсивтігіне пропорционал болады .
2.Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы катодқа түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді болмай, тек жарықтың тербеліс жиілігіне ғана ν байланысты болады.
3.Әрбір зат үшін өзіне тиісті фотоэффектің “қызыл шегі, ” яғни әлі де болса фотоэффект құбылысын қоздыра алатын минимал ν0 жарық жиілігі болады. Бұл ν0 шамасы металдың химиялық табиғатына және оның бетінің тазалығына байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет