Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#90479
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат Зенфира практ
00070030-673c97ae
Өсімдіктерді орналастыру
Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал немесе жұмыс столына бекітілетін ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлан өсіру аз орын алады, оларды баптап, күту қолайлы. Сондықтан шоғырлан отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды — тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр-түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әр түрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді (пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сор ел ерле және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді. Жылыжайда өсірілген өсімдіктер алғашында( түрлі кеселге шалдығуы мүмкін (қурайды, жапырағы түседі), бірақ жақсылап күтіп-баптаса қайта түзеліп, өсе бастайды. Көшет отырғызу үшін жас өсімдіктерді сатып алған дұрыс, сондай-ақ өсімдіктерді өз ұрығынан немесе сабағынан өсірсе тіпті жақсы, себебі олар тез өсіп-өніп жаңа жағдайға оңай көндігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет