Тіл мамандары
ЖШС "Жас Батыр Атырау" балабақшасы
Атырау қаласы
Тіл – халық қазынасы
(Тіл мерекесіне орай балабақшаішіаралық педагогтар арасындағы өткізілген сайыс)
Мақсаты: Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсіну, оның адам өміріндегі маңызы, Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер!
Жүргізуші:
- Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам баланың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейірімділік, әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді.
Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып, нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал, осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни педагог.
Тәрбиеші....
Осы сөзде қаншама ұлылық бар,
Жүрегінде маздаған жылылық бар.
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп асыл халқым қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға!
Бүгінгі сайысымызға қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошемет көрсетейік!
Тәрбиешілер ортаға шығады.
1. Ж.К.Хайдарова
2. Н.Т.Сагипова
3. Э.С. Қаттыбаева
4. Г.К.Башенова
5. Ұ.А. Қожақова
1.Сайыскерлерімізді өздерінің реттік нөмерлерін слайд арқылы анықтаймыз, сайыскерлер орындарына отырады.
Әділ қазылар алқасы таныстырылады:
1. Балабақша директоры – Ж.И. Мусина
2. Балабақша әдіскері – Ж.С.Тажиева
3. Ағылшын тілі маманы – М. Урпекова
4. Орыс тілі маманы – Б. Манжекова
Байқау 7 бөлімнен тұрады:
1. Мен – қазақтың қызымын (таныстыру). (Өлең, слайд, видео ролик) - 5-7мин
2. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
(сұрақ-жауап, пед.ситауция) - 5-7мин
3.Үш тілдік -10 мин
4. «Білім таппай мақтанба» (тех-қ карта жоспарлау) - 5-7мин
5. Даналардан шыққан сөз (мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын ашу) - 5мин
6. Шығармашылық жұмыс (үй жұмысы – ''Мен артистпін”)
7. Өнерлінің өрісі кең (би, ән, көркем сөз)
Ендеше, сайыскерлерімізді таныстыру бөліміне ортаға шақырайық!
Достарыңызбен бөлісу: |