“
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ” КУРСЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ 1-дәріс: Жасерекшелік психологиясы ғылымының пәні және міндеттері, зерттеу әдістері
Жоспары:
Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері.
Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы.
Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері.
Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмірі бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Бізді қызықтыратыны – бүкіл өмірлік жол емес, өте жылдам есейіп келе жатқан баланың мектепті тәмамдап, ересек өмірге қадам басқанша жүріп өткен, туғаннан 17 жасқа дейінгі өмірінің бастапқы кезі. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.
Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны
генетикалық психология (грек тілінде «генезис» –
шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Әйткенмен,
жас ерекшеліктері психологиясы психологияның басқа салаларымен: жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік, педагогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер – қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттелетіндігі белгілі. Жас ерекшеліктері психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңдеріндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Тұлға психологиясында түрткі, өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі,
құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б. сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді. Жас ерекшеліктері психологиясының әлеуметтік психологиямен байланысы баланың мінез-құлқы мен дамуының оның өзі кіретін топтарға: отбасына, балабақша тобына, мектеп сыныбына, жасөспірімдер ортасына тән ерекшеліктерге байланыстылығын бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір жас кезеңі – баланың айналасындағы адамдардың, ересектер мен құрбы-құрдастарының өзіндік, ерекше ықпалы. Баланы оқытып-тәрбиелейтін ересектердің мақсатты ықпалы педагогикалық психология аясында зерттеледі. Жас ерекшеліктері психологиясы және педагогикалық психология бала мен ересек адамның өзара ықпалдасу үдерісіне әр түрлі қырларынан қарайды: жас ерекшеліктері психологиясы –
бала тұрғысынан, педагогикалық психология – тәрбиеші, мұғалім тұрғысынан.
Дамудың жас ерекшелік заңдылықтарынан басқа, дифференциалдық психология айналысатын индивидуалды айырмашылықтары да болады: бір жастағы балалар ақыл-парасаттың әр түрлі деңгейлерін және әр түрлі тұлғалық қасиеттерді иеленулері мүмкін. Жас ерекшеліктері психологиясында барлық балаларға ортақ жас ерекшелік заңдылықтары зерттеледі. Бірақ бұл орайда дамудың магистралды желілерінен қандай да бір басқа жаққа ықтимал ауытқушылықтар да ескеріледі.
Сонымен, жас ерекшеліктері психологиясы – психологиялық білімнің ерекше саласы. Баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әр түрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, демек, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданады.
Жас немесе жас кезеңі дегеніміз – бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл. Л.С. Выготскийдің бұл анықтамасына толығырақ біз кейін тоқталатын боламыз, ал қазір бар болғаны екі нәрсені атап өтеміз.
Біріншіден, психологиялық жас жекелеген баланың оның туылу туралы куәлігінде, ал кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны – баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс-әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар. Бірақ бұл хронологиялық шектер жылжытылуы мүмкін, бір
бала жаңа жас кезеңіне ертерек, ал екіншісі кешірек енеді. Әсіресе балалардың жыныстық пісіп-жетілуімен байланысты жасөспірімдік шақтың шектері қатты «толқымалы болады».
Екіншіден, бастапқы жас кезеңдері
балалық шақты – негізінен ересек өмірге, өздігінен еңбек етуге дайындық болып табылатын тұтас бір дәуірді құрайды. Балалық шақ – тарихи құбылыс: оның мазмұны да, ұзақтығы да ғасырлар бойы өзгеріп отырған. Алғашқы қауымдық қоғамдағы балалық шақ қысқа, ал орта ғасырларда ұзағырақ болған; қазіргі заманғы баланың балалық шағы одан да ұзағыраққа созылып, іс-әрекеттің күрделі түрлерімен толыға түсті – балалар өз ойындарында ересек адамдардың отбасылық және кәсіби қатынастарын қайталап, ғылым негіздерін меңгере бастады. Балалық шақтың өзіне тән ерекшелігі бала өмір сүріп, оқып және тәрбиеленіп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейімен анықталады.
Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады? Дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөлімі ретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан
кейін де жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір психологтар жасөспірімдік шақты да «ұзап кеткен балалық шақ» ретінде қарастырады. Қандай көзқарасты ұстансақ та, нағыз ересектіктің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс, 15 немесе 17 жаста күтетіндігін мойындауымызға тура келеді.
Қазіргі таңда әрбір білімді адам «балалық шақ деген не», - деген сұраққа бұл – даму, үйрену, өзгеру кезеңі деп жауап қайтарады. Алайда тек ғалымдар ғана бұл кезеңді – парадокстар және қарама- қайшылықтар кезеңі, және онсыз даму процесі болмайтындығын атап кқрсетеді. Балалық шақ дамудың парадокстары жайлы В. Штерн, Ж.Пиаже, И.А. Соколянский және т.б. жазды. Д.Б. Элькониннің айтуы бойынша балалық шақ психологиясында парадокс бұл – ғалымдардың әлі де шешетін дамудың жұмбақтары.
Д.Б. Эльконин Москва университетіндегі дәрістерін балалық даму парадокстарының екі негізгі мінездемелерінен бастайтын.
Адам дүниеге келгенде өмірді сақтай алатын элементарлы механизмдермен ғана шектеледі. Физикалық құрылымы, жүйке жүйесінің үйлесуі жағынан, іс-әрекет типтері және оны бақылауы жағынан табиғаттағы мінсіз жан болып есептеледі.
Алайда эволюциялық қатарға дүниеге келген уақытысында мінсіздіктің айтарлықтай күрт төмендеуі байқалады, яғни балада дайын мінез – құлық формалары болмайды. Негізінен, тірі жан жанауарлар қатарында жоғары сатыда тұрған сайын, сол сияқты оның
балалық шағы ұзаққа созылады, сол сияқты туылғанда ол әлсіз болады. Бұл табиғаттың бір парадоксы болып есептеледі. Тарихи даму барысында адамзаттың материалды және рухани мәдениетінің үздіксіз артуы байқалады. Мыңжылдықтардың ішінде адамдардың тәжірибесі мың есеге көбейді. Бірақ бұл уақытта туылған сәби еш өзгерген жоқ. Антропологтардың мәліметтері бойынша анатомо – морфологиялық ұқсатықты зерттей отырып, олар кроманьондықтармен және қазіргі европалық адамды салыстырады. Қорытынды бойынша қазіргі заманғы адамның жаңа туылған сәбиі он мың жылдар бұрын өмір сүрген сәбиден еш айырмашылығы жоқ.
Сонда табиғи шарттары ұқсас бола тұра психикалық дамудың деңгейі, қоғам дамуының тарихи кезеңдерінде бала әртүрлі жетістіктерге жетеді. Балалық шақ бұл жаңа туғаннан толық әлеуметтенгенге дейін жалғасатын және әрі қарай ержеткенге дейін; бұл кезең баланың адами қоғамның толық мүшесіне айналуы. Сонымен қатар, алғашқы қоғамдағы балалық шақтың ұзақтығы орта ғасыралдағы қазіргі күндердегі баланың шағының ұзақтығы мен тең емес. Адамның балалық шақ этапы- тарихи өнімі, және сол секілді олар мың жыл бұрын өзгеруге бейім болды. Сондықтан да баланың балалық шағын және оның заңдылықтарын, оның қалыптасуын адами қоғамның және заңдылықтарының дамуынан тыс қарастыруға болмайды. Балалық шақтың ұзақтығы қоғамның материалды және рухани мәдениетінің деңгейіне байланысты.
Тану теориясы мен диалектика жеке ғылымдардың тарихынан – жануарлар балаларының ақыл- ой дамуы, тіл тарихында қалыптасуы белгілі.
Назарды баланың ақыл- ой
даму тарихына аудара отырып, оны балалық онтогенездегі дамунан және қазіргі заманғы мәдениеттердің біркелкі емес дамуынан ажырату қажет.
Балалық шақ дамуының проблемасы – қазіргі балалық шақ психологиясының ең күрделісі болып табылады. Себебі бұл аймақта бақылау да, эксперимент те жүргізе алмаймыз. Этнографтарға балаларға байланысты. Мәдени ескерткіште кедей екені белгілі. Тіпті, археологиялық қазбаларда табылатын ойыншықтардың өзі діннің заттары, яғни оларды ол дүниеге барғанда иесіне қызмет етсін деп салады екен.
Балалық шақтың тарихи шығу тегі кезеңдері жайлы теоретикалық сұрақты П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин деген ғалымдардың еңбектерінде жасалып шығарылды. Л.С. Выготскийдің концепсиясы бойынша бала дамуының психикалық даму жолы – табиғаттың мәңгілік заңдылықтарына бағынбайды. Міне, сондықтан да мәңгілік балалық шақ болмайды. Ол тек тарихи балалық шақ қана бар деп көрсетеді. XIX ғасыр әдебиеттерінде өте көп дәлелдемелер келтірілген. Олар бойынша жұмысшылардың балаларында балалық шақ болмады. Ф. Энгельс 1483 жылдары Англиядағы жұмысшы клас ты зерттей отырып мынандай мәліметтер алды. Балалар кейбір жағдайда бес жастан бастап жұмыс істеп жиірек алты жаста, жиі жеті жаста бірақ ата-анасының ахуалдары нашар балдардың бәрі сегіз жастан жұмыс істейтін болған, жұмыс уақытысы 14- 16 сағатқа созылған.
XIX- XX ғасырда балалық шақты қорғау органдарының жұмыс істеуінің арқасында бала еңбегі тоқтатылды. Әрине, бұл қоғамның төменгі деңгейде орналасқандарға балалық шақты қоштасу ету емес. Біздің заманымызда бала еңбегі жоқ десек те , балалық шақ статусын ата-анасының әлеуметтік қоғам құрылымындағы орнын есептемей айта алмаймыз.
ЮНЕСКО – ның қабылдаған және көп мемлекеттер бекіткен 1989 жылы «Баланың құқықтары жайлы конвенция» бойынша барлық жер бетіндегі бала тұлғасының толыққанды дамуы қамтамасыз етілуі қажет.
Балалық шақ туралы түсініктер тарихта көбіне
олардың биологиялық дамуы емес, әлеуметтік даму кезеңдері ескерілді. Осы айтылған қорытыньдылардың дәлелі ретінде француз демографы және тарихшысы Филипп Ариестің деректері негіз болды. Соның арқасында шетелдік ғалымдар балалық шақ психологиясына назар аударды, ал Ариестің еңбегін кллассикалық дәрежеде бағаланды.
Түрлі тарихи дәуірден, тарихи процестің барсында суретшілердің санасында балалық шақ ұғымының ерекшеленуі. Бейнелеу өнеріндегі зерттеулері бойынша он үшінші ғасырға дейін өнер балаларға назар аудармады. Суретшілердің өздері де бейнелеуге тырысады.
XIII ғ балның бейнесі, кескіні тек діни аллегориялық сюжетте кездеседі. Бұл нәресте Исус және жалаңаш сәбидің өліктің символы ретінде. Шынайы түрде балалар суретін салу бейнелеу өнерінде көпке дейін болмады. Мүмкін ешкім өзіндік тұлға екендігін есептемеді. Өнер шығармашылығында бала бейнесі пайда болғанымен көбіне, олар ересектердің кішірейтілген формада көрсетеді. «Бала сөзі» көпке дейін қазіргі кезде нақты мағынаға ие болмады. Мысалы ортағасырларда Германияда «бала» сөзінің мәні «ақымақ» сөзімен барабар болды.
Балалық шақ ол кезеңде тез өтпелі және құндылығы жоқ болып есептелді. Оған немқұрайлы болуын Ф. Ариес, сол кезеңдегі демографиядағы жоғарғы туу мен жоғарғы өлімнің болу ерекшелігінің салдарынан. Балалық шаққа деген немқұрайлықты жеңу ол XVI ғ өлген балалардың портреттерінің пайда болуының әсерінен дейді француз демографы.Бұл жағдай жай ғана құбылыс емес, үлкен мән берілетін мәселе ретінде қалыптастырады. Жеңіл болуын бейнелеу өнерінде балалардың шынайы суреттері XVII ғ ерте дамымады. Ол кешегі біздің ғасырымызға дейін сақталады. Ескертетін бір жайы, шаруа отбасыларында революцияға дейін балалар мен ересектер бірдей киінген. Және бұл ерекшелік баланың ойны мен үлкендердің айырмашылығы аса көп болмаса киімдерінің бірегейлігі осы уақытқа дейін сақталған.
Ф. Ариес көне кезеңдердегі бала бейнесі мен әдебиеттегі балалық шақ киімдері көріністерін анализ жасай келе, бала киімінің эволюциясындағы 3 тенденцияны бөледі: