Күтілетін нәтиже: жас мамандар білуге тиіс: жаңа технологиялармен танысады; қазіргі кезеңдегі жұмыс жасауға бағыт-бағдар алады. Оқытудың мақсатын айқындай алады, оңтайлы әдістерн меңгереді, жаңа іскерлік қарым-қатынас құра біледі. Жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс-әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.
Тренинг барысы:
І. Психологиялық дайындық
1. «Жылылық»
Бір-біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық сәттілікпен өткізейік! (жылы лебіз айтуға болады)
ІІ.Топқа бөлу.
Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда.
Тапсырмалар:
1.Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту)
Әркім өз білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады. Адамның даму қабілетінің артуы үшін, алдымен, қайтпас қайсарлық пен төзімділік және еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, ынталылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға, ең алдымен, көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден-бір жолы – білімділік, ізденімпаздық. Алайда адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез-құлқын, жұмысын жай ғана бақылау арқылы өзіне үлгі ете алады. Бақылау нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.