Жарықтың комбинациялық шашырауы



Дата05.12.2022
өлшемі18,49 Mb.
#161194
Байланысты:
Жарық комб шашаырау

  • Жарықтың комбинациялық шашырауы
  • Сатбекова.А
  • Жарықтың шашырауы
  • Жарықтың шашырауы — оптикалық сәуле (жарық) ағынының затпен өзара әсерлесуі кезінде кейбір сипаттамаларының өзгеруі. Мұндай сипаттамаларға жарық қарқындылығының кеңістіктік таралуы, жиіліктік спектр, жарықтың полярлануы жатады. Көбінесе, Жарықтың шашырауы деп ортаның кеңістіктік біртексіздігінен болатын сол ортаның өзіндік емес (меншіксіз) жарқырауын айтады. Жарықтың шашырауын жүйелі түрде кванттық электрдинамикаға негізделген сәуленің затпен әсерлесуінің кванттық теориясы мен зат құрылысының кванттық көзқарасына сүйене отырып сипаттауға болады. Жарықтың шашырауы рэлейлік шашырау немесе серпімді шашырау делінеді. Ал Жарықтың шашырауы болғанда, энергия сәуле мен заттың арасында бөлінеді де, ол серпімсіз шашырау деп аталады.
  • Жарықтың комбинациялық шашырауы — белгілі бір затқа түскен жарықтың сол заттан толқын ұзындығы өзгере отырып шашырауы. Бұл құбылысты 1928 жылы ресейлік физиктер Г.С. Ландсберг пен Л.И. Мандельштам (кварц кристалдары үшін) және үнді физиктері Ч.В. Раман мен К.С. Кришнан (сұйықтықтар үшін) әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз өз беттерінше ашқан. Соңғы екі ғалымның еңбектері дүниежүз. әдебиетте бұрынырақ жарық көргендіктен, шет елде бұл құбылысты раман эффектісі деп атайды. Жарықтың комбинациялық шашырауы арнаулы қондырғының көмегімен бақыланады. Зерттелетін нысанға қондырғы арқылы жарықтың қарқынды шоғы бағытталады. Нысаннан шашыраған жарық әуелі фокусталып, одан кейін фотографиялық не фотоэлектрлік әдіспен тіркеледі. Жарықтың комбинациялық шашырауын анық бақылау үшін жарық мейлінше монохроматты болуы керек, былайша айтқанда, денеге түсірілген толқынның құрамында бір не бірнеше толқын ғана болуға тиіс.
  • Жарықтың комбинациялық шашырауы
  • Кванттық теорияға сәйкес жарықтың комбинациялық шашырау үрдісі бір-бірімен байланысқан екі әсерден құралған. Бұлар энергиясы hv бастапқы фотонды жұту және молекулалар электрондарының түсетін жарық толқындардың өрістерімен өзара әсерлесуінен туатын энергиясы hv` фотонды тарату (шығару) (мұндағы v` = v ± vi). Лазерлерді жарықты қоздырушы көз ретінде пайдаланудың нәтижесінде жарықтың комбинациялық шашырау әдісімен зерттелетін нысандардың (объектілердің) аясы едәуір артты. Осы әдіспен газдарды және боялған ұнтақтарды, мысалы, жартылайөткізгіш материалдарды зерттеу мүмкін болды
  • Оптикалық біртекті еместіктер әртүрлі себептерден пайда болуы мүмкін. Мысалы, газдағы бөгде заттың қатты бөлшектері, ауадағы сұйықтың тамшылары, сұйықтағы бөгде қатты заттың бөлшектері және т.б. орталарды оптикалық біртекті емес етеді. Осындай оптикалық біртекті емес орталарды бұлдыр орталар деп атау қабылданған. Тәжірибеге қарағанда жарық бөгде қоспалары жоқ мөлдір біртекті орталар арқылы таралған жағдайда да шашырайды екен. Осындай шашырау - біртекті орталардағы шашырау -
  • жарықтың молекулалық шашырауы деп аталады.
  • Жарықтың шашырау құбылысына бұдан кейінгі зерттеулер нәтижесінде пайда болу механизмі бойынша және барлық басқа белгілері бойынша жарықтың бұлдыр орталардағы және жарықтың молекулалық шашырауынан өзгеше шашыраудың болатындығы анықталды. Бұл -жарықтың комбинациялық шашырауы.
  • Жарықтың комбинациялық шашырауы
  • Рамандық шашырау (жарықтың комб шашырауы) - бұл жарықтың немесе кез келген басқа электромагниттік сәулеленудің серпімді емес шашырауының бір түрі, оған ғалым К.В.Раман есімі берілген. Серпімді емес термин шашыраудың бұл түрі кездейсоқ бөлшектердің кинетикалық энергиясын сақтамайтынын сипаттайды. Басқаша айтқанда, жүйенің кинетикалық энергиясы (онда жарық шашырауы жүреді) не жоғалады, не артады. Раманның шашырауын қамтитын бөлшектер электрондар, атомдар немесе молекулалар болуы мүмкін. Газдарда жарықтың шашырауының бұл түрі молекулалар энергиясының өзгеруімен жүреді. Бұл молекуланың бір энергетикалық деңгейден екінші деңгейге ауысуына байланысты.
  • Рамандық шашырау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет