Жас ерекшелігі психологиясы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет75/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129
Өзін-өзі тексеру сұрақтары;

1. З.Фрейд осы кезеңді қалай деп атады?

2. Осы кезеңдегі балалардың өзін-өзі бағалауы неге байланысты?

3. Лидерлерге қандай балалар тобы жатады?

4. Ж.Пиаженің анықтаған адамгершіліктің даму сатылары?

5. Осы жас кезеңде баланың кімдерге деген сенімділігі артады?


10 дәріс

Тақырыбы: Жасөспірім шақтағы психикалық даму.



(ортаңғы сынып оқушылар психологиясы).

Дәрістің мазмұны

1. Жасөспірімдік шақтағы денелік даму және бейімделу


2 .Жасөспірімдік шақтағы когнитивтік даму .

3 .Жасөспірімдер психологиясына тән негізгі ерекшеліктер.

4 Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық даму.

5. Жасөспірім кезеңдегі қарым-қатынас.




Мақсаты:Жасөспірімдік кезеңдегі денелік даму ерекешелігімен және оның бала психологиясына әсер етіп, дағдарыстың туындау себептерімен таныстыру.
1. Жасөспірімдік кезеңдегі балаларға 10 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жатады.Жасөспірімдік кезеңнің биологиялық көріністері ретінде: бойдың өсуі, репродуктивті ағзаның тез дамуы, және екінші жыныстық белгілерінің, яғни терінің түк басу және теріде бұлшықет пен май массаларының көбеюі жатады. Кейбір өзгерістер қыз балаға да, ер балаға да ортақ болып келеді. Мысалы: бойы мен күшінің өсуі.

Гормондық өзгерістер: өтпелі кезеңдегі денелік өзгерістер гармондардан синтездеуші эндокринді бездер және үнемі ауысып туратын қан құрамымен бақыланады. Қыздардың тез өсуі 10,5 жасында, ал ер балалар 12-13 жасында басталады. Әсіресе қыздардағы интенсивті даму белгілері жасөспірімдік кезеңдерге өту кездерінде байқалады. Айқын өзгерістер жыныстық жетілумен тығыз байланысты болып келеді. Интенсивті өсу әдетте баланы икемсіздікке алып келеді. Себебі, оның денесі толысу, әрі өзгеру үстінде болады. Әдетте икемсіздік симметриясы өспеугеде байланысты. Кейбір жағдайда уақытша бір аяғы ұзындау, бір қолы екіншісінен үлкендеу болуы да мүмкін. Әрине өсіп толысқан соң ағзаның сұранысын қанағаттандыру үшін тамаққа тәбеті ашыла түсері де сөзсіз. Бетке безеу шығып, денеден иіс шығатын да осы өтпелі кезеңде.Әлбетте өтпелі кезең алдындағы балаларда толысу байқалады. Ер адамдардағы сияқты әйелдерде де май кеудеге жиналып, болашақта ол әйелдерде сақталып қалады да , ал ер адамдарда уақытша аралықта болады. Екі жыныс өкілдерінде де гормондық өзгеруге байланысты айтарлықтай ерекшеліктер байқала басталады. Әсіресе ер адамдарда (тестостерон) андроген атты гармон көп мөлшерде байқалады. Ал әйелдер (прогестерон) гормоны астроген деп аталады. Гормондардың әрқайсысы анықталған қатарының орталығына әлде рецепторға әсер етеді. Мысалы, андроген жыныс мүшесінің өсуіне, иықтың кеңеюіне,шаштардың өсуіне, бет әлпетіне әсер етеді. Сол уақытта эстроген аналық пен кеуденің өсуіне сонымен қатар бөксесінің өсуіне әсер етеді. Эндокринді без жұқа, әрі күрделі гормондар байланысын тудырады. Оның қолдауына мидың екі аймағы жауап береді. Олар: гипоиогломус және гипоприз. Олардың құрамына дененің өсуін қадағалап отыратын өсу гармоны мен трофикалық гормондар енеді. Трофикалық гармондар басқа бездер функциясына оның ішінде әйел және еркек жұмыртқасына әсер етеді. Пубертат белгілері болғандай пубертат жыныстық жетілу мен бала сүю мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Әйелдерде оның жақындағаны бірінші менструальді кезеңмен сипаттаады. Ал ер балаларда пубертаттың басталуы өмір сүруге қабілетті жасушалардың алғашқы түктерінің пайда болуымен сипатталады. Бұрынырақта пубертат біздің кезімізге қарағанда кешірек басталған. 1880 жылы мыс: біздің кезімізден айырмашылығы осы кезеңдердің басталуының қыздар үшін орта шені 15,5 жас деп есептеледі және әлеуметтік жастықтан жетілу кезеңі осыдан соң бірден басталады. Ер адамдарда пубертаттың бірінші белгісі болып жұмыртқалар мен мошонкаларлың өсуі есептеледі. Шамамен бір жылдан соң жыныс мүшесінің өсуі басталады. Осы кезеңде түктердің пайда болуы басталады, әрине гениталий жетілмей тұрып, өз деңгейіне жетпейтіні анық.. Сонымен қатар осы кезде жүректің өлшемі де ұлғаяды.Жасөспірім жасындағы балаларға дауыстың өзгеруі де тән. Дауыс трансформациясы пубертатты өзгерістің соңғы этаптарында жүретін құбылыс, ал көпшілігінде ол келе-келе пайда болуы да мүмкін.

Қыздардың кеуде тұсы әдетте пубертатқа апаратын өзгерістердің бірінші сигналы болып қызмет атқарады. Сонымен қата аналық жыныс мүшесі де жетіле бастайды Жоғарыда тоқталып өткеніміздей жасөспірімдер өз бойындағы өзгерістерді үнемі бағала отырады. Ол дұрыс өлшемі мен формасында ма? Олар дұрыс жетілген бе, әлде икемсіз бе? Жасөспірімдер өз бойындағы ауытқушылықтарға (шамадан тыс семіздік немесе жудеулік), әлде жетілу темпі (кешеуілдеп немесе ертерек) шыдамсыздана жауап іздері анық.

Міне осындай жағдайда өтпелі кезеңдегі жастардың безеу , икемсіздік немесе салмақ мәселесі жоқ жарқын жастар бейнесін жазу арқылы БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) жастарға үлкен әсер етіп, көмек бере алады. БАҚ-ғы толыққанды жетілген өз қатарластарын көре отырып, олар өз бойындағы күмән және күдіктен арылады.

Жасөспірімдік шақта балалардың көпшілігі форма, комплекция түсініктерін өздерінше елестетеді. Олар өз денелері пропорциясына көп көңіл аударады. Осы жаста кемшіліктер мен артықшылықтар қатаң байқалады. Кейбір жастар осы кезде диетаға отырады, ал біреулері қатаң түрде денешынықтырулармен айналысады. Себебі өз денелерінің формасын жақсы ұстау үшін және күшінің мықты болуы үшін. Ер балдардың көпшілігі бойдың өсуі мен бұлшықеттеріне көп көңіл бөледі., ал қыз балалар керісінше толықсудан немесе өте арық болудан мазасызданады. Олар осы кезде өз салмақтарына көп көңіл бөледі, өйткені қоршаған орта оларды қалай қабылдайтыны мазалайды. Уайымдау, үрейлену бұлар тамақтанудың бұзылуына әкеліп соқтырады, соның ішінде жүйке жүйесінің анорексин және булимияға. Бұл жерде анорексия деп отырғанымыз жасөспірімдердің толықсып кетемін деп тамақтаундан бас тартуы.Ал булимия керісінше тамаққа шектен тыс құмарлық.

Бой, салмақ және комплекция, 10 сынып оқушыларының ең басты мазасыздануларының түрі болып табылады, олардың көпшілігі денелік келбеттерін өзгерткісі келеді. Берілген өзіндік баға, өзінің өткірлігін жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде жоғалтады. Лангитюдтік зерттеу көрсеткендей дене бейнесіне деген қанағаттанушылық қыздарда 13 жасында, ал балаларда 15 жасында төмен болады. Кейін біртіндеп жоғарылайды. Әйтсе де ол 11-18 жас аралығында ер балалармен салыстырғанда қыздарда төмен болады. Өз денесіне қанағаттанбаушылық мысалы қыздарда: «Мен өзімнің құлағымды артақарай орналастырсам екен», т.б. Ал ер балдар былай айту мүмкін: «Мен әдемі болсам және толық болсам», «Дене бітімім әдемі болса екен» деген сөздерден көрінеді.

2. Жасөспірімдік кезең қабілеттің, ойлау процесі, сананың өсуі, қиялдың, пікір және интуицияның дамуы айқын байқалады. Оларда біліммен толықтырылуы, сұрақ және жауап олардың өмірін қиындатады. Когнитивтік даму жасөспірімдік кезеңде абстрактілі ойлаумен және мета-танымды қолдануының өсуімен байланысты. Бұл процес жасөспірімдердің естің мазмұны мен шекарасына әсер етеді, мәселені шешілу тәсілі, әлеуметтік контекстегі ойлауды шешу және моральдық пікірді айтуынан көрінеді. Ж.Пиаженің айтуы бойынша жасөспірімдердің абстрактілі ойлауы когнитивті дамудың қорытынды стадиясының белгісі. Ол жасөспірімдердің ойлау қабілітінің деңгейін формальды операциялық саты деп атады.Сонымен қатар бұл кезеңде мүмкін болар жағдайлар, шындықтағы болуы мүмкін жағдайлармен, болмайтын ситуациялармен салыстыру жүреді.Осы кезеңде ойлаудың үш құрылымы болады1) Шешім қабылдау кезеңінде барлық комбинацияларды есептей алу қабілеті,2) Бір өзгерістің екіншісіне қалай әсер ететіндігін болжау, 3)Біріктіру, талдау өзгерістерін енгізу.Бірақта формальды операциялық деңгей барлығында бірдей дамымайды және тұрақты болмайды. Егер бұл деңгейге жетпесе адам жаңа жағдайларды қиындықпен шешеді.Роберт Стернберг интелектіні 3 компонентке бөлді;

1.Метакомпоненет- шешім қабылдау мен жоспарлаудың жоғарғы жүйесін басқару процесі. Мысалы элемент тізімін жаттау кезіндегі арнайы стратегияны қолдану.

2.Орындау компоненті-шешу міндеттерінің қалыптасуының орындалуы.

3.Білімді меңгеру компоненті-жаңа информацияның меңгерілуі.

Жасөспірімдер интелектуальдық және моральды процесінің дамуын қарым-қатынас қызметі үшін іздейді. Жасөспірімдердің үлкендермен қарым-қатынстарында еркіндік және тәуелділсіздік байқалады.Олар дау жанжалға бейім келеді. Эриксонның зерттеуі бойынша еліктеудің қалыптасуы ұзақ және қиын болып келеді.Джеймс Марсиа Эриксонның теориясын әрі қарай дамытты.Ол 4 жағдайды көрсетті:алдын-ала шешім қабылдаушылық, дифузия, мораторий, және ұқсастыққа жету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет