Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер


Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#90479
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат Зенфира практ
00070030-673c97ae
Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқасын) кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмыр адай топырағымен қоса қопарыл алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырыл отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс. Көшеттеп отырғызу жұмысын, әдетте, көктемде (наурыз-сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Кішкене қыш тост ақтық түбіне дөңес жағын жоғары қаратыл шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады. Оның үстіне тур алған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалуын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет