Жарма ауданы білім бөлімінің «Аршалы негізгі м ектебі»кмм бастауыш сынып мұғалімі Махатбаева Сайраш Амангелдіқызы



Дата31.12.2019
өлшемі32,23 Kb.
#54727

Жарма ауданы білім бөлімінің «Аршалы негізгі м ектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі Махатбаева Сайраш Амангелдіқызы

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ жоспары .Тақырыбы М.Әуезов «Жолда»

Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М.Әуезовпен таныстырып «Жолда» әңгімесінің мазмұнын ашу.

Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелігі: адамгерлішілікке, намысшыл болуға шақыру

Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ – жауап


Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың, Мұхтардың портреті, топтастыру, Венн диаграммасы



І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық сәті.

-Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Себебі біздер түрлі ауылдарға саяхат жасамақпыз. Сонымен бірге әр ауылдың бізге әзірлеген тапсырмаларын орындауға тиіспіз.

Олай болса саяхатымызды бастайық.



«Абай» ауылы. Тапсырмасы:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

( Абайдың суреті көрсетіледі)



  1. Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

  2. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

  3. Адамның қандай жақсы мінез-құлықтарын білесің?

  4. Алауыз деген не?

  5. «Күндейді» дегенді қалай түсінесің?

  6. «Мертігеді» деген қандай мағынаны білдіреді?

  7. «Міндейді» деген сөздің өлеңдегі мағынасы қандай?

  8. Өлеңді жатқа айтып бер.

  9. Өлеңнің алғашқы 2 шумағын жатқа айт.

  10. Өлеңнің соңғы 2 шумағын жатқа айт.

  11. Өлеңді мәнерлеп оқып бер.

  12. «Талап, еңбек...» деп басталатын өлеңді жатқа айтып бер

-   А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? ( топтастыру)

- Балалар, Абай атамызды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім? Оның өмірі туралы роман-эпопея жазған ұлы адам туралы білеміз бе?

- Ол кім?... Дұрыс-ақ, Мұхтар Әуезов.

-  М.Әуезов туралы не білесіңдер?  ( М. Әуезов суретін көрсету)

Мұғалімнің түсіндірмесі:(слаид көрсету)
(Мұхтар Әуезовтың суретін көрсете отырып қысқаша мәлімет беру)
Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақтан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайреткері. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра.

Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы,сол кездегі қазақ өмір тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы М.Әуезов: «… қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазған.


- Олай болса келесі баратын ауылымыз «Мұхтар» ауылы.

«Мұхтар» ауылы. Тапсырмасы:                                   

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Бүгін енді Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Жолда» деген әңгімесімен танысамыз.
Сөздік жұмысы

Дәріс – сабақ

Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де

Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам

Фатиқасын алып – ризашылығын алып

Оқулықпен жұмыс.


Оқушыларды оқыту:
- әңгімені тізбектей оқыту.
Әңгімені құрылысына қарай талдау

1. Әңгіменің аты (Жолда)

2. Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы (Абайдың оқудан келуі)

3. Дамуы (Абайдың әкесімен кездесуі)

4. Кейіпкерлер. Олардың іс-әрекеттері (Абай, Құнанбай, Ұлжан, Байтас, Жұмабай)

5. Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)


«Құнанбай» ауылы. Тапсырмасы:                                   

Дәптермен жұмыс.
1. Берілген үлгі бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жазу.

2. Әңгімеге сүйеніп, Абайға сипаттама беру


Оқушы жауаптары :

Өңі сұп-сұр сабырлы

Абай байқағыш
Құнанбай Зор денелі момын
Бурыл сақалды

«Ұлжан» ауылы Тапсырмасы:

1. Берілген суреттерді оқиға желісімен ретімен қою;

2. Суреттерді пайдаланып, бөлімдерге бөлу, жоспар құру:

1) Анасымен кездесуі.

2 ) Абайдың ауылға келуі

3)Әкесімен кездесуі.



4) Абайдың әкесіне берген жауабы.

«Абай» ауылы.

Үйге тапсырма:

Әңгімені түсініп оқу, бөлім бойынша әңгімелеуге дайындалу. Ауыл адамдарының Абайды қарсы алу сәтінің суретін салу.

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0950
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0950 -> Сабақ жоспары Мамандық : 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» Топ : ЭҚ-14 Пән: Химия
0950 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы «Химия тұрмыста және медицинада»
0950 -> Сабақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтіні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет