«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық іс- əрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі бейімделусіз өтпейді
Отбасына бейімделу жоғарыда көрсетілген компонеттерді қосады жəне отбасылық өмірмен танысу процесінен басталады. Ал, ерлі-зайыптылардың бейімделуі деп отбасылық өмірге немесе күйеуі мен əйелінің бір-біріне бейімделуі процесін атаймыз. Осы кезең күрделі, өйткені жас ерлі-зайыптылардың тұлғасында өзгерістер болады, қажеттілік- мотивациялық сфералары қайта құрылады, жаңа өзіндік сана деңгейі қалыптасады, əлеуметтік ортамен жаңа байланыстар жасауды (қарым-қатынас) қажет етеді. Е.С. Калымова отбасылық өмірдің алғашқы жылының мəселелері туралы айта отырып былай дейді, «бірлесіп өмір сүрудің алғашқы бір-екі жылында – қарым-қатынастың индивидуалды стереотиптері қалыптасады, құндылықтар жүйесі сəйкестендіріледі». Осы кезеңде келесі міндеттер шешіледі:
отбасы құрылымының қалыптасуы,
ерлі-зайыптылардың арасында функциялардың (рөлдердің) бөлінуі,
жалпы отбасылық құндылықтарды қалыптастыру.
Ерлі-зайыптылардың қатынасының сипаты олардың отбасылық құндылықтарымен ролдік көзқарастарының яғни кім белгілі бір отбасылық сфераны жүзеге асыруының сəйкес келу деңгейіне тəуелді. Отбасылық функциялар тұлғаның санасына ене отырып, отбасылық құндылықтардың бағдары ретінде көрінеді. Құндылықтар иерархиялық шкаланы қалыптастырады. Ерлі-зайыптылар отбасылық құндылықтар шкаласына сəйкес белгілі бір отбасылық функцияны бірініші орынға шығарады. Отбасылық құндылықтардың əртүрлі болуы, ерлі-зайыптылардың рөлдік сəйкес келмеуінің бір себебі болып табылады. Ерлі- зайыптылардың отбасылық құндылықтарының сəйкес келмеуінің себебі – бұл олардың отбасындағы тəрбие ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Отбасылық құндылықтардың сəйкестігі ерлі-зайыптылардың рөлдік мінез-құлығының əр түрлі болуына кепілдік бермейді. Ерлі-зайыптылардың рөлдік мінез-құлығының адекваттылығы рөлдік күтімдердің (күйеуімен əйелінің отбасындағы белгілі бір функцияны белсенді түрде орындауға деген бағдары) рөлдік талаптануыға (ерлі-зайыптылардың отбасылық рөлді орындауға деген дайындық) сəйкес келу деңгейіне байланысты. Негізгі отбасылық функцияларды жүзеге асыратын рөлдік бағдар адамда некеге дейінгі кезеңде қалыптасады. 13-17 жастағы оқушыларда отбасылық құндылықтар, рөлдік мінез- құлық моделі туралы көзқарастар қалыптасады. Жастарда болашақ отбасылық өмір туралы көзқарас ата-аналық отбасының əсер етуімен қалыптасады. Анасының рөлдік мінез-құлығы қызының болашақта əйел жəне ана рөлін орындауға əсер етеді, ал əкенің рөлдік бағдары баласында болашақ отбасылық өмірде жүзеге асыратын рөлдік мінез-құлығын қалыптастырады. Кейбір неке-отбасылық бейімделу сипаттамалары əлеуметтік перцепция зерттеулері бойынша карастырылады. Осы бағыттың жұмыстарында жас ерлі-зайыптылардың 1,5 - 2 жылға созылған бейімделу кезеңінде тұлғааралық қабылдау ерекшеліктерінде айтарлықтай өзгерістер болатындығы туралы айтылады. Болашақ жарды таңдау бір қатар факторлардың əрекеттесуімен анықталынады, соның ішінде əр адамда болатын болашақ жары туралы иеалды көзқарасты айтуға болады. Иеалды көзқарасты қалыптастыруға əдебиеттер, кино кейіпкерлері, əлеуметтік стереотиптер жəне референтті топтың идеалы əсер етеді. Жұбайына деген көзқарастың адекваттылығы неке одағында өз зайыбының реалды жəне күтілетін мінез-құлық арасындағы сəйкестікті қамтамасыз етеді, ал бұл отбасындағы адаптацияның жүзеге асуы үшін маңызды.
Сонымен неке-отбасылық бейімделу ерлі-зайыптылардың бір-біріне, отбасылық өмірге бейімделу процесі ретінде қарастырылады, осының нəтижесінде тұрақты отбасылық əдет- ғұрып, тұрмыстық, психологиялық рөлдер бөлінеді, бір-бірімен қарым-қатынас жасау стилі т.б пайда болады. Екі əр түрлі «меннің» «біз» бірлігіне бірігуі ерлі-зайыптылардың бірін-бірі танудан жəне түсінуден басталады. Əрине бұл некеге дейінгі кезеңде басталады. Жастар некеге дейін бір-бірі туралы көп нəрсені біліп үлгерді, бірақ некеге дейінгі «көп» бұл айсбергтің жоғарғы бөлігі ғана. Бір-бірін сүйгендер əдейі немесе еріксіз түрде бір-біріне көбірек ұнау үшін жақсы жақтарын ғана көрсетеді. Ал күнделікті бірігіп өмір сүру ерлі- зайыптылардың тек қана жақсы қасиеттерін емес сонымен бірге негативті жақтарында көрсетеді.
Жас отбасының мəселелерін талдау барысында мамандар мынандай қорытындыға келеді: неке құрған жігіттер мен қыздар бірлесіп өмір сүру барысында кездесетін қиыншылықтарға толық дайын емес, ерлі-зайыптылық кемелдену жеткілікті деңгейде дамымаған. М.Земска бойынша физикалық, психикалық жəне əлеуметтік кемелдену түрлері бар. Физикалық кемелдену адамдарға ана жəне əке болуға мүмкіндік беретін, организмнің биологиялық даму деңгейі. Осы кемелдену түрлерінің маңыздысы бұл психикалық жəне əлеуметтік кемелдену болып табылады. Психикалық кемелдену бұл ақыл-ой мен эмоционалдық деңгейдің дамуы, адамның басқалар үшін жауапкершілікті алу қабілеттілігі. Психикалық кемелденудің көрсеткіші жетілген махаббат сезімі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |