Жаңартылған білім мазмұны жаңашылдыққа бастама



Дата11.02.2020
өлшемі135,9 Kb.
#57672
Байланысты:
Мақала Болашақ
2007KAZ (1)
Жаңартылған білім мазмұны - жаңашылдыққа бастама
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсіндірудің нақты тәсілі талап етіледі. Білім беру үрдісі сияқты, көшбасшылықта ұстаз бойындағы қабілеттердің, қасиеттердің, құндылықтардың, біліктіліктің дамуына әкеледі. Мұндай жетістікке жету үшін ұстаз жан жақты ізденуді, шығармашылық жұмыстармен айналысуды, кәсіби шеберлігін әрқашан шыңдауды, сыни тұрғысынан ойлауды жетілдіруі қажет.

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек» - деген еді.

Осыған орай, Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөлімінің химия-биология пәндерінің әдіскері Д. Надирбаева және серіктес мектептердің координаторы Ж. Нуримбетованың ұйымдастыруымен қаңтар айының 29-ы күні А. Иманов жалпы орта мектебінде «Модерация-топтық жұмысты белсендірудің тәсілі» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Семинарға серіктес мектептерден мұғалімдер келіп қатысты. Семинар барысында аталған мектептің мұғалімдері Б. Раймуханов, С. Абилхасимова, Ж. Бишеновалар жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақтарын және мектеп тренері Г. Шағдарова «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп»тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізді. Сабақтарда жаңартылған білім мазмұны бойынша белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып топтық, жұптық жұмыстардың тиімділігін көрсете білді.

Семинарды қорытындылай келе, серіктес мектептердің координаторы Ж. Нуримбетова мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді қолданудағы шеберлігін және осы әдіс-тәсілдердің білім сапасына тиімділігін айтып, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.


Түркістан облысы Шардара ауданы

А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі

директорының орынбасары

Алекенова Гаухар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет