Сандар: өрнектер, жай теңдеулер және қатынастар 1. Теңдеудегі жетіспейтін санды табу (мысалы, 17 + w = 29).
2. Теңдеулер көмегімен мәтіндік есептерді шешу.
3. Заңдылықтарды іздеуге арналған есептерді шешу (мысалы, сандар арасындағы өзара байланысты сипаттау және натуралды сандардың барлық жұбын құру).
Геометриялық фигуралар және өлшемдер Біз әр түрлі пішіндер мен өлшемдердің нысандарымен қоршалғанбыз, және геометрия бізге пішіндер мен өлшемдердің арасындағы қарым-қатынасты визуализациялау мен түсінуге көмектеседі. Бұл тақырыптық бөлім өлшеулерді, координаттық жазықтықты, сызықтарды және бұрыштарды түсінуге арналған. Ол сондай-ақ кеңістіктегі беттің ауданы мен геометриялық фигуралардың көлемін есептеуді қамтиды. «Геометриялық фигуралар мен өлшемдер» мазмұнды саласы екі тақырыптық бөлімнен тұрады:
• Нүктелер, сызықтар және бұрыштар;
• Екі өлшемді және үш өлшемді фигуралар.
Төртінші сыныпта оқушылар сызықтардың, бұрыштардың және әртүрлі геометриялық фигуралардың қасиеттері мен сипаттамаларын, оның ішінде екі өлшемді және үш өлшемді фигураларды анықтай білуі тиіс. Кеңістіктік сезім геометрияны зерттеудегі ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылар әртүрлі геометриялық фигураларды сипаттай алуы және сурет сала алулары керек. Олар сондай-ақ геометриялық қатынастарды талдай білуі және есептерді шешу үшін осы қатынастарды пайдалана білуі тиіс. Оқушылар ұзындығы, бұрышы, ауданы және көлемі сияқты физикалық сипаттамаларды өлшеуге арналған құралдарды пайдалана білуі тиіс, сондай-ақ шаршы және тікбұрыштардың аудандары мен периметрлерін есептеуге арналған қарапайым формулаларды пайдалана білуі керек.
Геометриялық фигуралар және өлшемдер: нүктелер, сызықтар және бұрыштар 1. Ұзындығын өлшеу және анықтау.
2. Параллель және перпендикулярлы түзулерді анықтау және құру.
3. Бұрыштардың түрлі түрлерін анықтау, салыстыру және құру (мысалы, сүйір, тік және доғал бұрыштар).
4. Жазықтықтағы нүктенің орнын анықтау үшін координаттар жүйесін пайдалану. Геометриялық фигуралар және өлшемдер: екі өлшемді және үш өлшемді фигуралар 1. Осьтік және орталық симметрияны қоса алғанда, типтік екі және үш өлшемді геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру үшін қарапайым қасиеттерін пайдалану.
2. Үш өлшемді фигуралардың екі өлшемді көріністерімен арақатынасы.
3. Көпбұрыштардың периметрлерін, квадраттар ауданын есептеу.
4. Геометриялық фигураларды бірдей кубиктармен толтыра отырып ауданы мен көлемін есептеу.