1. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 85,3 %, 3-6 жас
аралығындағы балаларды 100 % қамту.
2. PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық
зерттеуіндегі 15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері – математика – 480 балл, оқу
– 450 балл, ғылым және жаратылыстану – 490 балл.
3. Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты индексі – 0,73 балл.
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан
әрі – ТжКБ) оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған
бітірушілердің үлесі – 75 %.
5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО)
бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі –75 %.
6. Ғылымға ЖІӨ-ден жұмсалатын шығыстардың үлесі – 1 %.
7. Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық
ресурстардың деректері бойынша 2018 жылы (4873 бірлік) жарияланымдардың жалпы санынан
рейтингтік басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың өсімі – 88 %.
8. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) – 63 орын.
Достарыңызбен бөлісу: |