Жарма ауданының әкімі Н.Б.Сыдықовтың халық жиындарындағы есебі бойынша баяндамасының негізін құрайтын
Ақпарат
Аудан 1928 жылы құрылған.
Аудан аумағы - 23,4 мың шаршы км. Әкімшілік – аумақтық құрылымына Шар қаласы, 4 – кент, 14 – ауылдық округ енгізілген, елді мекендер саны – 51. Халық саны – алдын ала статистикалық есеп негізінде – 38,7 мың адамды құрайды. Ұлттық құрамы: қазақтар – 91,8 пайыз, орыстар – 6,1 пайыз, басқа ұлттар – 2,1 пайыз.
2017 жылы аудан экономикасының барлық саласында жалпы өндірілген өнім көлемі 145,2 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың көрсеткішінен 2,2 есеге артты.
Жалпы көлемнің құрылымында 7,3 пайызы – өнеркәсіп саласына, 14,5 пайызы - ауыл шаруашылығына, 44,6 пайызы – инвестицияларға, 25,7 пайызы – құрылыс жұмыстарына, 7,9 пайызы - басқа салаларға тиесілі.
2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы саласында 21,1 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірілді, оның ішінде 16,3 млрд. теңге немесе 77,2 пайызы мал шаруашылығы, 4,8 млрд. теңге немесе 22,8 пайызы өсімдік шаруашылығы құрады.
2017 жылы 11,2 мың гектар дәнді дақылдар алқабынан 13,8 мың тонна өнім жиналып, әр гектардан орташа түсімділік 14,1 центнерді құрады (2016 жылы - 14,3 мың гектардан 20,3 мың тонна жиналған, орташа түсімділік - 15,0 цн.). Өндірілген өнім көлемінің басты кему себебі жалға берілген егістік алқаптары қолданбай (игермей) егістік көлемінің 3,1 мың гектарға азаюы болып табылады. Майлы дақылдар бойынша 4,1 мың гектар егіліп, орташа түсімділік 9,0 центнерді құрап, өнім 3,4 мың тонна көлемінде жиналды (2016 жылы - 5,4 мың гектардан 4,0 мың тонна жиналып, орташа түсімділік - 8,4 цн. құраған). Картоп өнімі - 4,1 және көкөніс өнімдері 1,1 мың тонна көлемінде жиналды. Өсімдік шаруашылығына 2017 жылы мемлекет тарапынан 27,3 млн. теңге көлемінде субсидия төленді (2016 жылы - 22,2 млн. теңге).
Мал шаруашылығында 17,3 мың тонна - ет (2016 жылмен салыстырғанда 105,0 %), 52,4 мың тонна - сүт (101,0 пайыз) өндіріліп, 4,0 млн. дана жұмыртқа (105,0%) алынды.
Ірі қара мал басы - 66 691, ұсақ мал - 173 104 және жылқы - 25 433 басты құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара – 2 208, жылқы – 1 216 басқа артып, өсім 3,4 және 5,0 пайызға жетті. Ұсақ мал -16 498 басқа кеміп, 91,3 % құрады.
Ауданда 19 асыл тұқымды мал шаруашылығы тіркелген. Оның ішінде ірі қара шаруашылығында - 5, қой шаруашылында - 11 және жылқы шаруашылығында - 3 шаруашылық.
2017 жылы ауданнан тыс жерлерден 169 бас асыл тұқымды ірі қара мал, сонымен қатар тұқымдық түрлену бағдарламасына қатысушы шаруашылықтар 158 бас асыл тұқымды құнажын және 319 бұқа сатып алынып, шаруашылықтардағы мал басы артып, жалпы табындағы асыл тұқымды ірі қараның үлесі - 8,5 пайызды (2016 жыл – 7,8 пайыз), қойдың үлесі - 16,5 пайызды (2016 жыл – 14,5 пайыз), жылқының үлесі 4,7 пайызды (2016 жыл – 4,1 пайыз) құрады.
Шаруашылықтардың асылданған бұқашықтарын бордақылау мақсатында 3 000 басқа арналған «Сембелл» серіктестігінің бордақылау алаңы жұмыс атқаруда (бүгінгі таңда 1 357 бас мал бордақылануда).
Мал шаруашылығында 161 шаруашылыққа 372,5 млн. теңге субсидия төленіп, оның ішінде асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға - 82,3 млн.тенге, ұсақ мал сатып алуға - 17,1 млн.тенге, тұқымдық түрлену бағдарламасына қатысушы шаруашылықтарға – 273,1 млн. теңге көлемінде қаражат бағытталды.
2017 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында аудан бойынша 34 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері 949 мүше санымен құрылып, оның ішінде 27 кооператив - ірі қара мал өсіру және мал тұқымын асылдандыру бағытында, 5 кооператив – мал бордақылау бағытында, 2 кооператив - сүт жинау және өңдеу (құрамында 4 сүт қабылдау пунктері бар) бағытында құрылып, жұмыстарын атқарды.
Сүт қабылдау пунктерінің жалпы саны 4 бірлікті құрады. Биылғы жылы Қалбатау ауылдық округінде жаңадан «Шіңгіл» өндірістік кооперативі құрылып, құрамына сүт қабылдау пунктін ашу жоспарлануда.
Аталған бағдарлама аясында жалпы 169,0 млн. тенге көлемінде несие алынды.
2017 жылы 124,5 млн. теңге көлемінде 52 бірлік ауылшаруашық техникасы сатып алынды.
Өнеркәсіп саласында бүгінгі таңда аудан өнеркәсібінде алтын өндіру саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны «Қызыл» жобасы шеңберінде «Бақыршық» және «Большевик» кен орындарын игеру және тау-кен металлургиялық кешен құрылысын жалғастыруда. Зауыттың құрылысына және инфрақұрылымын дайындау жұмыстарына 2016 жылы 29 млрд. теңге тартылса, 2017 жылы - 53 млрд. теңгеге жуық инвестиция бағытталды.
Сонымен қатар, «ГМК Васильевское» серіктестігі «Васильевское» кен орнында алтынды шоғырлы сілтіден айыру зауытының құрылысын аяқтады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары жиыны 10,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,1 пайызға артты. Ауданның барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының өнім көлемінің өсу қарқыны байқалды.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жылдық көлемі 64,8 млрд.теңгені құрап, 2016 жылғы деңгейден 35,6 млрд.теңгеге немесе 2,2 есеге артуы байқалады. Оның ішінде экономиканың нақты секторына тартылған инвестициялардың көлемі 2 есеге артып, 56,8 млрд.теңгені құрады.
Инвестицияның негізгі түсімі Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорының металлургиялық кешен құрылысын, ГМК Васильевское серіктестігінің алтынды шоғырлы сілтіден айыру зауыты құрылысын салумен, «Қазавтожол» акционерлік қоғамының Омск-Майқапшағай республикалық маңызы бар тас жолының Қалбатау-Салқынтөбе бағытындағы кескінін қайта жарақтау жұмыстарымен, Қазақстан темір жолының филиалы Магистральді желістің Семейдегі бөлімшесінің Суырлы стансасы, 7, 9 айырықтарда теміржолға күрделі жөндеу жүргізу есебінен қамтамасыз етілді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 37,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35,2 млрд.теңгеге немесе 17,4 есеге артты.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі көлемін Бақыршық тау-кен кәсіпорыны мен «Қызыл» жобасы аясында жұмыс атқарған мердігер ұйымдар, «Теміржол» серіктестігінің ПМС Шар филиалы және басқа да ұйымдар қамтамасыз етті.
Құрылыс саласында Қалбатау ауылындағы канализациялық тазарту станциясын реконструкциялау бойынша, Шар қаласындағы спорт кешенінің, Қаратөбе ауылындағы су құбыры желілерінің құрылыстарының жобалық – сметалық құжаттамаларының оң қорытындылары алынды.
Аршалы ауылының су құбыры желілері, Қалбатау ауылының сыртқы кәріз жүйелері құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар Қапай батыр, Кіші Қарасу және Сулусары ауылдарының су құбыры желілерінің және Шар қаласының канализациялық тазарту станциясының құрылыстарын іске асыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге ұсыныстар тапсырылып, Сұлусары (10,9 млн. теңге) және Кіші Қарасу (11,6 млн. теңге) ауылдарының су құбыры желілерінің құжаттарын дайындау үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаражат бөлінді. Тұрғын үйлерді іске қосу көрсеткіші 5 626 шаршы метрды құрап, жоспар толық көлемде орындалды.
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі 6,5 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 995 млн. теңгеге артты. Оның ішінде меншік кірістер 1,8 млрд. теңгеге орындалып, 2016 жылдың деңгейіне 300,0 млн. теңгеге немесе 20,0 пайызға артты.
Субвенция және республика, облыстық бюджеттен түскен нысаналы трансферттердің көлемі 3,9 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың деңгейіне 340,4 млн. теңгеге немесе 8 пайызға кеміді.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің басымды бөлігі білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына бағытталды.
Шағын және орта бизнес саласында 2 203 субъект тіркелген, оның ішінде 154 - заңды тұлғалар, 2 049 – жеке кәсіпкерлер. Жалпы аудандық салық түсімдеріндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі – 30 пайызға жеткізілді.
Бөлшек сауда тауар айналым көлемі өткен жылмен салыстырғанда 103 пайызға артып, 9,2 млрд. теңгені құрады.
Өткен жылы халыққа қызмет көрсету нысандары бойынша 1 сауда орталығы, 1 техникалық қызмет көрсету станциясы, 8 азық-түлік дүкені, 1 асхана іске қосылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы жүзеге асырылған уақыттан бастап бағдарламаның бірінші бағыты «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» аясында 2 деңгейлі банктер арқылы аудан бойынша барлығы 723,3 млн. теңгеге 12 жобаның пайыздық мөлшері субсидияланды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында 11 кәсіпорынмен 56,8 млн. теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылып, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 42,3 теңгеге немесе 74,3 пайызға орындалды.
«Бақыршық тау кен кәсіпорыны» ЖШС-гімен 20 млн. теңгеге меморандумға қол қойылып, Әуезов кентінің дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Бақыршық орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттама дайындалды, қыс мезгілінде Шар-Әуезов, Әуезов-Бұрсақ бағытындағы жолдар қардан тазартылды, қайырымдылық, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге қосымша демеушілік көрсетілді.
«Интер Голд» ЖШС-гімен жалпы құны 10 млн.теңгеге қол қойылған меморандум аясында белгілі ақын Қ. Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өтуге, қайырымдылық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге байланысты жұмыстар атқарылып, «ЭКСПО» халықаралық көрмесі аясында билеттер сатып алуға демеушілік көрсетілді.
Сонымен қатар, «Шалабай», «АС Горняк», «Шұғыла Голд», «Жарма Құрылыс Газ», «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері», «Семей цемент зауыты», «Қамқор Локомотив», «ПМС Шар», «Сарытас» серіктестерімен жалпы құны 26,8 млн. теңгеге меморандумдар жасасып бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сумен қамту саласында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Жаңаөзен ауылында және Суықбұлақ кентінде орталықтандырылған су құбырларының құрылыстары аяқталып, жалпы 635,0 млн. теңге (Жаңаөзен ауылы - 348,4 млн. теңге, Суықбұлақ кенті - 286,7 млн. теңге) көлемінде қаражат игерілді. Аталған нысандар толық іске қосылған жағдайда аудан халқын таза ауыз сумен қамту деңгейі 81,5 пайызға жеткізіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артуы күтілуде.
Аудандық бюджет есебінен жол жөндеу жұмыстары Шар қаласында, жарықтандыру жұмыстары Шар қаласында, Қалбатау, Қаражал, Қаратөбе, Малай, Шалабай ауылдарында, Әуезов кентінде жүргізілді. Абаттандыру мақсатында қаражат бөлініп Қалбатау ауылында ақын Қалихан Алтынбаевқа саябақ, орталық алаңда су бұрқақ орнатылды.
Бірлік, Сулусары, Қапанбұлақ, Қызылағаш ауылдарында, Жарма, Әуезов кенттерінде, Шар қаласында абаттандыру жұмыстары бюджеттік қаражаттан, сонымен қатар жергілікті өзін – өзі басқару қаражаты шеңберінде атқарылды.
Халықты әлеуметік қорғау саласы бойынша 2017 жылға бөлінген бюджет көлемі 202,2 млн. теңгені құрады.
Статистика мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарына жалпы жұмыссыздар саны 928 адамды құрап, былтырғы жылдан 61 адамға азайды. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 199 адамды құрады. 2017 жыл көлемінде 1 742 адам жұмысқа орналастырылып, 834 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 626 жұмыссыз қатысып, бөлінген 36,9 млн. теңге қаржы толық игерілді.
«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 50 адам жұмысқа жіберіліп, 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, бөлінген 6,4 млн. теңге қаражат толық игерілді.
Кәсіби оқытуға 279 адам жолданып, 41,8 млн. теңге қаражат игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 75 адам жіберіліп, 71 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың саны 0,9%-ке азайып, 1 680 адамды құрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 184 адамға тағайындалып, жергілікті бюджеттен 3,9 млн. теңге төленді.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1 556 алушыға тағайындалып, 23,3 млн. теңге төленді.
«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша республикалық және аудандық бюджеттен 28,6 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.
Тұрғын үй көмегі 756 алушыға тағайындалып, 7,7 млн. теңге төленді.
Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік саласының 1 803 маманына отын алуға әлеуметтік көмек түрінде 27,0 млн. теңге төленді.
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге, барлығы 133 адамға 5,1 млн. теңге берілді.
Әлеуметтік қызметтерді сапалы түрде көрсету мақсатында, «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жұмыстары жүргізілуде. Қалбатау ауылындағы жаңадан ашылған жартылай стационарда 24 мүмкіншілігі шектеулі жандар қызмет алуда.
Білім саласында 40 мектеп, оның ішінде 4 – бастауыш, 13– негізгі, 23– орта мектеп жұмыс істейді. Оларда 1 070 педагог қызмет атқарып, 6 767 оқушы білім мен тәрбие алуда.
Мектепке дейінгі 3-6 жастағы балалардың негізгі ұйымдарға қамтылуы 100 пайызды құрады. 8 балабақша, 2 мектеп-балабақша кешені, 39 мектепте кіші орталықтар жұмыс істеуде.
2017 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 3,4 млрд. теңге бағытталды.
Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 168,5 млн. теңге жұмсалды. Көбдіков атындағы орта мектебіне, Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешеніне - облыстық бюджет есебінен, Ақтайлақ би атындағы орта мектепке - жергілікті бюджеттен автобустар сатып алынды.
2017 жылы 19 білім беру объектілерінде күрделі және ағымды жұмыстарды жөндеу жұмыстары – 86,2 млн.теңгеге жүргізілді, оның ішінде Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі жанындағы интернаттың күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
№ 236, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы, Теряев атындағы, Көбдіков атындағы, Уәлиханов атындағы, Қалматаев атындағы, Крупская атындағы, Бірлік, Георгиевка орта мектептеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары 120,6 млн. теңгені құрады. Аз қамтылған отбасынан шыққан 1 479 балаға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне бару үшін аз қамтылған отбасынан 900 балаға бюджеттен 19,2 млн.теңге қарастырылды.
2017 жылы республикалық олимпиадада Маяковский атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Нуртуғанов Нурмухан жаратылыстану пәндері бойынша сертификатқа ие болды. Облыстық пәндік олимпиадаларда 1 оқушы - 1-ші орынды, 3 оқушы – 2-ші орынды, 11 оқушы – 3-ші орынды иеленді.
2017 жылғы түлектер мемлекеттік емтихандарды жаңа форматта тапсырып, ҰБТ-ның көрсеткіші - орта балл 76,9% құрады. ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғарғы жиналған балл - 131 балл (Маяковский атындағы ОМ).
Денсаулық сақтау саласында - аудандық орталық аурухана және қалалық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 27 медициналық пункт және 1 жекеменшік «Азат». дәрігерлік амбулаториясы жұмыс атқаруда. Оларда 75 дәрігер, 326 орта медициналық қызметкер еңбек етеді.
2017 жылы аудан бойынша өмір сүру ұзақтығы – 70,0 жасты, туу көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда 760 жағдайды немесе 19,2%, өлім-жітім кеміп – 334 жағдайды, оның ішінде нәресте өлімі – 9 жағдайды құрады. Ана өлімі тіркелген жоқ. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 19 жағдайға кеміп - 68 жағдайды, қатерлі ісіктерден қайтыс болу жағдайы өткен жылдың деңгейінен 9 жағдайға төмендеп 36 жағдайды құрады. Туберкулезбен аурушаңдық есепті кезеңде 8 жағдайға артып, 24 жағдайды құрады, ал туберкулезден қайтыс болу жағдайлары 2016 жылдың деңгейінен 2 есеге қысқарды.
Аудандық орталық аурухананың өз қаражаты есебінен 420,0 мың теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынып, аудандық орталық аурухананың қазандығын жөндеуге 548,0 мың теңге, шатырды ағымды жөндеуден өткізуге – 2,1 млн. теңге жұмсалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы жедел жәрдем бөліміне бір санитарлық автокөлік берілді.
Мәдениет саласында аудандық және Шар қалалық Мәдениет үйі, тарихи-өлкетану мұражайы, 15 ауылдық клуб және жастар үйі, 13 кітапхана, соның ішінде аудандық орталықтандырылған кітапхана мен Шар қалалық кітапханасы халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Жалпы 152 адам қызмет етуде.
Мәдениет бөлімінің көркемөнер ұжымдары облыстық дәстүрлі «Туған ел-алтын бесігім» атты 19 аудан мен қалалар арасындағы өнер додасында аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 9-шы мәрте Бас жүлдені жеңіп алды.
Мәдениет мекемелерінде жалпы 463 мәдени іс-шара өткізілсе, оның ішінде аудандық деңгейде балалар мен жастардың, ұлт өкілдерінің, тұрғындардың түрлі санаттарының қатысуымен «Айналайын», «Шабыт» «Би әлемі» ән-би байқаулары, «Менің елім», «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық ән байқауы, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты флеш –моб, «Батамен жер көгерер» атты бата беру сайысы, «Бір шаңырақ астында» фестиваль, «Абай оқулары» байқауы, «Үш тілді меңгеру-заман талабы» дөңгелек үстел отырысы, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасында байқау ұйымдастырылды.
Дене шынықтыру мен бұқаралық спорт саласында 112 спорт нысаны, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде 26 спортзал, балалар және жасөспірімдер мектебінде 3 спортзал, 2 спорт кешені және 70 жазықтықты ғимараттар, 11 хоккей қорапшалары жұмыс істейді.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және оның ауылдық елді мекендердегі 14 бөлімшесінде қазақша, еркін және грек-рим күресі, бокс, қол күрес, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, дзюдо секциялары жұмыс істейді. Оқу-жаттығу жиындарын 39 жаттықтырушы жүргізіп, 1 198 бала жаттығады.
Қырғыз елінің Шолпан ата қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Азия чемпионатында армрестлингтен Примак Зарина алтын, Бейсембаев Қуандық қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, Әлем чемпионатымен Әлем Кубогында Примак Зарина алтын, Бейсембаев Қуандық Әлем Кубогында қола жүлдегері атанды.
Б.Тұрлыханов атындағы спорт мектебінің түлегі Рахат Тоқмұхамбетұлы жасөспірімдер арасында қол күресінен Азия чемпионы атанып, Венгрия мемлекетінің астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.
Жас спортшы Еркежан Дәулетжанқызы жазғы балалар Азия ойындарында қыздар арасында бокстан ел намысын қорғап, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатында бокстан Молдашев Нығметолла (1 - орын), қыздар арасында гір тасын көтеруден Кирдасымова Жансая (1 - орын), Кабидоллаева Балнұр (2 - орын) жүлдегер атанды.
Облыстық Халықтық спорт ойындарында үстел теннисінен аудан құрамасы (мүшелері Жұбатханов Қанат, Ақатай Құрмет, Қабдылжар Бақтыбала) командалық есепте 2-ші орынды иеленді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында барлық тіркелген қылмыстардың саны - 407 жағдайды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендеді.
Қылмысты ашу деңгейі – 70,3% - ды құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 4,1%-ға артқан (2016 жылы – 66,2%).
Қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу істерімен айналысатын жергілікті полиция қызметінде 44 бірлік жұмыс істеуде.
Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметінің бірлескен жұмысы шеңберінде мал басын тіркеу, сырғалау және ұжымдық бақтыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жандандырылып, жалғасуда.
Қоғамдық-саяси салада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әуезов кентінде қазақтың ұлы жазушысы М.О.Әуезовтің 120 жыл толуына орай, ескерткіштің ашылу салтанаты өтіп, шараға жазушының ұлы Мұрат Әуезов және белгілі ғалымдар, әдебиетшілер қатысты.
Аудан тіршілігі туралы «Жарма жаңғыруда» атты фотосуретті журнал шығарылды.
Ардагерлер ұйымының жұмысына қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Ардагерлер үйі» іске қосылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде жалпы 282 іс-шара (кездесу, жиын, дөңгелек үстел т.б.) өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды. Жастар саясаты. Аудан бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастар саны – 8 250 жас. Оның ішінде, мектеп оқушылары – 2 605, студенттер – 1 765, жұмыс істейтін жастар – 3 771, жұмыссыз жастар саны – 109.
Аудан әкімінің Семей қаласындағы арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын жармалық студенттермен кездесуі өтті.
«Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес, жаз айларында студенттер мен жұмыссыз жастарды маусымдық жұмыстарға тартуға аудан бойынша 180 квота бөлінді.
«Рухани жаңғыру-жастар жолы» атты аудандық Жастар форумы барысында белсенді және әр саладағы үздік жастарға номинациялар бойынша аудан әкімінің жүлдесі табыс етілді.
2017 жылы облыста алғаш рет Жастар маслихатына сайлау өткізіліп, аудан бойынша баламалы негізде 21 адам сайланды.
Діни ахуал. Аудан бойынша ресми тіркелген діни бірлестіктер саны – 12, оның ішінде 10-ы – ислам бағытында, 2-уі – католик бағытында. Мемлекеттің дін саласындағы саясаты түсіндіру, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ауданда 35 іс-шара (кездесулер) ұйымдастырылып, 2 165 адам қамтылды.
Сондай-ақ, дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы ауданның елді мекендерін аралап, барлығы 21 кездесу өткізді.
«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасындағы аймақтық байқауда «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші орынға ие болды.
Аудан әкімінің 2016 жылы есепті кездесулері барысында әр түрлі мәселелер бойынша 148 ұсыныс - тілек айтылды. Оның ішінде 88 ұсыныс - тілек бақылауға қойылып, 63-і – шешімін тапты.
Халық санының азаюына байланысты, ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп Терістаңбалы, Жайма ауылдық округтері Суық бұлақ кентіне, Делбегетей ауылдық округі Қарасу ауылдық округіне қосылды.
Ақжал ауылдық округін ірілендіру мақсатында, Жаңа өзен ауылы Қалбатау ауылдық округінің құрамынан шығарылды, аталған округке қосылып, округ орталығы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |