Жас ерекшелігі психологиясы



бет24/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129

Дәрістің мазмұны


1. Жас ерекшелігі психологиясы пәні туралы түсінік.

. 2. Жас ерекшелігі психологиясының теориялық және практикалық мәселелері

3 Адам дамуының зерттеу мәселелері.

4. Адам дамуының аймағы, даму туралы түсінік.

5. Даму процестері.Психикалық дамудағы дағдарыс ұғымы.
Мақсаты: жас ерекшелігі,жас кезеңі,даму ұғымдарына анықтама беру, және жас ерекшелігі психологиясының зерттеу аймағымен таныстыру.

Жас ерекшелігі психологиясы – психология ғылымының саласы.Оның зерттейтін обьектісі- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму барысында адамның психмкалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы. бастауыш сынып оқушылары психологиясы ,жеткіншектер психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы,

қарт адамдар психологиясы (геронтопсихология) жас ерекшелігі психологиясының тармақтақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі

психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа сәйкес мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының

жетекші факторларын, әрбір жас кезеңіне қарай психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерін және т.б. зерттейді.

Адам дамуын кешенді түрде зерттеу, барлық кезеңде ғалымдардың тіпті кез-келген адамның қызығушылығын тудырған өзекті мәселелердің бірі болды. Кез-келген адамның практикада жас кезеңдерін зерттеуде жинақтаған тәжірибесі өзара байланыс кезінде толықтырылуы әсерінен бір-бірін күшейтіп отырады. Эксперименталды зерттеу барысында бұл мәселенің ауқымдылығынан, маңыздылығынан, ашықтығы, қарама-қайшылығы әсерінен алуан түрлі көзқарастар, пікірлер мен принциптер кездеседі.

Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу аймағының келтірілген мәліметтеріне сүйене отырып, біз күнделікті өмірде жинақталған тәжірибемізбен салыстырып, кейде сәкестендіріп, кейде қарама-қайшылықтармен кездесіп отырамыз. Жас ерекшелігі психологиясын оқи отырып, адамның даму кезеңдеріне толық тоқталумен қатар, әрі қарай не талдануы керек, қандай көзқарас сені қанағаттандырады, келіспеген пікірлермен дискуссия, пікірталастарға тап болуымыз әбден мүмкін.

Адам баласының психологиялық, денелік, когнитивті дамуы феномені барлық адамдар назарына ұсыныла отырып, қоғамда толық дамыған тұтас комплексті адамның қалыптасуына назар аударамыз. Зерттеу әдістері болашақта қандай мәліметтерді алу керектігіне байланысты толықтырылып, қолданылуға беріледі.Жас ерекшелігі психологиясы, әр адамның даму жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әртүрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді.

Адам дамуының мәселелерін зерттеуде көптеген ойға әкеліп, одан әрі қарай ойлануға, пікірлесуге алғы шарт болып табылады.

«Даму» терминімен адамның денесі мен мінез-құлқының ағзаның биологиялық нышандарының және оның ортамен өзара байланысы арқылы уақытпен қатарласа жүретін өзгерістерін анықтайды.

Жас ерекшелігі психологиясы жалпы психологияның бір саласы болып табылады.Жас ерекшелігі психологиясы даму психология-

сымен тығыз байланысты,сонымен қатар өзіндік ерекшеліктеріде бар.

Жас ерекшелік психологиясы әр түрлі жас кезендеріндегі балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін болса,даму психологиясы баланың психикалық даму заңдарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы баланың бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтердегі сандық,сапалық көрсеткіштерінің салыстырмалы қатынасын анықтайды. Бұл өзгерістер биологилық дамумен,психо-физиологиялық жағдайына, өмір сүру ортасына байланысты. Бұл өзгерістердің эволюциялық, революциялық, ситуа-

циялық деп аталатын түрлері бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет