Сыртқы фотоэффект –затқа түскен электрмагниттік сәуленің әсерінен электрондардың заттан бөлініп шығу құбылысы. Сыртқы фотоэффектіге негізделген фотоэлемент электрондардың көзі болып табылатын, жарық түсетін — фотокатод К, және А анодтан тұрады.
Ішкі фотоэффект – электрмагниттік сәуленің әсерінен қатты және сұйық шала өткізгіштер мен диэлектрикте «байланған»электрондардың заттан шықпай еркін күйге ауысу құбылысы. Ішкі фотоэффектіде зат ішіндегі ток тасымалдаушылар концентрациясы артып, фотоөткізгіштік пайда болады.