Жас ерекшелігі психологиясы


Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы



бет29/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы адамзат ұрпағының жалғасуын білдіреді . Сондай-ақ адамның түрлі нышандарын ( сөйлеу нышаны , тіке жүру , еңбек ету , ойлау нышаны ) құрайды . Ата-анасынан баласына көзі , шашы , дене құрылысы , қанының тобы , резус факторы , т.с.с. тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы арқылы беріледі .
Ал өзгермелі тұқым қуалаушылық бағдарламасы оның өмір сүруге бейімделу қабілетін туғызады . Мысалы , өзін-өзі дамытуы , жетілдіруі , тәрбиелуі .Баланың ата-анасына ұқсап тууын анатомиялық нышан деп атайды . Жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеліктері де туысынан пайда болады . Мұны физиологиялық нышан деп атайды . Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады .
2. Жылына дүниеге келген балалардың 6 -і гендік және хромосомдық ақаулықпен дүниеге келеді . Бұндай ақаулықтың пайда болуына сыртқы орта факторлары , түрлі дәрі-дәрмектер , радиация және босанғанда алған жарақаттар жатады . Сонымен қатар ішкі факторлар ананың денсаулығы , жүктілік кезіндегі өзін күту және тұқым қуалау арқылы берілетін аурулардың себебінен пайда болады .
Жыныстық хромосомдық ақаулық хромосомның артықшылығынан , үзілуінен болады . Хромосом үзілгенде ол келесі хромосоммен бірігуі немесе жасушамен жанасуы мүмкін .
Хромосомның артық болуы кляйнфельтера ауруына әкеп соғады . Мұнда бір немесе бірнеше Х хромосом саны артық болып , ХХҮ генотипі түзіледі . Мұндай ақаулық түрі жаңа дүниеге келген мың сәбидің бірінде кездеседі . Бұл аурумен дүниеге келген нәрестелер бедеулік ауруына шалдығады . Мұндай адамдар ауруға шалдыққыш келеді және қаңқа сүйектерінің кемістігі байқалады .
Ал хромосомның жетіспеуі тернер ауруна әкеп соғады . Бұл ауруда Х хромосомы болмауы немесе мүлдем белсенділік танытпауы мүмкін . Х генотипі болады . Бұл генотип бар әйелдерде жыныстық жетілу толық емес және репродуктивті қызметі бұзылған . Олардың бойы өте кішкентай , ақыл-ой дамуы өте төмен болады . Бұл белгілер пайда болған жағдайда гормонатерапия жүргізіп , сырт келбетін қалыпқа келтіруге болады , бірақ олар бедеу болып қала береді . Бұл тұқым қуалау арқылы берілетін аурудың бірі . Мұндай аурумен дүниеге келген баланың басы өте үлкен , салмағы қалыпқа сай емес , кейбіреулері шапалақтап , өз қолдарын тістеп өте белседі әрекет етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет