Интуитивті немесе ауыспалы стадия. Аталған стадия шамамен 5 жас шамасында басталады. Бұл этапта бала ментальды шындықты денеліктен айыра бастайды. Енді олар басқа да күштің бар екенін сезе бастайды. Мектепке дейінгі балалардың ойлауы рационалды болады бірақ, жеке құбылыстарды түсіндіру кезінде олар магиялық ұғымдарға сүйену байқалады. Осылайша 4-6 жастағы бала үлкен адамның нәрестеге айналмайтынын және қатты объектіден өтіп кетуге болмайтынын түсінеді.
Операцияға дейінгі ойлаудың шектеулілігі.
Бұл кезеңде баланың ойлауы мына ерекшеліктерімен көрінеді: нақтылық, қайтымсыздығы, эгоцентризм, центрация және кеңістікті, уақытты, бірізділікті ұғыммен операциялаудағы қиыншылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |