5-сынып оқушысы
Адамжанова Айгерімнің
қазақ тілі дәптері.
Бұл бастауыш және ортаңғы буын оқушыларының жазбаша жұмыстарын ресімдеу жөніндегі бірыңғай әдістемелік ұсыным ретінде ұсынылады.
Үлгідегі жол жазуының сол қалпында сақталғаны дұрыс.
( сынып 3-жолға , оқушының аты-жөні 4-жолға т.с.с.)
-Пән мұғалімдері тарапынан пән атының дұрыс жазылуына үнемі назар аударылуы тиіс.
-Дәптер сыртының бір түсті болуын мұғалімнің өзі іске асыра алады.
Мысалы: бақылау жұмысы дәптері қызыл түсті, жұмыс дәптері жасыл түсті, шығарма дәптері көк түсті т.с.с.)
-Дәптер сыртын оқушының тек өзі толтыруы тиіс.(Мұғалім немесе ата-ананың толтырып беруі дұрыс емес.)
Оқушы дәптерінің талапқа сай болуын бақылау үнемі іске асырылуы керек.Тоқсанына 1 рет дәптерлер көрмесін ұйымдастыру ұсынылады..
Жазу дәптердің 1-ші жолынан жазылады.Күн санмен жазылғанда мынаны ескеру керек:
Бірінші сан жазылған кезде айдың алдында сызықша қойылмайды.
М: 1 қыркүйек. 25 желтоқсан.
Егер алдымен ай жазылса, онда сызықша қойылады: Қыркүйектің 5-і. Ақпанның 22-сі.т.с.с.
Әріптерді толық меңгерген кезде қазақ тілінен күннің жазбаша жазылғаны дұрыс. Ақпанның жиырма екісі.т.с.с.
Бірінші жолға сабақтың өтілу күні жазылса, екінші жолға сынып немесе үй жұмысы екені көрсетіледі.
Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасынан 2 жол қалдырылады.
Мұғалім бағаны дәптер бетінің сол жағынан үй жұмысынан кейін
( немесе сынып жұмысынан кейін) қалдырылған 2 жолдың 2-сіне қояды да, бағадан соң нүкте қоюы тиіс.
Мұғалім тарапынан баға барлық каллиграфиялық талаптарға сай жазылуы тиіс.
Нұсқа бойынша тапсырмалар орындалған кезде, орфографиялық ережеге сай рим санынан кейін сызықшаның қойылмайтыны тек қазақ тілі мұғалімдері тарапынан ғана емес,басқа барлық пән мұғалімдері тарапынан қатаң сақталуы тиіс.Мысалы: III нұсқа, I бөлім V тарау.т.с.с.
Дәптер саны сыныптағы оқушылар санына сәйкес келуі тиіс.
Дәптердегі баға белгіленген бағалау нормаларына сай қойылуы тиіс.
(толық ақпарат хаттамаға қоса тігіледі)
Сөйледі. Г.Абеуова
Оқушының каллиграфиясы нашар болса, оны мен өзім толтыра аламын ба?. Ал егер дәптердің сыртында қателер жіберілсе мен түзету керек пе?
Дәптерлерді тексеру барысында үй тапсырмасына күнді қою міндетті ме?
Сөйледі. Э.Базылбаева
Бастауыш сатыда 1-сыныпта мұғалім өзі толтыруға болады, ал одан кейінгі сыныптарда оқушы өзі толтытру керек. Оқушының каллиграфиясы нашар болғанда, жеке-дара , асықпай толтырту керек, ал егер сыртында орфографиялық қателер кезедісіп жатса, міндетті түрде түзету керек. Үй тапсырмасына күнді оқушының қалауынша жазуға да болады.
Тыңдалды. Тәрбие ісінің меңгерушісі М.Алина күнделіктерді талапқа сай толтыру ережесімен таныстырды.
(ақпарат хаттамаға қоса тігіледі)
Шешімі: Қатаң есепте тұрған сынып журналын толтыруда жоғарыда аталған ескертулер орындалсын;
Дәптерлердің бірыңғай орфографиялық талаптары орындалсын;