Семинар Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы



бет1/6
Дата26.03.2022
өлшемі38,72 Kb.
#136853
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 семинар


25.03.2022 ж
Физика-информатика 101
Тұраш Аружан Ахметалықызы
9-семинар
 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы.
 1 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегі
Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі төртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына ерікті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанның 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды. Өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Үш жылда бір рет мұнда ғаламшардың «ыстық нүктелеріндегі» дінаралық шиеленісті бәсеңдету тетіктерін қалыптастыру және өзара түсіністікті іздеуге жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. 2003 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: «Өзі де көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократия негіздерін қалыптастыратын толеранттық пен құрмет құндылықтарын алға жылжыту үшін Орталық Азиядағы достарымызбен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетеді», деген еді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет