Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану тиімділігі
«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»- деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында[1] «Білім беу жүйесінің басты міндеті
-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетісіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау;
-«оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғалымдық коммуникациялық желілерге шығу-деп білім беру жүйесін одан ары дамыту көзделген.Бұл міндеттерді шешуде,әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы,барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаны дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы»деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етеді.Бұл ұғымның мәнің білім беру үдерісін өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады,сонда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып,оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Бастауыш мектепте қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда,іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық,педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.Оқытудың жаңа технологиясы дегенде,ең алдымен,педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің баспалдағы.
Қазіргі уақытта білім сапасына қойылатын мақсат білім сапасын арттыру.Білім сапасын арттырудың жолы ол жаңа инновациялық технологияларды енгізу.Қазіргі уақытта жаңа технологияларды сабақтарда қолданып келеміз.Мысалы: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Б.Блум таксономиясы, ақпараттық коммуникативтік технологиясы т.б.
Мен өз сабақтарымда жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде «Медэкс» медициналық ғылыми енгізу фирмасының директоры, психолог Ф.Я.Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясын басшылыққа алып, жұмыс жасап жүрмін. Биоинформациялық технологияның білім берудегі ең басты міндеті – орталық нерв жүйесінің дұрыс дамуы, оқытудағы информацияны қабылдап қорытқан кезде адам денсаулығы, психикасы мен рухани дамуына кесірін тигізбейтіндей жұмысын қамтамасыз ету.Биоақпарат дегеніміз-биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен пинциптері.Синергетика дегеніміз-күрделі(бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-өзі басқаруы.
Мұғалім тек пән бойынша білім беріп қоймайды, сонымен бірге, оқушының түрлі ойлау қабілеттерін дамытады.Олар:1.Ойлаудын жылдамдығы; 2. Есте сақтау;3.Логикалық ойлау; 4.Сын тұрғысынан ойлау;
1.Ойлаушылардың жылдам ойлауын дамыту үшін сабақтың ұйымдастыру кезінде 2-3 минут уақыт аралығында 1-ден 100-ге дейінгі сандарға 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын жылдам қосып үйрету керек.
2.Ал, есте сақтау қабілетін дамыту үшін сабақтың ұйымдастыру кезеңінде 1,2,3 таңбалы (сынып жоғарлағасайын 4,5,6 таңбалы сан)2015-2016 оқу жылынан 1,2,3 сандарын қосып үйрету қажет.
3. Логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін мәтіннен табады, сол сөздер арқылы мәтіннің мағынасын ашады.Бис технологиясы бойынша төмендегідей оқыту карталары бар: 1.Ауызша сабақ -1;2.Ауызша сабақ- 2; 3.Алгоритм;4. Биоинтернет; 5.Жаттықтырғыш;
4.Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін өтілген тақырыптар бойынша қиылыс сұрақтарын беру арқылы дұрыс жауап алынады. «Ауызша сабақ -1» картасы.1-кезең.Мәтін бойынша 7 немесе 14 тірек сөз жазу.2- кезең.30 cекундта(7 сөз) оны жаттау керек, 30 секундта дәптерге жазу.3-кезең. Оқулықпен жұмыс.Мәтінді немесе өлеңді оқу.(1 бетти 3минутта оқу.)4-кезең.Қиылыс сұрақтарын беру.Оқушылар жауапты тез және келісемін,келіспеймін деп жауап беруі тиіс. 5-кезең. Сөздік қор.Сөздік қор өлшемі:1-класс 25 сөз,2-класс 31 сөз,3- класс 37 сөз,4- класс 44сөз.Сөздік қор үшке бөлінеді:Жалпы сөздік қор- ана тілінде белгілі уақытта нормативтік мөлшеге сай сөз жазу. Арнайы – сөздік қор- белгілі уақытта жеке пәндерден меңгерілген тақырып бойынша нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер, түсініктер,ережелер, жазу.Сөздік қорды орындау уақыты 5 минут.
«Ауызша сабақ-2» 1-кезең.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқушылар оқиды.2-кезең.Оқушылар мәтіннен7-тірек сөзді тауып айтады.3-кезең.30 секунд жаттау.4-кезең.Тірек сөздердің мағынасын ашу.5-кезең.Тест құру.I нұсқаға,IIнұсқаға.(2-минут ішінде.)
Ал, математика пәнінде «Алгоритм», «Биоинтернет», «Жаттықтырғыш» карталарын басшылыққа аламын. «Алгоритм» технологиялық процесте әске асыру үшін жасалған технологиялық карталардың бірі.Мақсаты: зейінді, дамыту, жылдам ойлауға, есте сақтауға үйрету,күрделі білім және үлгерімді дамыту.Бұл карта жаңа білімді түсіндіргенде қолданамын. Ал, «Биоинтернет» дегеніміз оқушылардың бір-біріне көмектесіп,түсіндіруі.Ең бірінші тапсырманы орындаған оқушының уақытын 6-минутқа көбейтеміз, сол уақыт аралығында барлық оқушы берілген тапсырманы аяқтау, яғни түсіндіріп беруі тиіс.«Жаттықтырғыш » картасы бойынша оқушылардың білім деңгейі, қабылдау дәрежесі тексеріледі.Математикадағы тапсырмалар ТКШ-төменгі күрделілік шегі,АКШ-аралық күрделілік шегі,ЖКШ-жоғары күрделілік шегі деңгейлер бойынша беріледі.КЕФ- күрделілікті есептеу формуласы. Нормативті уақытты анықтау -5 оқушы +30секунд.
2015-2016 оқу жылынан бастап сабақтарды осы технология бойынша өткізудемін.Менің әдістемелік тақырыбым «Биоақпарат және синергетика технологиясын пайдалана отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс іздеу дағдысын қалыптастыру.»Осы технологиямен жұмыс істеу нәтижесінде:
-Үлгерімі нашар оқушылардың сабаққа деген ынтасы артты;
-Оқушылардың жылдам ойлау қабілеті артты;
-Есте сақтау қабілеті дамыды;
-Cөздік қоры молайды;
-Уақытпен жұмыс жасауға үйренді;
-Жалпы білім сапасы артты;
Қорытып айтқанда, «БжС» технологиясының ерекшелігі әр сабақтын білім сапасының нақты пайызын көрсету арқылы мұғалім өз еңбегінің нәтижесін көреді.
Пән: әдебиеттік оқу
Тақырып: Б.Соқпақбаев. «Сен ұйықтап жатқанда»
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы,БжС технологиясы.
Мақсаты: Сабақ норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын,ақпараттық құзыреттілігін дамыту.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
|
Тақтаның жоғарғы оң жағына 63%нормасының саны қойылады.
|
2.Оқушылардың
Субъектілік тәжірибесін өзектендіру
|
І.Өткен сабақ тақырыбы бойынша сурақ-жауап.
-С.Сейфуллин кім?
-С.Сейфулиннің қандай өлеңімен таныстық?
-Ақын туған даласын кімге теңейді?
-Табиғат адамға не береді?
-Туған ел деген сөз тіркесті қалай түсінесіңдер?
-Өлеңде туған жерді анаға теңейтінін қай шумақтан байқадындар?
-Табиғат ана деген тіркестегі ой мен сурет арасында байланыс бар ма? Болса, қандай?
- Кім туған ел туралы мақал- мәтел біледі?
|
Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады.
Алдымен сұрақ қоямыз,кейін ООМ орнын көрсетеміз .
Тақтаға нәтижені жазу:
1кезең<немесе>нормалар
|
3.Қабылдауды ұйымдастыру
|
Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды.
Проблемалық сұрақ.
-Кім «Менің атым Қожа» атты кинофильмді көрді?
-Кім туралы?
-Қожа қандай бала болды?
Бір сөзбен айтсам: өзің жазатын жазушымын.Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес менің өзіме ұқсайды-деген.
Бердібек Соқпақпаев –қазақ жазушысы.13.10.1924 жылы Алматы облысы,Нарынқол ауданы ,Қостөбе ауылында дүниеге келген. Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз»,»Балдырған» журналдарында, Қазақстан жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды.
II.Тірек сөздермен жұмыс
Арнаулы тұрақ, баспахана, емхана, жедел жәрдем, «Балдырған», казпочта, пошташы.
|
7cөзге 30сек.
2сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді.
Тақтаға нәтижені жазу:
2кезең<немесе>нормалар
|
4.Ұғынуды ұйымдастыру
|
Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіру керек.Мұғалім оқыған материал бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескереді.
|
3-сынып оқушыларына бір парағына 4мин. Уақыт беріледі.
|
5.Түсінудің бірінші тексерілуі
|
III. Қарама -қарсы сұрау.
-Мәтінде қандай көлік түрлері айтылған?
-Күндіз қаптап жүрген көліктер қайда кетеді?
-Тұрақты көліктерді келесі күнге қалай дайындайды?
-Ауырып қалған адамдарға қандай жеңіл машина барады?
-Ауырып қалған адамдарға кімдеркөмектеседі?
-Газет ,журнал , кітапты қайда шығарады?
-Сендер ұйықтап жатқанда баспаханада нені шығарады?
-Таңертең сендерге газет, журналдарды кім жеткізеді?
|
Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады.
Тақтаға нәтижені жазу:
3кезең<немесе>нормалар
|
6.Бастапқы
Пысықтауды
ұйымдастыру
|
IV.Сыни сұрау
-Троллейбус,трамвай,автобустар арнаулы тұраққа барады.
-Өрт сөндірушілер ауырған адамдарды емханаға жеткізеді.
-Дәрігер адамдарды емдейді.
-Түнде автобус,трамвай троллейбус жүреді.
-Пошташы газет,журналдарды әр үйге жеткізеді.
-Жедел жәрдем машинасы өрт сөндіруге асығады.
-Қалада бірнеше жедел жәрдем стансасы бар.
-Журнал, газеттер баспаханадан шықпайды.
|
Тақтаға нәтижені жазу:
4кезең<немесе>нормалар
|
7.Талдау
Уақыт 5 минут
|
V. Тақырыптық сөздік қор.
Шығарма түрінде жазуға рұқсат етіледі.Жалғаулықтар сөзге жатпайды.Сөздер қысқартылмай толық жазылады.
|
Тақтаға нәтижені жазу:
5кезең<немесе>нормалар
|
8.Рефлексия
|
Әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқаша сабаққа талдау жасалынады.
|
|
9.Бағалар
|
5-ұпай 5баға
4ұпай 4 баға
3-ұпай 3баға және екі қойылмайды
|
|
10.Үй тапсырмасы
|
69-70 бетті оқу,мазмұндау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |