Жартынова Жанар Алибековна «Өрлеу» баұо ақ филиалы ббжқбари инклюзивті білім берудің даму тарихы



бет3/3
Дата09.10.2023
өлшемі23,66 Kb.
#184229
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
1647342292 (1)

инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс деп көрсетілген [5].
А.Б. Айтбаеваның «Арнайы педагогика негіздері» атты еңбегінде мынадай анықтама берілген: Инклюзивті білім беру - барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепке және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізуге және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне жағдай қалыптастыруға, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат[6].
Инклюзивті білім берудің бірнеше принциптері бар:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді[7].
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуға, қарым-қатынасқа түсуге, өз қызығушылықтарын мүмкіндігінше дамытуға, жетістіктерге жетуге және басқа да мәселелер де тең құқылы. Себебі, инклюзивті білім беру жүйесінің жетекші идеясы бұл жүйеге баланың дайындығы емес, керісінше жүйе кез-келген мүмкіндігі шектеулі тұлғаны қабылдауға дайын болуы маңызды деп есептейді.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беру идеясы екі, мүмкін үш негізгі факторға негізделген. Біріншіден, инклюзивті білім беру, егер тиісті түрде іске асырылса, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білімді игеруді, әлеуметтік дамуды және өзін-өзі бағалауды арттыруды қамтамасыз етеді. Қалған студенттер де білімді сәтті игереді, сонымен қатар қоғамның алуан түрлілігін, әлеуметтік әділеттілікті, теңдікті түсінуге және бағалауға және бір-біріне жақсы қарауға үйренеді.
Екіншіден, қазіргі уақытта көптеген елдерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің ерекше білім беру қажеттіліктері жоқ құрдастарымен бірге оқуға құқығы бар екендігі жалпыға бірдей қабылданған болып саналады. Кейде үшінші дәлел келтіріледі: инклюзивті білім беру оқушылардың арнайы мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде тасымалдау және тұру шығындарын ескере отырып, экономикалық тұрғыдан тиімді[2].
Қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесі кеше немесе бүгін пайда болған жүйе емес екеніне, ғасырлық даму тарихына ие деген тұжырымдама жасадық. Шешілуі қажетті болған мәселелерге ерекше назар аудару есебінен бүгінгі күні дамыған елдерде бұл жүйенің толықтай енгізілгенін байқап отырмыз. Тарихсыз ештеме болмас демекші, бұл жүйенің толықтай әрбір елде енгізілуі, сонымен қатар дамуы көптеген факторларға тәуелді екенін ұмытпағанымыз абзал.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:





  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы.

  2. Д. Митчелл. Эффективные педагогические технологии специального и инклюзивного образования. Перевод с английского — И. С. Аникеев, Н. В. Борисова. РООИ «Перспектива» 2011.

  3. Малофеев Н.Н. История становления развития национальных систем специального образования (социокультурный аспект) // Специальная педагогика / под ред. Н.М. Назарова. - М., 2000. – Т. 2. – С. 22

  4. Инклюзивное образование: перспективы развития в России: мат-лы к конференции, 23–24 июня 2004 г. – М., 2004. – 108 c.

  5. ҚР «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі III Заңы.

  6. А.Б. Айтбаева. Арнайы педагогика негіздері: оқу құрады/ - өнд., толықт. 3-бас. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2017. – 250 б.

  7. А.Т. Иекакова, З.А. Мовкебаева, Г.Закаева, А.Б. Айтбаева, А.А. Байтурсынова. Инклюзивті білім беру негіздері: Оқу құралы. – Алматы: ЖК «Балауса» - 2016. -320 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет