Жас журналистерді дайындау мәселесіне тоқталатын болсақ


Жас журналистерді дайындау мәселесіне тоқталатын болсақ



бет2/3
Дата12.09.2020
өлшемі33,55 Kb.
#78168
1   2   3
Байланысты:
Документ (18)
Документ (18), NNN
Жас журналистерді дайындау мәселесіне тоқталатын болсақ:

Қазақ журналистикасы соңғы 15 жыл ішінде коммунистік жүйеден демокра­тия­лық бағыттағы БАҚ сала­сын қалып­тас­тыруға бет бұрып, едәуір нәтижелерге қол жеткізді. Демо­кратиялық реформа­лардың тере­ңдей түскен, әлемнің жоғары дамыған 50 елінің қатарына қосылу міндеті алға қойылып отырған және ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілет­тілікті арт­тыру қажеттілігі туындаған қазіргідей күрделі де жауапты кезеңде БАҚ-да жұмыс істейтін мамандарды даярлау ісіне әдістемелік тұрғыдан шұғыл бет­бұрыстың жасалуы талап етіліп отыр.

Мәдениет және ақпарат министр­лі­гінің соңғы мәліметіне қарағанда, бүгінде Қазақстаннның 26 уни­верситетінде журналист мамандарын даярлайтын факультет пен бөлімдер жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, ми­нистр­лікте ресми тіркелген БАҚ саны 7000-нан асып кеткен. Олардың әзірше 2500-і нақты жұмыс істейді. Ал, барлық БАҚ-тың 12 пайызы ғана үкіметтік көрінеді. Олай болса, алдағы уақытта жоғарыда аталған 26 оқу орнының бәрінде де, ондаған жылдар бойы қолданылып келген, ішінара әлі де өз күшін жоя қоймаған кеңестік жүйе­сінің көне тәсілдерінен түбегейлі бас тартып, әлемдік стандарт үлгілерін қабылдағаннан басқа жол жоқ. Себебі, қазірдің өзінде білікті медиа-биз­нес­мендердің, БАҚ саласы менеджер­лері­нің жоқтығынан еліміз баспасөзі нарығында жарнаманың 49 пайызын ресейліктер иемденіп отыр. Осыншама табыстан көпе-көрінеу айырылып оты­руымыздың өзі медиа-бизнеске бейім­дел­ген мамандардың жеткіліксіздігінде болса керек. Диплом алып жатқан ма­ман­дар көп болғанымен, оның бәрі БАҚ талаптарын қанағаттан­дыр­май­тыны да рас. Сондықтан, батыстық, америкалық озық тәжірибеге сүйен­сек, ұтылмайты­нымыз анық. Білім берудің батыстық үлгісінің озық болуының мәні мынада:

l журналистік білім беру ісінде тәжірибеге басымдық беретіндігінде;

l студенттің өз бетімен еңбек етуіне, шығармашылық еркін ой мен іскерлік қабілеттілігін дамытуларына қолайлы жағдай тудыратындығында.

Алайда, журналистік жоғары білім берудің әлемдік стандарттарын жүзеге асыруда елеулі қиындықтар бар. Ең ал­дымен жоо-ның материалдық база­сының сын көтермейтінін атап айтуға тиіспіз. Әлемнің жоғары дамыған өркениетті елдерінде “студенттің саны­нан компью­тердің саны асып түскен жағдайда” ғана талапқа сай деп танылады. Біздің елде бұл көрсеткіш өте төмен. Студенттерді айтпағанның өзінде, оқытушылар үшін кафедрада екі компьютер болса, соны да қанағат етуге мәжбүр. Оның сыртында көп­те­ген университет ректорлары журна­лис­тика мамандығының өзіндік ерек­ше­ліктері мен маңыздылығына айтар­лықтай мән бермейді де. Соның сал­дарынан тәуелсіздік жылдарында ашылған кафе­драларда журналистика саласы бойынша білім беруді қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімін даярлаудың деңгейінде ғана қарастырды. Тіпті, жасырмай айтқанда, журналистика мен филологияны айыра білмейтіндер де баршылық. Олар қоғамда БАҚ-тың, жур­налистиканың рөлінің барған сай­ын өсіп келе жатқандығымен, оның де­мократиялық зайырлы қо­ғам­да “төр­тін­ші биліктің” дәрежесіне көтерілетін ық­палымен, қазіргі жа­һан­дану кезеңін­де ақпараттық майданда ашық “соғыс­тың” басталғаны­мен, оның өзі ұлттық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етудің маңыз­ды бір бөлігі екен­дігімен санаса бер­мейді. Сонымен қа­тар, жергілікті уни­вер­ситеттердің жур­на­листика кафе­дра­ларында білікті ма­мандар жеткіліксіз. Ал, кейбір маман­дар жеткілікті оқу орындарының өзін­де журналистика кафедраларын өзге саланың адам­дарына, көбінесе жур­на­листиканың теориясы мен практика­сынан бейхабар адамдарға басқартып қоюы жоғарыда айтқан ойды нақтылай түседі.

Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине, студенттердің өз бетімен жеке із­денулері арқылы олқылықтардың орнын толтыруға тырысудан өзге амал жоқ. Оның ең бір тиімді түрі – сапа­лы оқулықтар мен журналистика сала­сы бойынша жарыққа шығарылған ғылыми-зерттеу еңбектерді білім беру ісіне кеңінен тиімді пайдалану. Әсі­ре­се, студент жастардың журналистика теориясы мен тарихының іргелі туын­дыларымен етене танысуларына, зерт­теп, зерделеулеріне аса ден қою қажет болады. Себебі, олар университет қа­быр­ғасында жүргенде оқулықтар мен оқу құралдарын қазіргі заман талап­тарымен байланыстырып пайдалануға дағдылан­баса, ертеңгі күні БАҚ-қа барған соң әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қорытуға қабі­летсіз болмақ. Шын мәнінде, ғылыми-зерттеу, талдау-сараптау тәсілдерін ерте меңгерген журналистер көбінесе БАҚ саласында өз қабілеттіліктерін тез таныта алады.

Журналистиканың зерттеу мате­риал­дарының түп нұсқаларын жал­пы­ла­ма түрде ішкі және сыртқы деген екі объектіге бөлуге болады. Жаһандану дәуірінде өз деңгейімізді әлемдік үр­діспен салыстыру, өзіміздің қай тұста жүргенімізді бажайлау, өзгелерден үйрену міндетті түрде қажет етіледі. Оның сыртында, сыңаржақ идеоло­гия­ның құрсауынан құтылған Қазақ­стан бүгінде сыртқы әлемге өз бол­мы­сымен танылды, ашық қоғамға қадам басумен қатар көптеген игі бастама­ларға да мүм­кіндік ашып отыр. Қазіргі таңда әлемнің кез келген елінің кітап-құрал­дарын интернет желісі арқылы пай­далануға, білім беру әдістеме­лері­мен танысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қазақ жур­налистикасы да өзінің даму кезең­дерінде сан қилы зерттеу туындыларын жарыққа шығарды.

Алайда, көп жағдайда журналист ға­лымдар өздері зерттеген салалары бой­ын­ша ғана оқулықтар мен оқу құ­рал­дарын әзірлеп шығарумен шек­те­ліп жүр. Журналистиканың теориясы, баспасөз дизайны, журналистика ме­нед­жменті, тележурналистика теория­сы мен тәжірибесі, медиабизнес, фото­жур­налистика, БАҚ заңдары мен құқық негіздері секілді көптеген сала­лар бойынша оқулықтарды айт­па­ғанның өзінде ғылыми мақалалардың өзі өте сирек кездеседі. Оның өзіндік себептері бар. Айталық: оқу процесіне күнделікті ара­ласып жүрген ғалым­дар­дың оқулық жазып әзірлеуге уа­қыттары жоқ; оқулық жазуға ниет­тенген авторларға көрсетіле­тін қолдау жоқ, атап айтқанда, жазған еңбегі үшін қаламақы төлен­бей­ді, өндірістен қол үзіп шығармашы­лық­пен айналы­суына мүмкіндік жасал­май­ды; жазған оқулықтары мен оқу құ­рал­дары уни­верситеттердің баспахана­ларын­да көп уақыт кезек күтіп, кешігіп жатады.

Сондай-ақ, ғылыми кеңестер тақы­­рып бекіткен тұста ең өзекті әрі зерт­тел­мей жатқан тың салаларға жіті көңіл бөлмейді. Бір кездері баспасөз тарихы­на көбірек ден қойған болса, бүгінде “пәленшекеңнің публицис­ти­касы”, “түгеншекеңнің редакторлы­ғы” секілді қамтитын аясы тар, ма­ңызы төмен та­қырыптармен тым ұсақталып кетті. Сон­дықтан, алдағы уақытта журналис­тика мамандығы бойынша магистрант­тар мен док­торанттарды қабылдағанда, олардың тақырыптарының өзектілігіне жіті көңіл бөлінуі аса қажет.

Аталмыш жайлардың бәрі де бо­ла­шақ журналистерді сапалы әрі қа­жетті оқулықтармен қамтамасыз етуге елеулі кедергі келтіріп отыр. Бүгінде жур­­на­лис­тика теориясының тұжы­рым­дама­ла­ры мен практикалық қызмет­терінің тәсілдерін реформалау қажеттіліктері туындап отырғанда ескі жүйе тұсында жа­рық көрген оқулық­тармен студент­тер­ді алдарқату қи­сын­сыз. Кеңес одағы тұсында жарық көр­ген, бір идео­логия­ның тар шең­бе­рінде тұншықтырылған, әлемдік озық ойдан алшақ, көбінесе компар­тия­ның кезекті съездері мен пленум­дарының шешімдерінен ұзын сонар сілтемелер жасалған, құрғақ уағыздардан тұра­тын оқу құралдары мен әдебиеттерді қазіргі жастардың талғам­дарына сай келеді деуге еш негіз жоқ. Сөйте тұра, оған балама оқулықтар ана тілімізде жасалып үлгермегендіктен жоо-ның көп лекторлары сол оқу­лықтарды немесе Ресейдің әдебиеттерін қол­дануға мәжбүр болып жүр.

Журналистика мамандығына ар­нал­ған оқулықтардың жалпы мазмұ­ны­ның өзі студенттердің шығарма­шы­лық ой өрістерін кеңейтуге, сөй­леу және жазу мәдениеттерін арт­тыру­ларына ықпал етерліктей, оларды ақпарат алу жолын­дағы алғырлыққа, батылдыққа баули­тындай бағытта және жалпы базалық білім беретін пәндермен сабақтасар­лық­тай болуға тиіс. Оның сыртында журна­лис­тика бөлімдеріне сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этика, эстетика, әлеуметтік психология, сая­саттану, экономика, құқықтану секіл­ді пәндердің сапалы оқытылуына айырық­ша назар аударылуымен қа­тар, журна­листерді дәл осы салалар­дың базасында даярлау қажет деп білеміз. Журналист-құқықтанушы, жур­налист-экономист, журналист-сая­саттанушы, журналист-бағдарла­машы, т.с.с. қос ма­ман­дық бой­ынша даярласа, тіпті тиімді болар еді.

Тәуелсіздік жылдарында жарық көр­ген оқулықтардың көбінен тәжіри­бе­лік іс қызметке қажет ақыл-кеңес­тер­ді, бүгінгі БАҚ тыныс-тіршілігінен жанды мысалдар мен жан-жақты мол мағлұмат­тар беретін тың ізденістердің ізін өте аз көреміз. Сондықтан, жоо-дағы әріптестеріміз Ресей оқулық­тары­на ғана бір жақты сүйеніп келеді. Осы орайда АҚШ журналисти­касының тә­жі­рибелік іс қызметке бейімделген, қыс­қа да нұсқа, күрделі ұғымдардың өзін қара­пайым тәсілмен ұтымды түсіндірген, көңілге қонымды әрі тартымды оқулықтарын аударып, қолданысқа енгізудің аса пайдалы екендігін атап айту ләзім.

Журналистика саласы бойынша отан­дық ғалымдарымыз бен әдіскер­лері­міздің туындылары баршылық. Оны жоққа шығарудан аулақпыз. Алай­да, олардың бастырған оқулық­тарының таралымы аз болғандықтан, бір ғана оқу орнының аясынан шыға алмайды, өзге әріптестерге жетпейді. Сонымен қатар, журналистика саласы бойынша шығарылған оқулықтарға, кітаптарға, әдістемелік еңбектерге рецензиялар жа­зыл­майды, талдаулар жасалмайды, мер­зімді баспасөз арқылы насихаттал­майды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет