2 бөлім: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сендер өтер әлі бір сын бар.
Асығыңдар қымсынбай кеп,
Жауап тапсаң сұраққа жарайсыңдар - дей отырып мына ашық хаттардан бір бірлеп алуларыңызды сұралады.
/бірінші суырған адам алып, дайындала береді /
а\сұрақ-жауап
б\пед.ситауция 5-7мин
3 бөлім:
Жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Үштілідік бойынша түрлі түсі конверт суырылады.
"Ойна да, ойлан" ойыны ойналады.
Шарты: Ашық хаттар ішінде әр сайыскерге суреттер беріледі, сол суреттер бойынша қазақша, орысша және ағылшын тілінде атап айту.
Сайысымыздың шарты аяқталды. Дайын тәрбиешілер жауаптарын айта береді.
Әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
4 бөлім: «Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».
Келесі сайыс бөлім бойынша "Технологиялық карта жоспарлау"
(тәрбиешілерге әр сала бойынша дайын тақырып беріледі, сол бойынша технологиялық карта жазу)
Әділқазылар бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: |