Зейнетке шығу : статустың мәнді өзгерісі.
Кәрі жастың маңызды міндеттернің бірі зейнетке шығуға бейімделуден тұрады.Тарихи бұл мәселе әйел адамдарға қарағанда ер адамдарды күштірек қозғады, себебі жұмыс күшінің көп бөлігі олардың мойнында болды.Алайда соңғы 30 жылда бұл сферадағы гендерлік айырмашылықтар өзгерді. Адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өзін - өзі сезінуі көбіне оның шынымен –ақ жұмысын тоқтатқысы келгеніне әлде жағдайдың қысымымен кету керек болғандығына байланысты.
Зейнетке шығу – қарттық кезеңдегі мәнді статус өзгерісі. Жұмыс өмірді ұйымдастырады, күнделікті жұмыс ретін анықтайды. Жұмыс – бұл қызметкерлер және өзге де адамдар, тұрақты қарым – қатынас көзі.
Адамның жаңа рольге жеңіл бейімделуі бірнеше қатар факторларға байланысты. Егер адам жұмыстан кездейсоқ шықса немесе еңбек ролімен тығыз байланысты болса зейнеттегі өмірге өту ол үшін өте қиынға соғады.
Қарттық шақта ақыл-ой және денелік іс - әрекеттің жылдамдығының төмендеуі тән. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, кәрі жаста интеллектуалды функциялар әлсірейді. Кәрі адамдарда перцептивті ақпаратты өңдеу реакция уақыты жылдам, жалпы когнитивті процестер баяулайды.Белгілі бір деңгейде танымдық іс - әрекеттің баяулауы қартаюмен тікелей байланысты.
Кәрі жасқа бейімделу – бұл бұрын қалыптасқан тұлға стилі жетекшілік ететін мінез – құлық. Эриксон эго тұтастығын ұзақ даму процесінің нәтижесі ретінде қарастырған. Пек кәрі жасты трансцендентті эго ( сана өлімнен жоғары тұратын күй) және уайымдағы эго ( адамда өлім туралы ойлар басым болса)арасындағы конфликтіні шешу терминдерімен бейнелеген.
Достарыңызбен бөлісу: |