Сабақтың тақырыбы Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік



Дата14.10.2019
өлшемі24,98 Kb.
#49845
түріСабақ
Байланысты:
12-тура-кері

Бекітемін: Н.Тәңірбергенұлы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1АҚатынастар және пропорциялар

Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ

Күні: 17.09.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбосынов А

Сынып: 6 Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.2. Қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру,есептер шығару.

6.1.1.3. Қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру.

6.5.1.1.Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару.


Сабақтың мақсаты

- қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсінеді;

-тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысалдар келтіре алады;

- тура және кері пропорционалдықты есептер шығаруда қолдана алады;

- тура және кері пропорционалды шамаларға берілген есептерді ажырата алады



Бағалау критерийі

- қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсінеді;

-тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысалдар келтірді;

- тура және кері пропорционалдықты есептер шығаруда қолданады;

- тура және кері пропорционалды шамаларға берілген есептерді ажыратады



Тілдік мақсаттар


Пропорция, тура пропорционалдық тәуелділік, кері пропорционал шамалар

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтары:

ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау, айналадағы адамдарға деген құрмет



Пәнаралық байланыс




Алдыңғы білім


тура пропорционалдық тәуелділік, кері пропорционалдық тәуелділік,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру:

Таза тақта әдісі: Үй тапсырмасын тексеру


Қайталау сқрақтары:

  1. Тура пропорционал тәуелділік дегенеміз не?

  2. Кері пропорционал тәуелділік дегенеміз не?







Сабақтың ортасы


Жұптық жұмыс:

1 есеп:

Жеңіл көлік тұрақты жалдамдықпен 4 сағатта 300 км жол жүрді.



  1. Егер 7 сағат жүретін болса қанша км жол жүреді

  2. Егер 750 км жол жүрсе, неше сағат кетеді?

Дескриптор:

- берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;

- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша жүрілген жолдың өзгерісін есептейді.

- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша уақытты табады;


2-есеп

Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған.

a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек?

b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді?



Дескриптор:

- берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;

- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;

- комбайн санын есептейді;

- кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді.
Жеке жұмыс: Тест

1. 30 кг алмадан 27 кг алма тосабы шығады. 50 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болады?

A) 50 кг B) 40 кг C) ж45 кг D) 48 кг E) 32 кг

2. 90 сиыр 88 күнде жейтін азықты 99 сиыр неше күнде жейді?

A) 96,8 B)100 C) 80 D) 75 E) 64

3. Бес жұмысшы бір жұмысты 12 сағатта бітіреді. Осы жұмысты 10 сағатта бітіру үшін неше жұмысшы қажет болатынын анықтаңыз.

A) 12 B) 10 C) 8 D) 6 E) 5

4. 3 минутта станок 18 бөлшек өндіреді. Станок 10 минутта неше бөлшек өндіреді?

A) 36 B) 40 C) 54 D) 60 E) 72

5. 4 тігінші 15 күнде 20 көйлек тігеді. Өнімділігі осындай 2 тігінші 9 күнде неше көйлек тігеді?

A) 5 B) 6 C) 7 D) 8 E) 10
ҚБ: оқушылар өзін өзі-бағалайды




Сабақтың соңы

ҮТ: 135, 138

Рефлекция: БББ






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Қарқын, нәтиже

Мұғалімнің бағалауы

Сынып тазалығын тексеру

және тақта мен парта ара қашықтығын қадағалау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет