"Жас математик" факультативтік курс (3 -сынып)


«Жас математик» факультативтік курсының



бет8/38
Дата05.10.2023
өлшемі12,71 Mb.
#183868
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
жас математик

«Жас математик» факультативтік курсының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
3 сынып, барлығы 34-сағат (аптасына 1 сағат)



тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе сабақ. «Математика» сөзі қалай пайда болды.

1







«БІЛІМ» блогына берілген есептерді шығару







2

Сандар

1




3

Натурал сандар

1




4

Жай және ондық бөлшектер

1




5

Сандық өрнектер және теңдеулер

1




6

Жазықтықта фигураларды бейнелеу

1




7

Нүктелер, кесінділер және бұрыштар

1




8

Мәліметтерді оқу және интерпретациялау

1




9

Бірізділік және тәуелділік

1




10

TIMSS тапсырмалары. Мысалдарды шешу. Жауаптарды таңдау

1




11

Мәселелерді шешу. Ұқсас сурет салу

1




12

Сынақ тесті

1







«ҚОЛДАНУ» блогына берілген есептерді шығару







13

Натурал сандар

1




14

Жай және ондық бөлшектер

1




15

Сандық өрнектер және теңдеулер

1




16

Жазықтықта фигураларды бейнелеу

1




17

Нүктелер, кесінділер және бұрыштар

1




18

Мәліметтерді оқу және интерпретациялау

1




19

Бірізділіктер және тәуелділіктер

1




20

TIMSS тапсырмалары. Диаграмма

1




21

TIMSS тапсырмалары. Диаграмма

1




22

Сынақ шешімі










«ОЙЛАУ» блогына берілген есептерді шығару







23

Натурал сандар

1




24

Фигураларды бейнелеу

1




25

Мәліметтерді оқу және интерпретациялау

1




26

Бірізділіктер және тәуелділіктер

1




27

Математикалық жұмбақтар мен басқатырғыштар.

1




28

TIMSS тапсырмалары. Диаграмма

1




29

TIMSS тапсырмалары. Мысалдарды шешу. Жауаптарды таңдау

1




30

Мәселелерді шешу. Ұқсас сурет салу

1




31

Жылдам есептеу техникасы.

1




32

Күнтізбемен тапсырмаларды шешу

1




33

Геометриялық жұмбақтар

1




34

Сынақ тесті

1




1-сабақ
Пән: Математика Сынып: 3 Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. «Математика» сөзі қалай пайда болды.
Сабақтың мақсаты:
Математиканың адам өміріндегі басқа саладағы маңызын анықтау, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі мен математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін дәлелдейтін мәліметтер іздестіру, математиканы өмірде қолдана білуге үйрету, математиканың басқа салалардағы орны ерекше екенің айту, математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап, әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына ұшыраспай қоймайтынын, сағатпен еңбек ететінімзді, уақытпен демалатынымзды, тамақты өлшеп пісіретінімізді, есептеп сауда жасайтынымызды ұғындыру.. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, ребустар, жұмбақтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
«Шаттық шеңберін» құруға шақырамын.
-Көңіл-күйлеріңіз қалай? – Керемет!
– Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? – Тамаша!
– Ынталарыңыз қалай? – Ғажап!
– Ендеше сабағымызды бастайық! – О, о, о
Миға шабуыл.



  1. Жемістің бір түрі.

  2. Киелі құс

  3. Қазақстан қалаларының бірі

  4. Жаман баға

  5. Адамға қажет не?

  6. Құстың бір түрі

  7. Үй құсы

  8. Орыс есімі

  9. Түстің бір түрі

  10. Ұлт




  • Өте жақсы балалар, ортаңғы сөзде не жазулы тұр?

  • Математика

  • Жарайсыздар!

  • Ендеше бүгінгі кіріспе сабағымыздың тақырыбы «Математика» сөзі қалай пайда болды.

  • Математика туралы не білеміз?

  • (оқушылардың жауаптары)

  • Математика не үшін керек?

  • (оқушылардың жауаптары)

  • Ендеше математика туралы мәліметтер алайық.



Математика қандай ғылым?
Математика – тарихы ұзақ ғылым. Математика деген атау гректің «mathematike»деген сөзінен туындаған, оның мағынасы бізше «Білім,ғылым» деген сөз.Математика-ұзақ тарихқа ие ғылым, оның тарихы қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты болып, ол төрт кезеңге бөлінеді. Төменде оларға қысқаша тоқталайық.
Бірінші кезең, математикалық білімдердің пайда болуы, қорлануы,жинақталуы дамуы.Бұл дәуір өте ерте ғасырда басталып, біздің дәуірге дейінгі VI-VII ғасырына дейін созылған.
Екінші кезең, математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туылу, қалыптасу кезеңі. Осы дәуірде арифметика, алгебра, геометрия, тригонометриялар айрым теориялық пән болып қалыптасқан. Бұл кезең ХVII ғасырда аяқталған.
Үшінші кезең, айнымалы шамалар математикасы яғни жоғары математиканың ( математикалық анализ, аналитикалық геометрия т.с.с) туылу, қалыптасу кезеңі. Бұл дәуір ХІХ ғасырдың соңғы жартысына дейін жасалған.
Төртінші кезең, осы заманғы математика дәуірі, яғни , «жиын теориясының» жарыққа шыққан кезеңі. Бұл кезең 19 ғасырдың орта тұсынан басталған. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап математика және математикалық логика ғылымының көмегінде компьютер жасалды. Бұл математикадағы ең зор өзгеріс болып, математиканы бір түрлі техникаға, яғни математикалық техникаға айналдырды.
2. Математика-бір салалы ғылым. Ғылым дегеніміз адамдардың ақиқат дүние жөніндегі ақылдық танымдарының жиынтығы.Адамдардың ақиқат дүниені түрліше тұрғыдан танып,түрлішежақтарынан қалыптастырған, түрліше саладағы білімдерінің жүйесі әрі жарыққа шығарған әр түрлі ғылым түрлері. Математика бір салалы ғылым, ол бір түрлі білімдік жүйе әрі берік логикалы ой қорыту арқылы қалыптасқан, ақиқат дүние жөніндегі кеңістік форма және сандық тәуелділік пен ой қорыту формасы туралы теорияланған білімнің жиынтығы. Ол адамдардың «ақиқат дүниенің кеңістік формалары мен сандық тәуелділігі» жөнінднгі танымдарын бейнелеп қана қоймай, оның үстіне адамдардың «ой қорыту формасы» туралы танымдарын да бейнелейді. Математика-жаратылыстық ғылым. Жаратылыстық ғылым болғанда да басқа жаратылыстық ғылымдардың негізгі, ғылымдардың патшасы.
Математика- ойды жетілдіретін ғылым.
Математика адамдарға ой салу арқылы толғандырады,адамдардың ойын жетілдіреді. Басқа ғылымдар да адамның ойын жетілдіреді, алайда кеңдік, тереңдік,жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңестіруге келмейді. Математика адамдарды ойшыл,салмақты болуға,ақыл парасаттылыққа жетелейді.Адамдардың екінің бірінде «Математика ойдың гимнастикасы»деп айтатындары да осыдан болса керек.Бұның өзі математиканың адамдардың ойлау қабілетін жетілдіруде және дамытуда айрықша ролі барлығын түсіндіреді. Ендеше математика ойды зерттейтін, адамның ойын жетілдіретін және дамытатын ғылым екендігі анық.Математиканың бір бұтағы болған математикалық логика арнаулы ой қорыту формасын зерттейді. Арифметика,алгебра,геометрия,дифференциял, интеграл, ықтималдық, статистика сияқты ғылымдардағы негіздік білімдердің барлығы адамның ойын жетілдіретін және дамытатын терең материалдар. Математика ойды дамытатын ғылым болғандықтан,басқа жаратылыстық ғылымдардың негізі болып қалмастан, оларды зерттеуде, дамытуда өшпес үлес қосады.
Физиканың пірі Эйнштейн «Теориялық физика ғалымдары таза математикалық үлгіні меңгерулері қажет,теориялық физиканың жасампаздық принципінің тұрағы математика»-дейді.Олай болса математиканың көмегі болмаса, басқа жаратылыстық ғылымдардың нағыз ғылымға айналуы екіталай. Сондықтан математика өзі жаратылыстық ғылым бола тұра, басқа жаратылыстық ғылымдарды зерттеудің және үйренудің маңызды құралы..
Математика –жаратылыстық ғылымдардан басқа ғылымдардың да құралы.Айталық, математика-экономика ғылымның құралы.
Экономика ғылымындағы көптеген заңдылықтардың барлығы математиканыңбейнелеу формасы арқылы баяндалады. Карл Маркс «Капитал» деген кітабын жазғанда көптеген математика ғылымдарынан үйреніп, математиканы ішкерілей терең зерттеп, үйренгеннен кейін ғана «Капиталды» жазған. Математиканы жетік игермеген адамдардың экономист болуы екіталай.Дүние жүзінде 1969жылдан 1990 жылға дейін 27 экономика ғалымы Нобель сыйлығын алған. Осының ішінде 14 ғалым әр түрлі математикалық әдістерді қолданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет