16. Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеудің теориясы



Дата28.04.2020
өлшемі7,74 Kb.
#64968
Байланысты:
Новый документ
Новый документ, Новый документ

16. Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеудің теориясы
Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу барысында олардың акцентуациясы, мазасыздануы, агрессиясы тағы басқа топішілік қатынасқа әсерін тигізетін ерекшеліктерін анықтаудан бастадык. Жекелік қасиеттерін бағалау нәтижесінде балалардың үштен бірінің акцентуациясы және агрессиясы нормадан жоғары екенін анықтадық. Зерттеулер нәтижесінде оқушылардың мектепішілік қарым қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне эгоцентризм, өзін өте жоғары бағалауы немесе, керісінше, өзіне сенбеушілік пен мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен.
17. Жеткіншектер акцентуациясын анықтау және пиктограмма әдістемелері
Кез келген адам сияқты жеткіншектер де мазасыздық жағдайын бастан кешіреді. Мазасыздық – бұл реалды және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады (А.Е.Личко). Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның дезадаптацияға әкелу мүмкіндігін көрсететін шеткі норма варианты. Жасырын акцентуация бұл қарапайым норманың көрінуі.К.Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма варианты деп түсінді.А.Е.Личко акцентуацияның өзгерісінің динамикалық бағытын анықтап, оған оның түрінен латентті түріне өтуді жатқызады, акцентуацияның «шеткі психопатияға» және трансформациясының мазмұны жағынан өзіне ұқсас акцентуацияның қосылуын көрсетеді (мысалы, гипертимдінің циклоидтыға ауысуы).

Жеткіншектерде күдіктенушілігінің жоғары болуы заңды нәрсе, ол үлкендік сезімнің орын алу және үлкендердің жеткіншектерге көзқарасындағы қайшылықтардан туатын проблема.Зерттенушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесі, пиктограмма (сурет салғызып, оны психологиялық талдау жасау әдістемесі пиктограмма деп аталады) әдістеменің үй, тал, адам және менің отбасым кешқұрым түрлерін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықты.Басса-Дарки әдістемесінің мақсаты:Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршағаң орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым куалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратып теориялар да бар


18. Педагогикалық-психологиялық сұраныстармен жүргізілген істерді есепке алу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет