Әож 378 371. 13 Р. Н. Бегалиева, Ғ. И. Исаев, Ж. С. Ергубекова, А. И. Исаев



Дата26.08.2017
өлшемі95,28 Kb.
#29009
БЕГАЛИЕВА РАУАН НАРМАХАНҚЫЗЫ

Ергубекова Жанат сапарбекқызы

Студенттерге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгерту.
(Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,

Шымкент қаласы)

ӘОЖ 378.6.371.13
Р.Н.Бегалиева, Ғ.И.Исаев, Ж.С.Ергубекова, А.И.Исаев
Студенттерге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгерту
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1]. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір оқу орындарының ұжымы, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық  жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 

Қазіргі кезде біздің елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатылап жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияның басты міндеті – студенттің оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатына толықтай жеткізу. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Д.Г.Левитестің пікірінше «білім беру технологиясы» – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі. Бірақ бұл өте ауқымды анықтама. Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым-қатынас технологиясы да,кіреді [2,46-б]

Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин [3], П.Я.Гальперин [4], М.Кларин, Л.В.Занков [5] т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Б.Т.Лихачев: «Педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым. Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттердің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу», - деп түсіндіреді [6, 68-б].

Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Олар: «Технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі», – деп есептесе, Ф.А.Фрадкин педагогикалық технологияны білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті деген ойды айтады [3,72-б].

М.В.Кларин: «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс жасау реті» – деген пікір білдіреді [7,60-б].

Н.Ф.Талызинаның пікірінше: «Оқыту технологиясы – бұл оқу процесін нақты сипаттаудың, мұғалімге қойылған мақсатқа жетуде басшылыққа алынатынның нақ өзі» [8,88-б].

Ж.Қараевтың пікірінше, технология дегеніміз - әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданылатын әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере алмайды [9,118-б].

Мәселені зерттеуші ғалымдардың пікірін қорытындылай келе, біздің педагогикалық технология – педагогика ғылымын оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық үдерісті жобалаушы бір бөлшегі деген тұжырым жасауымызға болады. Демек, ол – білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін үдеріс.

Сонымен, педагогикалық технология – тиімді оқыту жүйелерін құрастырумен, оқу процестерін жобалаумен айналысатын педагогикалық ғылымның бағыты.



Бүгінгі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Студенттерге терең білім беру үшін оқытушы мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.
- оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет;
- білім алушылардың психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр шәкірттің жүрегіне жол таба білуі абзал;
- ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс;
- мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.

Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.



Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

  • оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

  • танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

  • әлеуметтік-мәдени тәрбие қалыптастырады;

  • оқушыны шығармашылы қжұмысқа баулиды;

  • оқытушының уақытын үнемдейді

  • қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға тиімді жақтары:

- барлық  баланы оқытады;

- оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

- білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;

- оқушының жеке қабілетін айқындайды.

Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды.Сондықтан мұғалім өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану мұғалім жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.


Пайдаланған әдеиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2004.

  2. Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. –М. :Изд-во: «Институт практической психологии»; Воронеж: НПО «МОДЭК», 1998. 288с. ..................................................................

  3. Фрадкин Ф.А. Вопросы формирования и воспитания ребенка в группе. Методическое пособие. -Владимир, 1972.

  4. Гальперин П.Я. Умственное действие как основа формирования мысли и образа // Воп Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие – М.: Прометей, 1992.... - 528 с.

  5. Заньков Л.В. Умственное развитие и обучение. - М.: АО «Столетие», 1995. -205с.

6. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие – М.: Прометей, 1992. - 528 с.

7. Кларин М.В. Развитие педагогической технологии и проблемы теории обучения // Советская педагогика. – 1984. С.117-122.

8. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. – М., МГУ, 1975. – 343 с.

9. Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения. // Методическое пособие. – Алматы: Респ. изд. комитет, 1999. – 118c.



Р.Н.Бегалиева, Ғ.И.Исаев, Ж.С.Ергубекова, А.И.Исаев

Студенттерге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгерту.

Аңдатпа: Мақалада білім берудің жаңа жүйесі, жаңа педагогикалық туралы жазылады. Педагогикалық технология ұғымына берілген түсініктерге сараптама жасалынады. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігі талданады. Студенттерге терең білім беру үшін оқытушының ұстанатын қағидалары ұсынылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланыстылығы айтылады.

Тірек сөздер: жаңа технология, әдіс-тәсілдер, оқу үрдісі, білім берудің жаңа жүйесі, әдістемелік шеберлік.
Р.Н.Бегалиева, Г.И.Исаев, Ж.С.Ергубекова, А.И.Исаев

ОСВОЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МОДУЛЕЙ ОБУЧЕНИЯ БУДУЩИМИ УЧИТЕЛЯМИ

Аннотация: В статье раскрывается эффективность и содержание инновационных модулей обучения, раскрывается понятие «инновация». Также в работе описываются цели и задачи кембриджскоой учебной программы, что умение использовать новые педагогические инновации с учётом особенностей предмета является одним из путей достижения цели обучения.

Ключевые слова: семь модулей, кембриджская учебная программа, инновация, учитель новой формации.

R.N.Begaliyeva, G.I.Issayev, Zh. S. Yergubekova, A.I.Issayev

Tutoring students on new methods of teaching and studying

Abstract: There is written about the new system of education and new pedagogical technology in this article. There are analyzed the definitions given to the concept of new pedagogical technology and the advantages of  usage of this technology. There are shown the teachers' main principles in tutoring students. There is said about the influence of the advantage of education and quality to the methodic competence of teacher and the proficiency of new technology.

Key words: new technology, methods, the process of education, new system of education, methodic skills.


Автордың аты-жөні: Бегалиева Рауан Нармаханқызы

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент міндетін атқарушы

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Тіл білімі кафедрасы

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, №13.

Телефон: 8 702 840 27 00

Факс: 8(7252) 21 40 06

Е-mail: Rauan_Narmahankyzy@mail.ru
............................................................................................................

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет