Жас ерекшелігі психологиясы


Дәрістің мазмұны: 1. Орта жастағы физиологиялық ерекшеліктер



бет83/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   129

Дәрістің мазмұны:

1. Орта жастағы физиологиялық ерекшеліктер.


2 Орта жас кезеңіне тән психологиялық қасиеттер.

3. Орта жас кезеңіндегі қарым-қатынас. Жанұя және достар, тұлғааралық қарым-қатынастар

4. Орта жастағы танымдық іс-әрекет және ақыл-ой ерекшелігі

5. Орта жас кезеңіндегі психоәлеуметтік даму


6. .Орта жастағы міндеттер



Мақсаты:Орта жас кезеңнің психологиялық ерекшелігімен және осы кезеңдегі қарым-қатынас

Іс-әрекет, әлеуметтік даму ерекшеліктерімен таныстыру


1.Адам өмірінің 75 % орта жас кезеңіне келеді. Орта жастың хронологиялық жасы 40-тан 60-65 жасқа дейін. Хронологиялық жастың сәйкес келу, келмеуі үш түрлі жастық өлшемге байланысты.

1 .Биологиялық жас адамның биологиялық даму денсаулығы.

2. Әлеуметтік жас-белгілі мәдениетке сай адамдардың дамуының сәкестігі.

3. Психологиялық жас-орта талабына адамдардың бейімделуі.

Орта жаста физиологиялық төмендеуінің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, жасы өскен сайын ұлғая түседі. Кейбір денелік мүмкіншіліктерінің төмендеуі, мысалы: сенсомоторлы дағдылары, сонымен бірге мүшелердің ішкі функйиональды ерекшеліктері өзгеріске ұшырайды. Адамдардың көру мүмкіндігі өзгермейді.жоғары жиіліктегі дауыстарды есту мүмкіндігі төмендей бастайды.Қозғалыс дағдылары төмендеуі мүмкін, бірақ жұмыс қызметін атқару деңгейі бұрынғыдай, ол тәжірибе және ұзақ практикаға байланысты болады. Ересектік кезеңнен бастап әрбір 10 жыл сайын жүрекке қан айдау 8% төмендеиді, өкпенің көлемі азайады ,сонымен бірге адамдардың төзімділігі оттегінің сапасына байланысты болып келеді.Орта жастағы адамдар бұрынғыдай ұзақ уақыт жүмыс жасай алмайды. өптеген әйелдердің ішкі өзгерістері менопаузамен байланысты,бұл етеккірдің және овуляцияның тоқталуы,және бүл жағдайда түрлі денелік және психологиялық салдары болады.Менопауза-бұл климакстың бір бөлігі,ол кең комплексті денелік және эмоционалды симптомды өзгерістерді алдып жүреді. Экстрогеннің жоғалуымен байланысты,орта және генитальдың және сүйек массасының өзгеруі байқалады .Әйелдердің сүйек массасының жоғалуы менопаузадан кейін жиелейді ,осыдан остеопорозаға ұшырайды. Остеопороз-сүйек массасының жоғалуы және орта жас кезеңдегі сүектің сынғыштығы жоғарлайды.

2.Ересектік жағдайларды қарастыратын кезде көбіне біздер рольдердің, жағдайлардың

ауысуына әлеуметтік шыңға даму міндеттеріне көңіл аударамыз. Бұл элементтердің тұрақтылығы мен өзгеруінің көрінуі жанұя циклімен және даму моделімен байланысты.Орта ересектік кезеңі үшін өзіндік міндеттер тән. Бірақта ерте және кеш ересектік кезеңнің міндеттері берілген кезең тапсырмаларымен сәйкес келуі мүмкін. Сондай – ақ бұл тапсырмалар ерлер және әйелдер үшін әртүрлі.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде, орта жастағы кезең өзгермелі және әр адамда әртүрлі болады, кейде түрлі уайымдар болады. Басқаша айтқанда, орта жастың адамдары стрестің денелік және әлеуметтік әсер етудің нәтижесінде, өседі.

Карл Густаф Юнг ең бірінші теоретик болған, адамның өмірінің екінші жартысына ерекше көңіл бөлді, оның ойынша бұл жастағы адамдар өздерінің қажеттіліктерін табудың алдында болады және өздерінің мәндерінің бар екендерін ақтайды. Келешекте ересектердің дамуының әртүрлі моделі жалғасты, сызылған үлкен қиындықтарды, өмірдің орта және кеш кезеңімен бірге жүреді.

Эриксонның келісімінше өмірдің бұл кезеңіндегі адамдардың маңызды мәселесі генеративтілікке көшу. Эриксонның ойынша генеративтіліктің кезеңінде адамдар 3 облысқа әсер етеді: Проективті, келер ұрпақтың қалауын тудырып қанағаттандыру; проективтіде жұмысты интегралдап және отбасылық өмірді және жаңа ұрпақты келтіру; креактивтілік облысында, мәдени потенциалдың мағынасын кең түрде түсіну. Жалпы әлеуметтік әрекет балаларды өсіру процесінде және олардың сүйікті адамдарын бағуда ерлердегі сияқты әйелдерде де генеративтілік арқылы көрінуі мүмкін. Көпшілік ересектерге генеративтілік, соның ішінде отбасылық және профессионалды көптеген ролдер арқылы көрінеді.

Хэйвингхерсттің моделі орта жасқа қатысты, Эриксонның моделіне жақын. Олардың екеуіде

басқа адамдармен күрделі қарым- қатынасқа өте үлкен мән береді, және жеке өмірінде көптеген

өзгерістеріне бейімделуі.

Эриксон мен Р. Пекомның даму теориясы.Эриксонның ойынша, адамның даму процесі 8 стадияға бөлінеді: Алғашқы 6-уын біз қарастырдық, қазір 7-ші стадияға толық тоқталамыз. Әрбір адам әртүрлі толып жатқан қиындықтар кездестіреді. Роджер Пек адам өмірінің 2-ші жартысы туралы Эриксонның салған картинасын кеңейту өзінің басты тапсырмасы деп санады.

Пек Эриксонды өзінің өмірдің 8 жасын суреттеуінде балалық шаққа, жасөспірімдік жасқа және ерте есеюге өте көп көңіл бөлген, деп санады. Дамудың 6 қиындығы базальды сену , сенбеуге қарсы, ұқсастық рольдерді алуға қарсы және жақындық айыруға қарсы- өзіне өзіне маңызды қайшылықтарды әкеледі, әрбір адам өмірінің ерте кезеңінде рұқсат етуге міндетті. Пектің ойынша, орта жаста өте көп қиындықтар және тапсырмалар көрінеді, 2 сатыға орналастыру мүмкін емес: генеративтілік стагнацияға қарсы және кеш орта жастағы оймен артқа қарайды, өміріндегі оқиғаларды есіне түсіреді, және оларды сынмен бағалайды.

Бұл жастағы бұрынғы қиындықтар және оларды шешетін мүмкіндіктер уақытымен қайта шығады, әсіресе стресс және өзгеріс кезеңі. Күтпеген аурулар, мысалы инфаркт мынаған әкелуі мүмкін, адамға автономияны және тәуелділікті қайтадан шешуге тура келеді.Серігінің қайтыс болуы жарының жақындасуды қалауын қайтадан маңызды етуі мүмкін. Өмірде кез келген бейімделу қайта қарауды жіне бұрынғы шешілген қиындықтарды қайта бағалауды қалайды. Эриксонның ойынша, өмірдің маңызды жағдайлары, күйеуінің немесе әйелінің қайтыс болуы адам өміріне түпкілікті өзгерістер әкеледі, ол 1-ші базальды сенуге қайта оралады автономиялық ынта, ұқсастық және жақындық жіне осыдан кейін кемелділік генеративтілігіне қол жеткізеді.Ересектік өмірдің спецификалық өмірлік тапсырмаларын оқуға тырысқан Пек, ересек адамның 7 проблемасын немесе жанжалды атап көрсетті.Алғашқы 4 проблема орта жаста ерекше мағына береді, қалған 3- уі кемелділік жылдарында маңызды болады, бірақта жеке тұлғалар олармен өмірінің ортасынан бастап соқтығысады.

Эриксонның стадиясында Пектің бірде- бір проблемасы орта немесе қарттық жаспен шектелмейді. Өмірінің басында қабылданған шешімдер, кірпіштер ролінде шығады, ересек адамның әрекеттері орналасады, ал орта жастағы адамдар проблемаларын шешуді қарттыққа дейін бастайды. Зерттеулер көрсеткендей 50-ден 60 жасқа дейінгі кезең түзетуге қиын болып табылады және адам қалған өмірін қалай өткізетінін осыдан анықтауға болады.

Психолог, социологтар және осы топқа жататын адамдардың пікірлері әртүрлі. Біреулері бұл өмір этабында мүмкіндіктерді жүзеге асырам десе, біреулері тәуелсіз беделге ие болу деп, ал кейбіреулер қанағатсыздық ішкі абыржу жіне депрессия кезеңі деп аталады. Адамдардың ішкі өз өміріне көзқарасы орта жаста экономикалық жағдайға, әлеуметтік жағдайына жіне өмірлік шартынан ерекшеліктеріне байланысты.Көптеген адамдардың денелік қабілеттілігі төмендесе де, тәжірибе мен білім мүмкіндігі өмірде жетістікке жетуге мүмкіндік беретінін түсінеді.Олар бұрын шеше алмаған, қолы жетпегендігін өз күшіне сенімділікпен жеңіл түрде шеше алады. Сонымен 40-60 жас кезеңнің категориясындағы адамдарды басқарушылар буыны деп аталады жіне өндіріс корпорациясының жетекшілері, қоғамда шешім қабылдау, жауапкершілік орындарда осы кезеңдегі адамдар болады.Левинсон мен оның жақтаушылары орта жас кезеңін қиын дағдарыс кезеңі деп атады. Орта жаста отбасы мен еңбек әрекетінде жану жасы болғанымен олар өмірдің өтіп бара жатқанын алдындағы өмірден гөрі өлім жақын екенін көп ойлайды.Кейбір адамдар осы кезеңде шығармашылық потенциалын жүзеге асыруы және келесі ұрпаққа мұра қалдыру сұрақтары мазалайды және мүмкіндіктерін бос жібергендігі үшін өзінің достары мен туыстарымен жақын қарым- қатынасын сақтап қалу мәселелері мазалайды. Әрбір маңызды оқиғалар, баланың дүниеге келуі, өлім, жұмысты өзгерту, ажырасу, осында үлкен адамдар өз өмірлерін жоғары бағалайды.Көптеген орта жастағы адамдарға мынадай девиз ұстанады: барлық істі біз қазір үлгеруге тиіспіз.Бұл ішкі үйге адамдар қалай қатынас жасайды, өміріндегі өзгерістер оның өмірінде жаңа бағалықпен дағдарыстың ауысуына қарай анықталады. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңді үмітінің жоғалуы, мәңгілік не мүмкіндігінің жоғалуы, дейді ал кейбір зерттеушілер бұл көзқарасқа келіспейді. Орта жастағы адамдарды көп мазалайды, ол өз кәсібіне сын көзбен қарай бастайды.

Орта жаста ер адамдар да, әйел адамдар да өздерінің өмірлік мақсаттарын қарастырып ойластырады, ерте алға қойған міндеттерді орындады ма, соны ойлайды. Ерте ересектік кезеңде адамдар өздерін кәсіби аймақта жұмыста басқаша қарауға сендіреді.Олардың көпшілігі кәсіби таңдау жасайды және онымен бірге өмір сүру керек деп ойлайды.Өз жұмысында көңілі қалған, адам айырылған немесе кәсіби деңгейге жете алмағанда, олар кұйініш және қанағатсыздық сезінеді. Кейбіреулері өздерінің приоритет жүйесін қайта құруы мүмкін. Приоритеттің өзгеруі тек кәсіби әрекет аймағында болмайды. Мысалы: кейбір адамдар өмірінің ортасында тұлға аралық қарым- қатынасқа көңіл бөлуді шешеді немесе адамгершілік жауапкершілігіне жіне кәсіби дамуда аз бөледі.

Орта жас- бұл ұзақ уақыттың кәсіби мақсаттарды жүзеге асыру, карьераның дамуын түзету, жұмыстан көңілі қалу, бұл жұмыспен байланысты стресстің жоғары деңгейіне жету кезеңі деп түсіндіреді.Осы кезеңдегі жанұя мәселесі адамдарды көп мазалайды. Бұл уақытта үйден кету, қайта жанұя құру немесе қайтып оралу мен байланысты боллады.

Орта жастағы адамдар кішілер мен үлкендердің арасындағы байланыстырушы көпір ролін атқарады. Олар орта жаста өздерінің өзгермелі ролдеріне үйренеді. Енді олар жұмысты ұйымдастыратын немесе жүргізуге жауапкершілік алады. Бұл жауапкершілік бәрнеше қортындыларды жасауға тура келтіреді. Оларға қандайда бір мақсаттардың орындалмағанына өкініш білдіреді, және бірнеше жоспарлар жоспар болып қана қалатындығына келіседі. Орта жаста адамдар басқа жастармен салыстырғанда қазіргімен өмір сүрулері қажет. Жастар алға қараса, қарттар артқа бұрылса, орта жастағы адамдар өзіне деген көзқарас тұрғысында осында не қазір деп өмір сүру керек. Олар отбасын қорғайтын адам ролін ұстанады. Олар отбасының дәстүрін сақтап, отбасының әрбіреуін отбасылық мерекелерге жинайды, отбасының тарихын сақтайдды.

Үлкен балалармен қатынас олардың жеке өмірге өтінішін бөлек тұруға үйрену процесіне ауысу кезеңінен тұрады.

Ата- ана менбала арасындағы қарым- қатынасты шешу баланың жеке өмірге аяқ басуынан басталады. Кейбір жанұялар осы ролді жақсы қабылдайды.Жастарға көмекті оларға сенетіні сыйлайтын ата- аналар көмектесе алады.Ата- ана балаларын қалай болғандада дәл сол күйінде қабылдаулары қажет. Көптеген ата- аналар балаларының үйден кеткендеріне реніш білдіріп өздерін уақытша бақытсыз сезінеді, қанағатсыздықтың негізгі себептері жұмыс пен жанұялық қарым- қатынастың балаларымен айырылуымен байланысты.

Ата- аналар үнемі балаларының бар болғанына қуанып олар үшін қуанса бірақ олар кеткен соң өздерінде еркіндіктің күшейгендігіне жеке өмірінде мүмкіндіктің молайғандығымен не қосымша ресурстардың пайда болуы анық көрініс табады.

3.Орта жаста кезесетін ақыл-ой еңбектерінің 2 типі тұрақсыз және кристалданған интеллект. Олрадың арқасында жаңа нәрсе игеріледі. Оларға шапшаңдық, есте ұстаудың нәтежиесі, индуктивті талдау.

Тұрақсыз интелектіге қабылдау, талдау жатады. Бұл интеллект типі жүке жүйесінің

биологиялық мүмкіндіктерін көрсетеді., яғни оның тұтастығы және еңбек қабілеттілігі.

Кристаланған интеллект-ұзақ уақыт аралығында білім қоры мәлімет жөнінде хабардар болуына сүйеніп, тәжірибе мен білім қабілетінің көрінуі. Адамдардың интеллектуалдық қабілетінің сақталуы өмірлік жолына байланысты. өз өміріне қанағаттанатын отбасында бірлік бар және достары көп, өзінің мәдени ортасы мен жақын өзара әрекеттегі адамдарда интелектуальдық қабілеті ұзақ уақыт сақталады. Көпшілік орта жастағы адамдардың когнитивті дағдыларының дамуына үлес қосатын орта еңбек болып табылады. Олардың когнитивті қабілеттері оларға қоятын кәсіби талаптармен тығыз байланысты.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет